+1 дауыс
5.9k көрілді
Жасушаның бөлінуі кезіндегі хромосома жағдайларын алғаш 1870 жылдардың соңында сипаттап жазғандар Флемминг, Страсбургер және т.б. болды. 1875 жылы Гертвиг ұрықтану кезінде гаметалардағы екі ядроның қосылуына байланысты хромосомалар санының екі еселенетінін көрсетті. Сәл кейінірек 1883 жылы Ван Бенненден хромосомалардың ата- аналардан ұрпақтарына бірдей берілетіні жайлы айтты. Тірі жасушаларды фиксациялап, соңынан боялған кезде ядро ішінде кейбір бояулармен жақсы боялатын, әсіресе негіздік бояуларды мол сіңіретін тығыз денешіктер бар зоналар байқалған. Жақсы боялатын қабілетіне байланысты ядроның бұл құрам бөлігін Флемминг 1880 жылы «хроматин» деп аталады. Ал «хромосома» термині ғылымға 1880 жылы Бальдейер енгізген. Мейоздық бөліну кезіндегі хромосомалар жағдайын байқаған ғалым Ру олардың тұқым қуалаушылыққа қатынасы бар екенін мәлімдеген. Содан бергі зерттеу нәтижелерін қорыта келе хромосомалар сол жасушадағы хромосомалардан тыс механизмдермен әрекеттесе отырып, бірінішіден, тұқым қуалау ақпаратының сақталуын жэне оның дұрыс көшіріліп жазылуын реттейді, екіншіден, генетикалық материалдың екі еселенуін, сондай-ақ, оның ұрпақтан ұрпаққа берілуін қамтамасыз етеді деген тұжырым жасалды.

1 жауап

+1 дауыс
Тұқым қуалау аппараты өзіндік белок молекулаларының синтезделуін кодтау (белгілеу) арқылы морфогенетикалық процестердің жалпы бағытын ғана анықтайды, ал олардың нақтылы жүзеге асырылуы
белгілі дәрежеде (тұқым қуалаушылық нормасы шеңберінде) сыртқы факторлардың әсеріне тәуелді болады.
Бұл мәлім ағзаның барлық наруызындағы аминқышқылдарының ретін көрсету
...