Cұрақ-жауап сайтының жігіттері сіздерді мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!Қажымай қайрат,зор денсаулық,ашық аспан тілеймін!Көңілдеріңізге кір шалмай,әрқашанда осы сайтта күліп жүре беріңіздер!Жігерлі де қайратты,батыл және намысқой болыңыздар!Өмірлеріңіз сәулелі шуақтай болсын!Үлкенді-кішілі болып,сыйласып жүре берейік!7-мамыр күні іздерге шаттық,қуаныш,ізгілік әкелсін!Және соңына қарай Абай Құнанбаевтың "Жігіттер ойын арзат,күлкі қымбат" өлеңімен аяқтағым келіп отыр.Құрметпен:Төлепова Айсара
Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат,
Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат.
Арзан, жалған күлмейтін, шын күлерлік
Ер табылса, жарайды қылса сұхбат.
Кейбіреу тыңдар үйден шыққанынша,
Кейбіреу қояр құлақ ұққанынша.
Сөз мәнісін білерлік кейбіреу бар,
Абайлар әрбір сөзді өз халынша.
Шын көңілмен сүйсе екен, кімді сүйсе,
Бір сөзімен тұрса екен, жанса-күйсе.
Қырмызы, қызыл жібек бозбалалар
Оңғақ бұлдай былғайды, бір дым тисе.
Керек іс бозбалаға — талаптылық,
Әртүрлі өнер, мінез, жақсы қылық.
Кейбір жігіт жүреді мақтан көйлеп,
Сыртқа пысық келеді, көзге сынық.
Кемді күн қызық дәурен тату өткіз,
Жетпесе, біріңдікін бірің жеткіз!
Күншіліксіз тату бол шын көңілмен,
Қиянатшыл болмақты естен кеткіз!