Исаак Ньютон
Туылды қаңтардың 4
Вулсторптағы Колстерворт
Линкольншир, Англия
Қайтыс болды 1727 ж. наурыздың 31 (84 жаста)
Кенсингтон, Лондон, Англия
Тұратын жері Англия
Ұлты Англия
Салалары физика, математика, астрономия,
табиғи философия, алхимия,
теология
Институттары Кембридж университеті
Корольдік қоғам
Alma mater Тринити колледж (Кембридж)
Academic advisors Исаак Барроу
Бенжамин Пуллейн
Notable students Роджер Коутс
Уиллиам Уистон
Джон Уиккинс
Хамфри Ньютон
Еңбегі үшін танылған Ньютон механикасы
Бүкіләлемдік тартылыс заңы
санақ
оптика
Influenced Николас Фатио де Дюлльер
Джон Кайл
Religious stance монотеизм
Signature
Браун Карл (6.6.1850. Фуль да 20.4.1918. Нью-Йорк) – неміс физигі.
1872 жылы Берлин ун.-тетін бітірген. Карлсруэдегі (1883), Тюбингендегі (1885-1895) политехникумның профессоры, Страсбург ун.-тінің профессоры (1895).
Негізгі жұмыстары радио техникаға арналған. 1898 жылы Б.Поповтың ашық вибраторын тұйық конденсаторлық контурмен біріктірді, бұл хабар берудің сапасын елеулі арттырды. 1897 жылы электр тербелістерін зерттеу үшін электрон вакуумдық түтікшені (Браун түтікшесі) қолдануды ұсынды.
1906 жылы кристаллдардан униполярлық өткізгіштікті байқады, бұл оның кристаллдық детекторлар жасауына себеп болды. Антеннаның бірнеше үлгісін, оның ішінде жақтаулы антеннаны (1913) ұсынды. Радиотехника саласындағы жұмыстары үшін Нобель сыйлығын (1909) иеленді. Нобель сыйлығы "сымсыз телеграф жасау жөніндегі жұмыстары үшін" берілді. Ол сонымен бірге радио физиктердің көпке танымал мектебінің негізін салушы және басшысы болды. Солай болғанмен де оның радиотехника мен электр байланысын дамытуға қосқан үлесі тарихи техникалық әдебиеттен өзінің лайықты орнын таппай келеді. Кейде ол туралы "Ұмытылған жол салушы" ретінде жазады.
Браунның қатысуымен 1898 жылы радиоаппаратура шығаратын "Телебраун" фирмасы ұйымдастырылды, ол 1900 жылы "Сименс" компаниясының филиалына айналды. Ол 1903 жылы А.Слаби мен Г.Арко (1869-1940) құрған "Функентелеграф" компаниясымен бірікті. Біріккен "Телефункен" компаниясы Еуропа кұрлығындағы аса ipi компанияға айналып, Г.Маркониге бәсекелес болды.
Оның инвестициясымси петербургтік "Сименс және Гальскс" фирмасы 1904 жылы "профессор Попов жүйесі бойынша" радиостанциялар өндірісін ұйымдастырды, таза пайдасының үштен бірі "Телефункенге" бөлінді, Орыс ғалымының зияткерлік меншігі осылайша жоғары бағаланды.
Ом (неміс физигі Г.С.Омның (1787-1854) есімінен) - бірліктердің халықаралық жүйесіндегі (СИ) электрлік кедергінің бірлігі. Белгілеуі — Ом, 1 Ом — электрлік тізбегінде тұрақты токтың 1А күші 1В кернеу туызатын бөлімінің электрлік кедергісіне тең.
Майкл Фа́радей (22 қыркүйек 1791 — 25 тамыз 1867) — ағылшын физигі, химик және физико-химик. ФАРАДЕЙ, МАЙКЛ (Faraday, Michael) (1796-1832), ағылшын физигi, 1791 жылы 22 қыркүйекте Лондон маңында шебердiң отбасында дүниеге келген. Г.Дэвидiң қамқорлығының арқасында Корольдiк ассоциациясына ассистент қызметіне алынды.
1821 жылы ол магниттiң токтағы өткiзгiш бойымен айналатынын және токтағы өткiзгiштiң магнит бойымен айналатынын бақылап, электр қозғағыштың алғашқы моделiн жасады. 1831 жылы барлық тұрақты және айнымалы ток генераторларының жұмысы негiзделген – электромагниттiк индукцияны ашты. 1824 жылы Фарадей Корольдiк қоғамының мүшесi болып сайланды, ал 1825 жылы Корольдiк ассоциация зертханасының (лабораториясының) директоры болды. 1833 жылдан Корольдiк институттың химиядан Фуллерлiк профессоры болып 1862 жылға дейiн iстедi. Фарадейдiң жарияланған лекциялары кең таралды. Үлкен тәжiрибелiк деректерге сүйенiп, Фарадей ол кезде белгiлi электр “түрлерi", “жануардың", “магниттiк", термоэлектрлiк, гальваникалық электрлiк және басқалардың өрнекттелетiнiн дәлелдедi. Электр тогының тұздардың, қышқылдардың және басқаларының қоспаларынан өтуi оны электр тогының табиғатын ашуға итермеледi. Зерттеу нәтижесiнде 1833 жылы электролиз (Фарадей) заңын ашты. 1845 жылы Фарадей жарықтың поляризация жазықтығының магнит өрiсiнде айналу құбылысын (Фарадей эффектiсiн) байқады. Сол жылы диамагнетизмдi ашты, ал 1845 жылы – парамагнетизмдi ашты. Ол бiрнеше ұғымдарды енгiздi – қозғалғыштық (1827ж.), катод, анод, иондар, электролиз, электродтар (1834ж.); вольтметрдi ойлап тапты (1833ж.). 1830 жылдары өрiс ұғымын ұсынды, 1845 жылы алғаш рет “электромагниттiк өрiс" терминiн пайдаланды, ал 1852 жылы өрiс концепциясының формуласын жазды. Фарадей электр және магнетизмнен негiзгi еңбектерiн Корольдiк қоғамға – Электрден тәжiрибелiк зерттеулер (Experimental Researches in Electricity) – атты баяндамалар сериясы ретiнде тапсырып отырды.
Фарадей 1867 жылы 25 тамызда Хэмптон-Кортта қайтыс болды.