+2 дауыс
6.5k көрілді

5 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

Өзбек актері емес пе?! Голливудқа бара жатқанын оқығанмын.

Аты жөні: Ұлықбек Насырович Қадыров
Туылған күні: 1983 жылы 3 тамызда
Туылған жері: Ташкент қаласы
Отбасында: 5 баланың кенжесі. Исломбек, Феруза, Азиза, Дильфуза және Ұлықбек;
Білімі: Ташкент қаласындағы 34 мектепті тәмәмдаған
Ұнататын машинасы: Мерседес және БМВ
Ұнататын тағамы: Палау
Ұнататын түсі: қара
Өмірлік ұстанымы «Әрқашан алға!»
Жұмыс орны: Өзбек драма театры
Алғашқы рөлі: «Айол зоты» да Бобур Юлдашевпен бірге ойнаған.
Екінші үлкен рөлі: Мурод Ражабовтың «Академия» фильмі
Халыққа танымал қылған рөлі: «Сарвиноз» дағы Әділ образы
Ұнататын спорт түрі: Күрес. Бір кездері күресте аяғын сындырып алған
Ол үшін ең бастысы: әке-шешесі, жақындарының аман-саулығы және сүйікті кәсібі
Арманы: Махаббат
Бос уақытында детектив жанрындағы кітәптар оқиды
Сахнаға алғаш өнер институтының 2 ші курсында оқып жүргенде «Гамлет», «Король Лир» және басқа да спектакльдерде ойнаған;
Шекпирдің «Гамлет» шығармасындағы Гамлетті, «Ромео мен Джулетта» шығармасындағы Ромеоны ойнау арманы.
Үлкен экранға шыққан кинолары: «Сарвиноз», «Бақыт үшін миллион» – Әділ, «Фатима мен Зухра» – Шохрух, «Девона» – Шодивой, «Ойын» – Жамшид, «Шаббона» – Бахром, «Жаза» – Жасур, «Панох», “Шабнам” – Бобур, “Ғашықтар”, “Ұры келін”;
Ол үшін ақша: Еш нәрсе. Қолдың кірі, бүгін бар, ертең жоқ;
2005-жыл: Ол үшін өте жемісті және есте қаларлық болды. Сол жылы ол «Жылдың ең жақсы жас актері» номинациясында жүлдегер болған;
2004-жыл: Әкесі дүниеден өтті;
Ең көп таралған өсек: Shahzoda екеуі үйленеді екен деген;
Пікірі: Актер театрда «піседі»; «Пешенеге не жазылған болса, ешкім одан қашып құтыла алмайды»;
Кинодағы рөлінен бөлек, дубляж да жасайды.
Актермін деп айта алмайды, өйткені еркекке қырық өнер де аз;
Ырымға сенбейді;

http://kaldykyz.wordpress.com блогынан алдым. Қалдықыз, айып етпессіз.

Айып етпеймін, сілтемесін берген екенсің, рахмет )
+1 дауыс

Қандай Ұлықбек? Ондай адамдар көп қой. Тарихта бұрын өмір сүрген Ұлықбек те, қазір де Ұлықбектер жетерлік.

негізі  Мұхаммед Тарағай Ұлықбек жайлы мағлұмат керек еді! интернетте  өте аз екен. содан осында жазғам! бірақ өзбек актерінің өмірі қызықтырып жіберді ғой smiley

angelАты -жөнін толық жазғанда ертерек жауап берер едім.

көңіліңізге рахмет
+1 дауыс
Сұрап отырғаның Ақсақтемірдің ұлы астроном немересі-Ұлықбек жайында шығар?
я сол кісі жайлы!  маган  астрономия саласындағы еңбектері керек!
+2 дауыс
Ұлықбек Мұхаммед Тарағай (22.3.1394, Султания қ. маңында, -27.10.1449) -Орта Азияның мемлекет қайраткері, оқымысты ағартушы. Шахрухтың ұлы, Ақсақ Темірдің немересі. 4 жылдан астам уақыт Орта Азия мен Қазақстанның бірқатар өлкесіне әмірлік еткен. Ол-әйгілі астрономиялық мектепті ұйымдастырушы, заманында теңдесі жоқ обсерваторияның негізін қалаушы. Ұлықбектің еркін ойы мен ғалымдығы дін иелері ниетіне керегар келді. Сөйтіп ол зұлымдықтың құрбаны болды. Ұлықбектің маңына Руми Қазы Заде, әл-Кәши, әл-Құсшы, т.б ірі ғалымдар топтасқан. Ұлықбек обсербаториясының ең басты еңбегі-" Жаңа асторономиялық таблицалар"("Ұлықбек Зиджі"). Ол 4 бөлімнен тұрады: календерьлар туралы; уақыт өлшеу жөнінде; планеталардың қозғалысы; асторномиялық басқа мағлұматтар.  Мұнда асторномияның теориялық негіздерімен қатар 1018 жұлдыздың орны(координаты) көрсетілген каталог жасалған.  Астрономиялық еңбектері 17 ғ-н бастап Европа елдерінде кеңінен мәлім болды. Жұлдыздар каталогы 1665 ж. Оксфордта басылып шықты.

Қазақ СССР энциклопедиясы. 3-том.
Ал бір қызығы, соның таблицасын әлі күнге шейін қазіргі астрономдар қолданады екен...
0 дауыс
Ұлықбек бұрынғы замандағы физик емес пе
...