Арман, уайымдамаңыз! Егер қызыңыз шын мәнінде сізді жақсы көрсе, ондай жағдайларға бола тастап кетпейді деп ойлаймын. Шындықтың аты - шындық. Қандай болмасын ақиқат бәрі бір ашылады. Сондықтан жақын уақытта, мейлінше тез арада айтқаныңыз абзал. Басқа біреуден естігенше, өзіңізден естігені дұрыс қой. Сізге деген сезімі шынайы, пәк, мөлдір болса, ондай ұсақ-түйектерге мән бермейтін болар...Оның үстіне сіз ҚАЗАҚсыз ғой. Сіздің жағдайыңызда, ең бастысы - махаббат, сезім, түсінісушілік.