Ажырасудың себептері көп, бірақ бірнеше негізгісі бар. Олардың ең біріншісі – жастардың бір-бірін жақсы танымай жатып, бас қосуы. Ажырасуға арыз беретіндердің көп бөлігі өз шешімдерінің себебін мінездерінің сәйкеспейтіндігімен, тұрмыста ортақ тіл табыса алмайтындығымен түсіндіртін көрінеді. Психологтардың айтуынша, көбіне 3-4 ай таныстытқан кейін шаңырақ көтеріп жатқан жастар ажырасады екен.