+2 дауыс
145k көрілді
Жігітті өзіңе қалай ғашық етуге болады?

«Ғашық жігіт өзін қалай ұстайды?» дәл осы сұрақ қарым-қатынастың ең басында барлық қыздың көкейінде жүреді

Жігіттің сезімі шынайы екенін қайдан білуге болады? Жағымды сөз, қымбат сыйлық оның махаббатын көрсетеді ме? Әлде,жігіттің ғашық екенін айыратын мүлтіксіз жолдар бар?

Ғашық жігіттің басты белгілері
Әрине,ғашық жігітті ажыратудың бірқатар жолдары бар. Сонымен, ғашық жігіт өзін қалай ұстайды?

Басты айырмашылықтары:

Ұяңдық және ұялшақтық. Өзге жағдайда өзін берік ұстайтын жігіттер махаббатқа келгенде, ұялшақтау келеді.
Мөлшерден артық сөзшеңдік немесе үнсіздік. Бірінші жағдайда, жігіт тоқтамсыз қалжыңдап, жетістіктерімен мақтанып, барынша сөйлеуге тырысады. Ал, кейбір жігіттер өз ғашығын көргенде, жақ аша қалмайды.
Шорқақтық және ұқыпсызжық. Махаббат буы баураған жігіт қайда жүргенін білмей, қолында бар жүргенін, есін де ұмытып жатады. Бұның бәрі, есіл-дерті ғашығында екенімен түсіндіріледі.
Ұқыпты бет-әлпет. Ғашық жігіт өзін жақсы жағынан ғана көрсеткісі келеді. Қыздар сыртқы түрге назар аударатыны жасырын емес.

Басқа белгілер

Жігіттің ғашықтығын көрсететін басқа да бірқатар белгілер бар. Олар жасыру мүмкін емес бет-әлпет әрекеттерінен байқаладығашық жігіт

Сондықтан, әр қыз төменде көрсетілген тізіммен таныс болуы қажет. Егер, көз жүгіртіп өтсеңіз, жігіттің сізге деген сезімін бір көргеннен түсінетін боласыз:

Сүйікті қызын көргенде, жігіттің денесі тітіркеніп кетеді. Өзін қолуға алуға дәрменсіз болады.
Сізді көргенде көзі жайнап кетеді ме? Бұл да- ғашықтықтың бір белгісі
Ғашық жігіттің көзі әрдайым сан-саққа жүгіріп жүреді. Неге дейсіз бе? Себебі, ұнататын адамын көргенде, қай жаққа қарарын білмей, сасқалақтап қалады. Сондықтан, көпшілік арасында ол сізге жиірек қарайды. Ұнатса, әрине.
Ғашық жігіт күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырылады. Жоқ, шынымен, түнде ұйықтауы қиындап кетеді. Бұны байқау да қиынға соқпайды: қызыл көз, шаршаңқы түр, әлсіз дауыс
Бұдан басқа, жігіт өзінің сыртқы әлпетіне көңіл бөле бастайды. Егер, бұрын бір жейдемен ғана жүрсе,ендігі таңда күн сайын бастан-аяқ бет-әлпетіне тиянақты қарап, әтіріне дейін қарай бастайды. Сізді таңқалдыру үшін спортзалына дейін жазылса, онда іске шынайы бекінген болар?! Есіңізде болсын, ғашық жігіт қызға қарағанда, әлдеқайда қобалжиды.

Ғашық жандарды көрдіңіз бе? Олардың көбі өлең шығарып, ән айтып, сезімін тылсым күшпен жеткізіп жатады. Неге? Себебі, махаббат адамды шығармашылықпен танбыстырады. Әр адам үшін, ғашығы-музасы.

Әдетте, жігіттер сүйікті қызының қызығушылығын бөліседі. Оның сүйікті кітаптарын оқып, сүйікті әндерін тыңдай бастайды. Себебі, ғашық жан сүйіктісінің жан-дүниесін толығымен түсініп, көз-қарасын бөліскісі келеді. Бір сөзбен айтқанда, бір толқынды ұстағысы  келеді.

Сондықтан, жігітіңіз сіздің кішкентай кезіңіздегі арманыңызды, тіпті ойыншықтарыңызды сұрап жатса, таңқалмай, жауап бере беріңіз.

 Ғашық жігіттің ілтипаты

Қарапайым естілгенімен, сөзге емес, іс-әрекетке сеніңіз. Егер, жігіт достарымен өткізген демалыстан гөрі, сіздің шаруаларыңызды реттеп жүрсе, бағалаңыз. Ол, шынымен, сізге ұнағысы келіп жүр. Сізге бейжай қарамайтыны анық!

