0 дауыс
3.5k көрілді

1 жауап

+2 дауыс
Конгресс кітапханасы – АҚШ-тың ұлттық кітапханасы және әлемдегі ең ірі кітапханалардың бірі. Ол Вашингтонда орналасқан. АҚШ Конгрессінің ғылыми кітапханасы болып есептеледі. Конгресс Кітапханасы 1800 жылы 24 сәуірде АҚШ президенті Джон Адамс мемлекеттің астанасын Филадельфиядан Вашингтонға ауыстыру туралы заңға қол қойған кезде құрылған
Жыл сайын кітап қоры 1-3 миллион сақтау бірлігіне дейін өсіп тұрады. Сканерлеу жылдамдығы күніне 75-200 құжаттарды құрайды.
Конгресс Кітапхансында 1460 орынға арналған 18 оқу залы бар. Конгресс кітапханасының 1958 жылдан бастап ай сайын шығып тұратын анағұрлым маңызды библиографиялық көрсеткіштерінің бірі «Национальный сводный каталог» («The National Union Catalog») және АҚШ кітапханасында сақталған кітаптардың жиынтық каталогы.
Мұнда, сонымен қатар 5500 аса инкунабулдар (Гутенбергтің Библиясын қосқанда), Т. Джефферсонның және басқа АҚШ президенттерінің кітап жинақтары, қытай және жапон туындыларының әдебиеттерінің коллекциялары, сирек кездесетін америкалық басылымдар коллекциялары сақталған.

Ұқсас сұрақтар

...