+2 дауыс
3.0k көрілді
прошивка деген не, не ушин колданылады ?

5 жауап

+6 дауыс
Прошивка деген -*а ұялы телефоныңыздағы программалары ғой. Прошивка жасағанда соның бәрін жаңартады. Біз жақта кей біреулер жұрттарға прошивканы 5000 теңгеге жасап береді. Оларды қайдам, мен өзім менен сұрағандарға тегін істеп беріп жүрмін. Сырттай қарағанда прошивка жасау деген қиын болып көрінгенімен бұл тым оңай.
 Прошивка жасау үшін көп нәрсе істеп жатудың қажеті де жоқ. Загрузкасына шамалы біраз уақыт кетеді демесең, басқа ешқандай қиындығы жоқ. Әңгіме сөзді көп соза бермей прошивканы қалай жасайтынын бірден айта кетейін:
 Ең бірінші кезектен бізге Nokia Ovi Suite бағдарламасы керек. Ол бағдарламаны мына сілтеме арқылы жүктеп алуға болады. Сілтемеге өткен бойда сайт парағының ең төменгі жағынан «Загрузить для Windows» деген жерден жүктейсіз.
 Ол бағдарламаны жүктеп алғаннан кейін «установка» жасайсыз. Бағдарламаны орнатып болғаннан кейін ұялы телефоныңызды компьютерге USB шнуры арқылы қосыңыз. Программа телефонды тауып алады. Программаның жоғарғы жағынан Обновление деген пернені тауып аласыз. Соның ішінен ұялы телефоныңызға обновление жасайсыз. Загрузка біткенше телефоныңыз ажырап кетпеу керек. Өшіп қалмау керек. Егер загрузка жүріп жатқан кезде телефоныңыз өшіп қалса немесе ажырап кетсе телефон істемей қалады жарамсыз болып. Загрузканы соңына дейін күтін болғаннан кейін телефоныңызды ажыратып көрсеңіз ішінде бәрі жаңарып қалады. Міне соны жұрттар — прошивка деп атайды. Айтарлықтай білімнің қажеті де жоқ. Прошивка жасамас бұрын резервной копия жасап қоюға кеңес беремін. Өйткені прошивкадан кейін телефоныңыздың ішіндегі бәрі жойылып, тазарады.*
Ол бағдарламаны мына сілтеме арқылы жүктеп алуға болады - деп жазыпсыз, біріқ сілтемесін жазбапсыз ғой?
Айкедоку көрмесін бұны,сілтемесін көрсетіп жібер,
неліктен Айкедоку көрмесін дегенсіз?
Себебі Пари Айкедоку деген блогшының жазбаларын пайдаланған.
+1 дауыс
Прошивка деген не?
Телефоннның прошивкасы деген – бұл ұялы телефонның бағдарламасын ауыстыру болып табылады.  
Не үшін қолданылады?
Прошивканы қолданудағы мақсаты телефонға соңғы шыққан бағдарламаларды орнату немесе телефоннның бағдарламасындағы ақауларды жою болып табылады. Егер сіз өз телефоныңыздың қоғаныс паролін ұмытып қалсаңыз Прошивканы телефонның қорғаныс паролін бұзу үшін де қолдануға болады.  
Прошивканы арнайы бағдарламалар арқылы жасайды мысалы Phoenix.

Телефонға прошивка жасағанда шығатын нәтижелер мыналар:

    бағдарламаның жаңаруы, қателердің жойылуы;
    интерфейстің өзгеруі (суреттер, өлеңдер, заставка, түстер схемасы);
    пернелердің қызметтері өзгереді;
    камераның түсіру сапасы жақсарады;
    дыбыстардың ойнатылуы жақсарады.
+1 дауыс
Прошивканы қалай қою керектігі [мына жерде][1] жазылған.


  [1]: https://surak.baribar.kz/125950/
+1 дауыс
Прогивка қарапайым сөзбен жеткізгенде компьютердің ВИНДОВСІ сияқты бағдарлама!!! Басты бағдарламасы!!!
+1 дауыс
Анық жазылған ----> http://aitaber.kz/blog/bagdarlama/2397.html#comment33902
...