Күнделікті қолданыстағы дәрі-дәрмектердің аты мен олардың қандай кезде қандай ауырғанды басатындығы туралы анақтамасымен жазып бере аласыздар ма?

+3 дауыс
22.1k қаралым
<strong style="color: red; font-size: 16px; ">Жауап бергенде өтініш. Басқаларға зияны тиіп кетпесін, нақты ақпарат берсеңіздер екен. Білмесеңіздер жауап бермеулеріңізге болады. </strong>

Мысалы кейде үйде жалғыз болғанда бас ауырып тұрғанда Цитрамон дәрісін ішемін. Бас ауырғанда қойдырады.  Катанавтың да қызметі сондай.

Маған басқа үйде көп дәрі дәрмектің қызметі қандай? қалай қолданады? Дәрінің аты - қалай қолданады? Осы сұрақтарға біршама жауап бере алатын адам бар ма екен?

Парацетамол, Аналгин, Амбецелин т.б. дәрі дәрмектің аты көп қой. Осы дәрілер т.ь. дәрі дәрмектің атын қосып жазып берсеңіздер, үйде өзім қолдана беретіндей болсам. Рахмет!
Денсаулық

3 жауап

+4 дауыс
Жақсы жауап
Дәріні қолдана беруге кеңес бермер едім... Бауырыңызды құртады, сіздің ішкен кез келген дәріңіз, алкогольді суусын да бауырдан өтеді, яғни, зақымдап өтеді...
 Сонда неге дәрігер дәрі жазып береді? не үшін фармоцевтикада дәрі өңдіріледі? деп ойлаған шығарсз... Қарапайым тілмен айтсам, медицинада стандарт деген болады, олар өте көп, мынадай науқас келгенде былай жасау керек, мынадай дәрі тағайындалуы керек дегендей. Егер бір жақсы дәрігерден сұрасаңыз ол мүлдем дәрі ішпегенін айтады. Тек қырық жастан асқан кезде бір түйір асперинді төртке бөліп төрт күн ішу керек, Бұл не үшін? Бұл... Өзіңізде байқаған боларсыз ер кісілер көп жағдайда әйел кісілерден ұзақ өмір сүрмейді, оның себебі ер кісілердің темекі шегуінен, иә, ол да бар, бірақ кейбір ер кісілер шекпесе де ұзақ өмір сүрмейді, СЕБЕБІ ер кісілердің қандары қою болып келеді де, әйел кісілерде сұйық болып келеді, ал асперин ол қанды сұйылтады. Сол қырық жастан асқан кезде ер кісілер асперинді жоғарыда жаза кеткенімдей ішу керек, өкініштісі, бұны көпшілігі ескермейді, мән бермейді...
Нақты жауапқа келер болсақ... көп қолданылатын...
1. Қазргі аптекаларда "цитрамон П" дегендер болуы керек, құрамында ацетилсалицил қышқылы және парацетамол бар, парацетамол ауырғанды басады, ацетилсалицил қышқылы ыстықты түсіреді (39-С аспаса ішуге кеңес бермер едім, жазсам бұл да тым ұзарып кетер...)
2. Анальгин - ауырғанды басып, ыстықты түсіретін қасиеті бар
3. Темпалгин - тіс, бас ауырғанда, жарақаттан кейінгі ауырсынуда, күйік болғандағы ауырсынуда және т.б. қолданылады.
4. Новокаин - инъекция арқылы ауырсынуды басады, ампулада болғандықтан медицина қызметкері жоқ үйде қолданылмайтын шығар, *оны былай қолдануыңызға болады*, ампуланы ашып/кесіп/сындырып кішкене мақтаның үстіне ампуланы құйып, ауырған тістің үстіне бассаңыз болады.
5. ))) қызық нәрсе таптым) есіме түсір кетіп, уйді ақтарып жүріп әрең таптым ау... Сайтқа қалай таблица құруға болады екен...*
-
/////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////
Дәрінің сыртын оқысаңыз міндетті түрде латын әріптерімен жазылған атауы болуы керек, яғни, халқаралық атауы, соның арасында егер:::::
-aesth- деген болса онда олар анестезиктер, ауырғанды сезірмейтін дәрілер
-сain- жергілікті ауру сезімталдылығын басатын дәрілер
-alg-, -dol- ауруды басатын дәрілер
-cor- -card- жүрек дәрілері
-chol- -bil- өт жүргізетін дәрілер
Bard- барбитураттар, яғни, ұйқы туғызатын дәрілер
Lax- слабительные (тура аудармасын білмедім)
-ur- зәр жүргізетін дәрілер
-sed- седетивные, тыныштандыратын дәрілер
-io- құрамында йоды бар дәрілер
-allerg- аллергияға қарсы дәрілер
-heam- aem- қан тоқтататын дәрілер
-pur- ыстық түсіретін дәрілер
-cillin- антибиотиктер, пенициллиндер
-cyclin- антибиотиктер, тетрециклиндер
-cid- микробқа қарсы
-gluc- -giyc- тәтті дәрілер, глюкозалар
Бұндайдың тағы көптеген түрлері бар, мен арасынан жиірек кездесетін түрлерін жаздым, менде де толық емес...
Интернеттен тапқандар болса, жаза кетсеңіздер алғысым шексіз!
*Түсінбеген жерлер болса түсіндіруге тырысамын*
Дәрілерді орыс халқы "одно лечит, другое калечит" дейді ғой, өте орынды айтылған!
Тамаша Жауап. Маған ұнады, басқа да қолданушылардың жауабын көрейік. Егер басқа да толыққанды жауап болмаса, Димеке жауабың жақсы жауапқа бірден-бір жауап. Рахмет!
Керемет! Мя, осы жазғандарыңды бір параққа көшіріп, өзіме шығарып алмасам, пайдалы мәлімет екен..
Темірді ыстық кезінде соқ дейді ғой)) жаза салайын
Алдымыз жаз, іш ауруы жиірек болады, оның үстіне тағамнан улану /тағам токсикоинфекциясы/ кімді болмайды дейсіз... Осы аталған аурулар адам иммунитетін төмендетіп, ағзаны әлсіретеді.
Мен секілділер жедел жәрдем шақырғысы жоқ... Сонда не істеу керек?
1. Ең алдымен үй жағдайында болуы керек дәрі" белсендірілген көмір" /уголь активированный/.
Оны салмағыңызға байланысты ішесіз, яғни, әр 10 кг-ға 1 таблетка (мыс: 70 кг 7 таблетка)
Оның әсері, ағзадағы токсинді өзіне тартып алып, өзімен бірге сыртқа шығарады.
2. Мейлінше суды көп ішу керек, тым көп іше берсеңізде болады, ол токсинді азайтады.
3. Иммунитетті жоғарылату, яғни, манағы белсендірілген көмір ағзадағы токсинмен бірге дәрумендерді де сіңіріп алады. Көп жағдайда ұшынғаннан кейін /отравлние/ ұшық /герпес/ шығуы сондықтан. Герпес вирусы барлық адамзаттың 98 пайызында бар, ол ағза әлсірегенде ғана шыға бастайды. Ұшық көп шықса йод т.б. қолдана бермей иммунитетті күшейту керек.
*//сұраққа қатысы жоқ, сондада артықтық етпес)//*
Айтпақшы, жоғарыда айтқан дәрім тым арзан, сондықтан артық етіп сатып алып қоя салсаңыздар болады.
Артық етпейді, жаза түс, жаза түс!
Рахмет))
+2 дауыс
![description][1] Тұмау ауруына бірден-бір ем болатын сироптардың бірі, 3 айдан асқан балаларға арналған, (кішкентай балаларға деп ұялып ішпейм деп жүрмеңіздер) өзім тұмаулап бастасам бірден осы сиропты ішем, күніне 3 рет ішеміз, тамақтың алдында!!!


