0 дауыс
670 көрілді
Нұсқа -1
1.    А, Б, В, Г, Д  әріптері жазылған бес карточкадан кездейсоқ үшеуі бірінен соң бірі таңдалады да,  көріну тәртібі бойынша қатарға қойылады. «ДВА» сөзі шығатының ықтималдығын тап:
2.    Цехта 2 тасымалшы жұмыс істейді. Әрқайсысының тоқтаусыз     жұмыс істейтін ықтималдығы t уақыт ішінде 0,9-ға тең. Тасымалшылар бір бірінен тәуелсіз жұмыс істейді. t уақытта тек екі тасымалшы тоқтаусыз жұмыс істейтінінің ықтималдығын тап:  
3.     Пирамидада 5 мылтықтың 3-і оптикалық көздеуімен қамтылған. Оптикалық көздеуі бар мылтықтан бір атқаннан мергеннің нысанаға тию ықтималдығы-0,95-ке; оптикалық көздеуісіз мылтықтан бұл ықтималдық-0,7-ге тең. Кездейсоқ алынған мылтықтан бір атқаннан нысанаға тию ықтималдығын тап:
4.    Цехта 6 мотор бар. Әр мотор үшін берілген уақытта қосылатынының ықтималдығы 0,8-ге тең. Берілген уақытта 4 мотор қосылулы тұрғанының ықтималдығын тап:      
5.    Х дискретті кездейсоқ шамасы  3 мүмкін мән қабылдайды: х1=4  p1=0,5 ықтималдығымен; х2=6,  p2=0,3 ықтималдығымен және  х3,  p3  ЫҚТИМАЛДЫҒЫМЕН. х3 ЖӘНЕ  p3  табыңыз,  егер М(х)=8:

Нұсқа -2
1.    Екі ойын “сүйегі” (кубигі) лақтырылады. Ең болмаса бір ойын сүйегінде 6 цифрасы шығатындығының ықтималдығын тап:
2.      Жәшікте 10 қызыл және 5 көк түйме бар Сәттілікке қарай түйменің бәрі суырылды. Түймелердің түсі бірдей болуының ықтималдығын тап.
3.       Болт   шығаратын фабрикада бірінші машина 25%, екінші -35%, үшінші -40% болт шығарады. Олардың ішінде жарамсыз өнім сәйкесінше 5%, 4% және 2%. Кездейсоқ таңдалған болт жарамсыз болды. Оның үшінші машинамен шығарылғанның ықтималдығы қандай
4.    5 балалы жанұяда 3 қыз және 2 ұл бала болатындығының ықтималдығын тап. Бала және қыздың дүниеге келуінің ықтималдығы бірдей:
5.      У_-2   -1    1     2     
           P  0.2  0.3 0.3  0.2             
үлестірім заңымен (кестесімен) берілген дискреттік У кездейсоқ  шаманың математикалық күтімі тең:

Сұраққа жауап беру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз

...