0 дауыс
56.7k көрілді
Сәлеметсіздер ме!!Маған Найман Ана туралы түсінігін жазып бересіздер ме?Не туралы айтылған?Шыңғыс Айтматов!!!

2 жауап

+2 дауыс
бұл жерде жалпы, мәңгүрттік жайында айтылған:
Ертеде, қалмақ пен қырғыз шапқыншылығы тұсында, екі жақ бір-бірінен құл етіп ұстау үшін тұтқын алып отырған. Ол тұтқын мал соңында салпақтап жүргеніменен күндердің күні болғанда ебін тауып, қашып кетер деп, оларды мәңгүрт етіп тастайтын болған. Ол үшін алдымен тұтқынның шашын тақырлап алып, жас сойылған түйенің мойнағын не сиырдың терісін басына қаптайды. Оған қайыстан тіліп, бау өткізіп, самайдан тарттырып, мықтап, байлайды. Сөйтіп, шыжып тұрған күннің астына қол-аяғын байлап тастайды. Тұтқын сонда екі бірдей азапқа түседі екен. Алдымен, жас тері ыстықтан жиырылып, басын бүріп, сүйегін сындырып жібере жаздаса, екіншіден, өскен шаш кептелген теріні тесе алмай, кері қайырылып, құйқасын ине сұққандай етіп бұрғылап, есте сақтау қабілетін мүлде жойып жібереді. Бір жұма, он күннен кейін не өліп қалады, не мәңгүртке айналады. Аты-жөнін, шыққан тегін ұмытып, тек өз қожасының айтқанын орындайтын қара күш иесіне айналады...
"Ананың көңілі - балада, баланың көңілі - далада" демекші, өз баласын іздеуге шығып, жуандардың қолына түсіп мәңгүрт болған ұлын құтқаруға барын салған Найман ананың көрмегені қалмайды...бірақ, бір өкініштісі, ананың өз баласының қолынан қаза табуы, Қайғылы, мұңды...
*менің осы әңгімені оқығаныма біршама жыл өтіпті...*
мына жерді де көре сал, көмегі тиіп қалар...
http://www.kerekinfo.kz/blog/1653.html
Негізінде ол жаза Түрікмендерден алынған, сенбесең Әбіш Кекілбаевтің - Кек деген киноны қарап көрсей деп өзбекше қуып кетпейін, қысқасы қарап көрш.
Әбіш Кекілбаевтің - Кек дегені киносы болса, сілтемесін беріп жіберсей, қуып кетпей!
Жарқыным өзің тауып ал,  Гугл как Сталин, напишишь слова, он тебе в ответ - деп түсінсей адамды бір, түсінсей деп тағы қуып кетпейін. Ізден, талпын дайын асқа тік қасық, хахаха.
Гугл как Сталин, напишишь слова, он тебе в ответ
Сталиннің басы башкатый емес
Белгісіз
Мангүрттік кейіпке қалай түскендігі есіңізде жақсы сакталған екен. Алайда Найман анада мәңгүрттік жайлы айтылған деп астырт ойлауға болмайды. Тақырыптың өзінен көрініп тұрғандай, мұнда ашынған ананың баласына деген сезімі мен шексіз сүйіспеншілігі, ана махаббатының күші керемет баяндалады. Оқыған адамның тебіренбеуі мүмкін емес. Бауыр еті баласының қолынан ажал құшқан ана дәм-тұзының осылай таусыларын біліп пе?
0 дауыс
Әдебиет-жай ғана «сабақ» деген аяға сия бермейтін кең ұғым. Біз әдебиет сабағының негізгісі-көркем шығарманы талдау деп есептейміз. Осы көркем шығарманы Карл Поппердің «Дебат – пікір сайыс » бағдарламасы бойынша талдауға болады. VIII сыныпта өтілген Ш. Айтматовтың «Найман-Ана» әңгімесінен алған бағдарлама бойынша талдау үлгісі.

