Көп атомды спирттер көмірсутектердің құрамында бірнеше гидроксил тобы бар туындылары. Көпатомды спирттерге этиленгликоль С2Н44(ОН)2, глицерин С3Н5(ОН)3, ксилит С5Н7(ОН)5, сорбит С6Н8(ОН)6, т.б. жатады. Екі гидроксил тобы бар спирттерді гликолъдер немесе алкандиолдар деп атайды. Жалпы формуласы: СnН2n(ОН)2.
еретін реакциялардың түрлеріне байланысты Катализатор гидрогендеу Катализаторы, дегидрогендеу Катализаторы, тотықтыру Катализаторы, полимерлеу Катализаторы, мұнай өңдеу процестерінің Катализаторы, СО мен Н2 негіздегі синтездің Катализаторы, тағы басқа болып бірнеше топқа бөлінеді. Қазіргі уақытта химия өнеркәсібіндегі барлық процестердің 70%-ке жуығы Катализатор қолдану арқылы жүреді. Катализаторлардың әсерін баяулататын немесе мүлдем тоқтататын заттар катализаторлар улары деп аталады. К-дың улануы қайтымды және қайтымсыз болады. Мысалы, аммиактың темір катализаторында синтезделу реакциясында оттектің қосылыстары темірді қайтымды уландырады, ал күкірттің қосылыстары қайтымсыз уландырады. Уландыруды болдырмау үшін Катализаторға келетін реакциялық қоспаны өте мұқият тазарту керек. Органикалық қосылыстардың реакцияларында (крекинг, изомерлену, дегидрлеу, тағы басқа) Катализатордың улануы көбіне полимерлік қабыршықтардың түзілуінен болады, өйткені олар Катализатор бетін жабады. Мұндай жағдайда Катализаторды регенерациялау (қалпына келтіру) үшін қабыршақты ауа үрлеп жағады. Егер Катализатор қайтымсыз уланса, оны регенерациялау үшін реактордан шығарып алып Катализатор улануын кетіретін еріткіштермен жуады.