Алтынай, кеше ғана тұрмысқа шығайын деп жатқаныңыз қайда?
Ата-анаңыздың сөзін көтере алмайсыз, басқа адамдардың айтқаны тіпті ғой. Ата-анаңыз сізге ол сөздерді жаман оймен айтпайды. Дұрыс түсініңіз, болмаса қыз бала анасына жақын келеді емес пе, анаңызбен жақын сырласыңыз, ішкі ойыңызды айтыңыз, мұңыңызбен бөлісіңіз. Бәрібір бұл сайтта АНАҢЫЗДАЙ ешкім де жақын болып, жаныңызды түсіне алмайды. Ал ана деген ешқшанда баласының көңіліне қаяу салмайды, жақсы көреді. Ол жәй ғана сіздің көңіліңізді байқамай жүрген болар, сондықтан да өзіңіз айтыңыз, ой бөлісіңіз.
Жігіт-мігіт дегенді қоя тұрып, өмір сүруге, емделуге талпыныңыз! Аллаһ Тағала өлімнен басқа аурудың бәрінің де емін жаратқан. Ұмтылып, алдағы күннен күдер үзбесеңіз, сіз сөз жоқ ЖАЗЫЛАСЫЗ! Саулығыңызды тілеймін!