*Ескеретін жәйт:* -Ұялы телефонмен мүмкіндігінше қысқа сөйлесу керек. Қажеті жоқ әңгімеден аулақ болу керек, жақын жерде тұрақты телефон болса соны қолдану керек.
-Ұялы телефонмен сөйлескен кезде балалардан алыс жерде болу керек.
-Аяғы жүкті әйелдер ұялы телефон қолданбауы керек, үйде ұялы телефон жабық ұсталуы қажет.
-Әсіресе нерв жүйелеріне әсер ететіндіктен балалардың ұялы телефон қолдану жастары кешіктірілуі керек. /18 жастан бұрын қолдану ұсынылмайды./
-Ұялы телефон құлаққап арқылы қолданылуы тиіс. Осылайша ұялы телефорнның мидан алыс болуы қамдалуы керек.
-Телефонның сөйлесуден басқа ерекшеліктерін қолданудан қашқақтау керек.
-Ұялы телефон арқылы қысқа сөйлесу әдетке айналу керек, қысқаша мағлұмат берілетін кезде SMS қолданылуы керек, ұзын мерзімді сөйлесуді насихаттайтын кампанияларға кедергі жасалуы қажет.
-Ұялы телефондар ең көп радиация таратқан кез – телефон шырылдаған кез және сіз терген номерге байланыс құрған кезі. Сол кездерде телефонды басыңыздан алыс ұстауыңыз керек. Телефонды ашқаннан 1-2 секундтан кейін жихазды құлаққа жақындату ең сенімдісі.
-Қарапайым телефон, яғни кабельді телефон болса сонымен сөйлесу керек, осындай телефон болған кезде ұялы телефон жабық тасталуы керек.
-Топтық тасымал көліктерінде электрондық хабарласу жүйелері болымсыз әсер етеді. Сондықтан жол апатынан аулақ болу үшін көліктерде ұялфы телефон жабық ұсталуы қажет.
-Телефон сатып алған кезде SAR көрсеткіші барлары таңдалуы керек. Өндірушілер телефондардың SAR көрсеткішін қорабының үстіне жазу тақырыбында мәжбүр болуы керек. Қолданушылар жихаз таңдауда саналы болуы қажет. SAR көрсеткіші 0,1 W/kg және одан да төмендері таңдалуы керек.
-Көлік жүргізіп отырған кезде телефон қолданбау қажет. Жедел түрде сөйлесу керек кездерде де көлік сенімді жерге тоқтатылып, сөйлесу керек.
[Мәлімет,][1] [Тағы мәлімет,][2] [Және Ұялы телефонның зияны туралы маманмен сұқбат][3]
[1]: http://www.atr.kz/?p=4834
[2]: http://www.aorda.kz/?p=10597
[3]: http://www.azattyq.org/audio/Audio/313203.html