0 дауыс
585 көрілді
Сілтеме емес!Жәй өз сөздеріңмен қысқа да нұсқа!Тарих!
2.Мәдениет
3.Идеология

1 жауап

0 дауыс
Міне мәдениет  
Сақтар аң стилін Алдыңғы Азия мен Иранға жорық жасаған кезінде қабылдаған. Бұл өнер б.д, д. 7-6 ғасырда қалыптасқан. Аң стилі дегеніміз түрлі жануарлардың бейнелерін дыс-аяққа, киімге, тұрмыс заттарына, түрлі әшекейлерге, қару-жараққа салған. Сақтар күнге, найзағайға, жел-дауылға табынған. Сақтар мифологиясында сәйгүлік ат күнмен, отпен байланысты болған. Дүниені жаратқан көк тәңірісі Митра, жердікі Варуна, жер астыныкі Индира секілді құдайлар болған.

Міне идиалогия
Далалық өркениет Күнге, табиғат күштері мен көсемге, яғни әскери жолбасшыға табынуға негізделген өз идеологиясын жасады. Осының барлығы "аң стиліндегі" олардың қайталанбас өнерінде көрініс тапты. Ерте темір дәуірі көшпелілердің идеологиясымен танысу үшін "Есік" қорғаны бірегей мүмкіндік береді. Сақтардың өз мифологиясы болған, ол "Алтын адамның" киім композициясында, оны жерлеу жоралғысында көрініс тапты. Оның басында тымақ тәріздес желкелігі бар, төбесі шошақ, биік бөркі болған. Бас киіміндегі бейнелер символикалық мәнге ие болды. Жауынгердің бас киімін айналдыра тігілген "алтын таулар" мен "ағаштар" дүниенің келбетін көз алдыңа елестетеді. Бас киімнің жоғары жағындағы алтын қойдың бейнесі Митра Құдайының кеңінен таралған рәмізі. Шаншылған алтын жебелер күннің сәулесі болып есептеледі." Алтын адамның" өзі Күн Құдайымен теңестірілді. Бас киімнің беткі жағындағы алтын жебе, ешкі мүйізді, алтын қанатты пар ат эмблемасы "патшалықтың белгісін" білдіреді. Бұл белгі К.А.Ақышевтің пікірінше, барлық бейнелерді бір жерге топтастырады: құс — жоғарғы әлем, аспан; ат — ортаңғы әлем, жер; ешкі — төменгі жақ, жер асты әлемі; қанатты жебелер — Жердің 4 тарабы. Бұл рәміз көсемнің билігі туралы және оған бағынышты қоғам құрылымы туралы түсінікті бейнелейді. Сақтарда жоғары билікті осылайша негіздеу тұжырымдамасы қалыптасты.
Мәдениет бөлек,сақ бөлек қой
...