Сабақтың мақсаты:

1. Әңгіменің басты кейіпкері Найман-Ана өліміне екі түрлі көзқараста баға беру.
2. Қызу пікірталасқа қатыса отырып, әр топ (жақтаушы,даттаушы) өз пікірін дәлелдемелерге сүйеніп, айғақтар келтіру арқылы өз көзқарастарын қорғап шығу.
3. Әңгімені түсініп оқу, яғни сөз арасына үңіліп, мағынасын түсіну, өзекті ойды бөліп ала білу, сыни тұрғыда ой қортындысын жасау, өз пікірін қорғай білу және сөйлеу мәнерін қалыптастыру, дағдысын қалыптастыру, дағдысын дамыту.
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес сабақ.
Сабақтың әдісі: пікірін айту, мәтінмен жұмыс, қарама-қарсы сұрақ қою.
Пәнаралық байланыс: тарих, бүгінгі өмір.
Сабақтың барысы:
Жоспары:
1.Өзектендіру (Сабақ жоспарымен таныс-
тыру)
2.«Ботасын іздеген мұңлы ана өмірі» атты көрініс.
3.«Найман-Ана өлімінің себепшісі-туған ұлы» дебат пікір-сайысы.
4. Қолдан жасалар мәңгүрттікке жол жоқ! (қорытындылау)
Оқушылар өздері дайындаған «Ботасын іздеген мұңлы ана өлімі» атты көрініс қояды. Сабақты талдау «Дебат» үлгісі бойынша жүреді

1. Резолюция ұсынылады: «Найман-Ана өлімінің себепшісі –туған ұлы»жақтаушы топ дәлелдеуі. Расында да, әңгімеде Найман-Ана туған ұлының қолынан өледі. Ана байғұс кен даланы кезіп, Сарыөзекті іздеп, баласын іздеп келгенде, оған туған ұлы қастандық жасап өлтіреді.
Бұдан мынандай қортынды шығады: «Ананың көңілі-балада, баланың көңілі- далада» (халық сөзі)
Жақтаушы топ 2 аргумент белгіледі.
1. «Айналайын, жан балам, жүргенің жақсы сен аман»
Ж.Айжанова «Ана туралы аңыз»
2. Өзіңнен туған өгей ұл. (заман талабына сай дін,тіл,есірткі мәселесі) Даттаушы топ: Әңгімедегі Найман-Ана себепшісі туған ұлы емес, ол ауру, яғни мәңгүрт болған соң өлтірді. Ал мәңгүрттік жаудың ісі дей келіп, контррезолюция ұсынады:
«Найман-Ана өлімінің себепшісі-туған ұлы емес»
Олардың критерийі: «О заман! Артар бәрін саған ғана, обалын кім көтерер сенен басқа»
Р.Қосбармақов «Халқыма қаратпа»
Қарсы топтың аргументі сияқты 2 аргумент алынады:
1.«Заманым-желген желмая»
(Асан қайғы толғауынан)
2. Ой-санасы уланған-қатыгездік

Міне, екі топ («Зерек», «Аманат») осындай аргументтермен пікір таласқа түсті. Даттаушы топтың спикерлері өз пікірлерін дәлелдеу үшін ата-аналарынан дәл осындай жағдай өз бастарында бола қалған жағдайда қандай әрекетке баратынын сұрауға дейін бар-ған. Демек, оқушының оқиғаға сыни көзбен қарай алғандығы байқалады. Балалар өз пікірлерін дәлелдеу үшін әңгімеден қажет сөздерді іздейді, мағынасын талдайды.

Шешім шығару: Қатысқан мұғалімдер мен оқушылардың пікірін тыңдау және дауысқа салу.
Бекіту: 2 топтың да спикерлеріне талдау жасай отырып, бағалау.

Мәңгүрт сөзінің астары неде? Жалпы, мәңгүрттік туралы не ойлайсыңдар?
Оқушының ойын оқу арқылы бүгінгі өмірмен байланыстыра отырып, сабақты қортындылау.
...