Ғашық жігіт барлық таныс қыздарын сүйіктісінің есімімен атай бастайды. Иә-иә, себебі, есіл-дерті сол бір қызға ғана ауады.

Егер, ол сізді шынымен сүйсе, сізді таныстарымен, туыстарымен жіне ата-анасымен таныстыруға қорықпайды. Керісінше, барлық әлем махаббатарыңыз жайлы білгенін, сіздің оған тиесілі екеніңізді біліп жүрсін дейді,

Ғашық жігіт

Ғашық жігіттер жайлы толғанғанда, Агата Кристи оларды қойға теңеген. Себебі, олар ұқыпсыз, біртүрлі және күлкілі көрінеді. Бұл оймен келіспей қою мүмкін емес. Махаббат ақылды құлыптап, тек сезімге ерік беретіні бәрімізге белгілі емес пе?

Әрқашан есіңізде ұстағайсыз, махаббат іс-әрекетпен өлшенеді. Өз сезімі мен өзіне сенімді жігіт өзін қалай ұстайды? Олар сізге барар жолда тауларды да төңкеріп тастайды.

Ал, сөз қанша жерден жағымды болғанымен, желде және жерде қалады. Іс-әрекетке сеніңіз, ол сізге деген сезімнің өлшемін көрсетеді.

10 жауап

+1 дауыс
Жігітті адам ғашық етуге тырыспайды. Жігіттің өзі саған көңілі ауса ғашық болады.
Дұрыс Нұрғазина,жігітті өзіңе ғашық ету дегені біртүрлі екен!
Ешқандай біртүрлі емес. Бұл жай ғана Жігітті өзіне қалай көңіл аудартуға болады деп отыр ...
–2 дауыс
Жігіттің артынан жүгір, суға десе суға түс, отқа десе отқа түс
хе хе )) қызық екен
+3 дауыс
Жігітті өзіңізге ғашық ету үшін, сабырлылық керек. Біраз уақыт оны сырттай бақылаңыз, яки дос болып алыңыз. Дос бола жүріп сіз оның қызығушылығын, оған ұнайтын қыздар жайлы сұрастырыңыз. Сондай-ақ, оған ұнайтын тағам түрімен де таныс болған жөн. Одан кейін оған ұнайтын жолмен жүріп, оған ұнайтын қылық танытуға болады. Тек, оған ғашық екеніңізді білдіртпеген жөн. Білдіре қойсаңыз мұрны аспандап кететіні бар кей жігіттердің))))
Уақыт өте келе рецептіңіз нәтижесін береді)))
оны бақылайсың, нені ұнататынын, нені ұнатпайтынын білесің! соған сай болуға максимум 3 ай тырсасын сосын ол саған қызық емес  болдаы, айпады деме дәл осылай болады... өйткені сен оны бақлайсың, бақылай отырып сенің сана сезімің өседі, ал ол сол күйі қалып қояды...сосын ол қызықсыз болады... өмір осындай
Сіздің ой біздің оймен үйлеспейді. Қанша дегенмен бес саусақ бірдей емес. Бақытты әркім әрқалай бағалайды!
0 дауыс
1 Жігітті ғашық қылу үшін алдымен оның көңілін өзіңе аудара білу керек.
2 Оның нені жақсы көретінін оның нені ұнатпайтынын білуің қажет.
3 Оның жалпы барлық мәлімет білуің керек
+1 дауыс
Қыз баланың осындай сұрақ қоюы өте ұятты жағдай. Қазақ қыздарына не болған!!!
+1 дауыс
қыздар тәкапар болыңдар , керек емес қаратып олай , керек болса жигит озі сен қандай болсаңда қарайды , қаратқан жігітін барі бір бір күні кетіп қалады , одан да сабақтарыңды оқып жүрсеңдер олар өздері ақ сыртыңнан байқап ғашық болар , адемілікті де жасаған қылығың да сай болсын , жасандылық жасама , жасандылығыңды байқаса бірден ұнамай қаласың
0 дауыс
мен суйетин 2жыл болт маган дос ретинде карайды,коршим болгсын
0 дауыс
Мен бир жигитке катты гашыкпын мен оган сезимимди билдирди
0 дауыс
Жигитти озине карату ушин онын онын унайтын затарын билип алган жөн. Со
0 дауыс

Аййй, қыздар-айй

Ұқсас сұрақтар

...