0 дауыс
770 көрілді
Delphi жайында мағлұмат тауып беріңіздерші өтініш. электронды оқулық болса болады. Кітапты электронды түрде берсеңіздер нұр үстінен нұр болар еді!!!

1 жауап

0 дауыс
Delphi Windows жүйесінде праграммалаудың ыңғайлы құралы. Онда көптеген операторларды пайдаланып программа дайындау, программа мәзірін құру, анимация, мультимедиа процестерін ұйымдастыру, OLE технологиясын пайдаланып, басқа офистік қосымшаларды шақыру, олармен жұмыс істеу және т.б. іс-әрекеттерді орындау да мүмкін. Көптеген операторлардың жазылуы Турбо Паскальдағы сияқты.

Delphi ортасында төрт терезе бар. Олар:

l) Delphi5-Projectl - Delphi5-тің негізгі терезесі;

2) Form1 — Форма;

3) Object Inspector  - Объект инспекторы терезесі;

4) Unitl.pas — Редактор терезесі.

1 DeIphi-дің негізгі терезесі үш құрылымнан тұрады:

1 Мәзір.

2 Acnanamap панелі алтыға бөлінеді:

·        Standard — Стандарттық;

·        View — Көрсету;

·        Debug — Баптау;

·        Custom- Қолданушы;

·        Desktop — Жұмыс столы;

·        Internet — Интернет.

1.     Компоненттер палитрасы төмендегідей беттерден тұрады:

·        Standard — Стандартты;

·        Additional - Қосымша;

·        Win32 — Windows интерфейсінің 32-разряды;

·        System — функциялық жүйеге кіру мүмкіндік;

·        Data Access — Берілгендер қорындағы информациямен жұмыс;

·        DataControl — Берілгендерді элементтермен басқаруды құру;

·        dbExpress -  SQL-серверіне кіру мүмкіндігі;

·        DataSnap -   Көп салалы берілгендер қорындағы қосымшаны құру;

·        BDE — BDE  арқылы берілгендерге кіру мүмкіндігі;

·        ADO — ActivX берілгендер объектісін қолданып берілгендер қорына байланыс жасау;

·        InterBase — Аттас берілгендер қорына тікелей кіру мүмкіндігін қамтамасыз етеді;

·        SOAP — Аттас техногия көмегімен анықталған ортады берілгендерді алмастыру;

·        InternetExpress — Аттас қосымшаны құру үшін берілгендер қорындағы анықталған қосымша-клиент және қосымша-сервер бір мезгілде болады;

·        Internet — Интернет желісінде қосымша Web-серверін құру;

·        FastNet — Инетернет желісіне кіру хаттамасын қамтамасыз ету;

·        Decision Cube — Көп өлшемді талдау;

·        QReport — Есепті құрастыру;

·        DiaIogs — Стандартты сұхбаттық терезені құру;

·        Win3.1 — Windows3.1 интерфейсі;

·        SampIes — Бірге қойылатын жүйелік мысалдар;

·        ActivX — ActivX компанентті;

·        COM+ - Аттас объектілерді басқару;

·        InterBaseAdmin   —   Аттас   берілгендер   қорына   кіру мүмкіндігін басқару;

·        WebSnap — Web-серверінің қосымшасын құру;

·        Server — Жалпы COM серверлер VCL бөлігі үшін;

·        IndyCIients    —    Клиент    үшін    Интернет    тәуелсіз тұжырымдама компоненті;

·        Indy Servers    - Сервер үшін    тәуелсіз тұжырымдама компоненті;

·        Indy    Miss    —    Интернеттің қосымша тәуелсіз тұжырымдама компонентті.

2. Delphi-де дайындалатын программа проект (жоба) деп аталады.     Форма    программаны    дайындау    алдында ашылатын,   программаның   сұхбаттық  терезесі.   Delphi алғашқы рет іске қосылған кезде форма Form1 атауымен көрінеді.     Оның     жиектеріне     тышқан     көрсеткішін орналастырып, ол екі жақты нұсқама түріне айналған кезде жылжыту және қалдыру тәсілі бойынша форманы кеңейту не қысу қиын емес. Кей жағдайларда экранда форма көрінбеуі мүмкін. Оны экранға шығару үшін View Forms командасын беру жеткілікті.
...