бора плюстың пайда не зиянын білмедім, бірақ безеуді кетіруге амалдар айтуға болады.
Ең бастысы ол бетті таза ұстау керек, сенде бет терісіндегі поры бітеліп қалып жатыр. Бетті күніне екі рет жуып тұру керек міндетті түрде. Ол өзің қолданатын бетке арналған көбік па, жоқ сабын болса да. Кішкене сеточкаға сабынды салса, кішкене су тигенде сабын көпіреді. Сол көбікпен бетті жуу керек. Ал сабынның өзін бетке тигізуге болмайды. Құртады беттің терісін.
Сосын бетті тазалап біткесін артынан оған ылғал да беру керек. Артынан тоник жағып, кішкене бетті ұрғылағандай қимылдармен жақса, массаж эффектісі болады. Сосын барып молочкомен міндетті түрде. Осындай амалдармен 2 апта ішінде ақ бетті тазартып шығаруға болады.