0 дауыс
1.6k көрілді
1) Көлемі 8,96л хлорсутекті (қ.ж) алу үшін реагенттерден қанша көлем алу қажет?
 2) Массасы 58,5 г ас тұзын концентрациялы күкірт қышқылының артық мөлшерімен әрекеттесіруден алынған хлорсутек газы 146г суда ерітілген.Осы ерітіндідегі хлорсутектің массалық үлесі (%) қанша болады?
 3) Массалық үлесі 14,6% HCl бар тұз қышқылының 200 г ерітіндісінде қанша көлем хлорсутек (қ.ж.) болады?

2 жауап

0 дауыс
1)
1) Хлорсутектің  зат мөлшерін табамыз

n(HCl) = V(HCl)/Vm = 8,96 л/22,4 л/моль = 0,4 моль

2) Реакция теңдеуі бойынша сутегінің  зат мөлшерін табамыз

H₂ + Cl₂ --> 2HCl

Пропорция бойынша:

   y       0,4

----- = -----        y = 0,2 моль = n(H₂)

  1         2

3) Сутегі көлемін табамыз:

V(H₂) = n(H₂) × Vm = 0,2 моль × 22,4 л/моль = 4,48 л

4) Реакция теңдеуі бойынша хлордың зат мөлшерін табамыз

H₂ + Cl₂ --> 2HCl

пропорция бойынша:

   y        0,4

----- = ------            y = 0,2 моль = n(Сl₂)

  1          2

5) Хлор көлемін табамыз:

V(Cl₂) = n(Cl₂) × Vm = 0,2 моль × 22,4 л/моль = 4,48 л

Жауабы: V(H₂) = V(Cl₂) = 4,48 л
0 дауыс

Массасы 58,5 г ас тұзын концентрациялы күкірт қышқылының артық мөлшерімен әрекеттесіруден алынған хлорсутек газы 146г суда ерітілген.Осы ерітіндідегі хлорсутектің массалық үлесі (%) қанша болады?

...