  [1]: http://t0.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcTC4LU9R-yq4PUert1xJebfyGHucHDBf6uxAc-PepIM3mugsWs1-swjJqE
+2 дауыс
Анальгин дәрісі:

Қызу түсіретін, бас ауруын жазатын қасиеті бар. Алайда бұл дәрі түрін жүрек айныту әсерінің өте жоғары болуына байланысты 1991 жылы Дүниежүзілік денсаулық ұйымы (ДДҰ) қолданбау туралы ұсыныс жасаған. Себебі ол адамды жұқпалы инфекциядан иммунологиялық қорғанышсыз қалдыратын көрінеді. Осыдан кейін әлемнің 39 елінде тіркеуден алынып тасталған. Аталған дәрі Қазақстанда әлі күнге дейін қолданылып келеді.

Парацетамол:

ДДҰ ескертуіне қарағанда, оның құрамында 150-ден астам антибиотиктер бар. Осыдан барып оны жиі қолданатын адамның бойында антибиотикті сіңірмейтін қасиет пайда болады.

 [Дәрілерді қалай дұрыс таңдау керек?][1] және [Біз осы қандай дәрі ішіп жүрміз?][2]


  [1]: http://www.amansaulyk.kz/kz/deyatelnost/lecarstva/lecarstva-issledovania/1389/
  [2]: http://www.namys.kz/?p=6920
127,667 сұрақ
322,157 жауап
153,245 пікір
72,695 қолданушы