+1 дауыс
4.2k көрілді
Ауыр атлетикамен айналасқанда  кішкене қателіктен қол сынып кете ме?
Бас, жүрек және қан  қысымы барларды қатыстырама?
Ауыр атлетика туралы қажетті толық мәліметтер керек.

8 жауап

+2 дауыс
Ауыр атлетика— әр түрлі салмақ дәрежелерінде ауыр зат (штанга, гір) көтеріп, күш сынасатын спорт түрі. Ауыр атлетикадан ең алғашқы жарыс 1860 жылы АҚШ-та өтті. Олимпиада ойындарының бағдарламасына 1896 жылы енгізілді. Ауыр атлетикадан әлем (1898 жылдан), Еуропа (1896 жылдан) чемпионаттары өткізіледі. Ауыр атлетика бойынша халықаралық жарыстар штанга көтерудің екі тәсілі (жұлқа және сілке көтеру) бойынша, 52 кг-нан басталатын 10 салмақ дәрежесіндегі спортшылар арасында өтеді. Жұлқа көтеру кезінде штанга кідіріссіз бірден жоғары көтеріледі. Сілке көтеруде штанга алдымен кеудеге алынып, содан кейін жоғары көтеріледі.

Халықаралық ауыр атлетика федерациясының (1920) Қазақстан 1993 жылдан мүше. Қазақстанда ауыр атлетика бойынша алғашқы чемпионат 1937 жылы өткізілді. Қазақстан спортшылары ірі жарыстарға 1954 жылдан қатысады. Теміртаулық Юрий Зайцев (1976, Монреаль), шахтинскілік Виктор Мазин (1980, Мәскеу), ақмолалық Анатолий Храпатый (1988, Сеул), қызылордалық Илья Ильин (2008, Бейжің) ауыр атлетикадан Олимпиада чемпиондары атанған.
+2 дауыс
Қыздарға зиян деп естідім.
Аллаһ жақсырақ біледі.
+2 дауыс
Ауыр атлетика бұл адам денсаулығына өте зиян, ұрпақтың болмауына алып келеді дейді.Мен спорт әлемінің президенті болсам ауыр атлетиканы алып тастар едім.
Қорытындылай айтқанда керегі жоқ.
+1 дауыс
Бұл спорт адам денсаулығына зиян ғой
+1 дауыс
Менің інімнің қолы сынған штанга көтерем деп
0 дауыс
көбісі айтады ғой ауыр атлетика бойды өсірмей қояады деп
0 дауыс
Штанганы турып котеретин болсан, онда бойын отырады оны бари біледи деп ойлаймын! Штанганы Лежа котеру керек, лежа котерген кезде белинди сал мостик кылып котерген жаксы бауыр журекке зияны болмайды сонда!
0 дауыс
зиян ғой бойың өспей қалады
...