Мен ата-ананың бірі болғандақтан мені де осы бір ұялы телефон жайы толғандырады. Телефонның керек жерлері де жоқ емес, немерең оқудан қашан шыққанын хабарлай салса алып келуге кететін уақытты тиімді пайдаланасың, балаң белгілі бір себептермен кешігетінін хабарлай салса мазаланбай күтесің дегендей. Бірақ соны балалар тек сондай мақсатты жағдайларға ғана пайдалана ма деген де сұрақ туындайды. Сабақ үстінде түрлі ойын ойнап, ән тыңдап, инет қуалап, мұғалімнің сабақ түсіндіруіне кедергі келтіріп отырса әрине алып қойып, ата-анасы келгенше бермегені жөн шығар. Өзіне ғана емес, өзге балаларға да кедергі келтіреді емес пе, ол үшін жауап бергені дұрыс болар деп ойлаймын. Ал енді телефонын қайтып бермеу мәселесі ата-анаға бір-екі рет ескертуден соң болғаны әділдік болар ма еді деймін. Негізі мектепте тек қана қоңырау шалып,қоңырау қабылдайтын,басқа функциялары жоқ қарапайым телефондарға ғана рұқсат етсе жақсы болар еді, қалғандарын қайтармайтын түрде конфицкация жасайтын болса,біздер, Ата-аналар да ойланар едік.