"Күнә" мен "кінә"сөздерінің айырмашылығы қандай? Қай кезде қолдана аламыз?

+2 дауыс
7.6k қаралым
қалай дұрыс жазылады?! Әр жерде әр түрлі
Қазақ тілі Белгісіз

5 жауап

+1 дауыс
Жақсы жауап
Шариғат харам деген амалды жасау - КҮНӘ  болады.
Ал КІНӘ - жаман жағдайлардың орын алуына  себепші болу.
Аллаһ жақсырақ біледі.
+3 дауыс
Екеуі екі түрлі мағна. Кінә- сенің  бір затты бүлдіріп, дұрыс істемегенің. Күнә- Алла алдындағы үлкен ағаттығың.
+4 дауыс
Кінә - Вина, Күнә-Грех
Күнә бұл дінге қатысты, Жаратушы алдындағы қатеміз ретінде есептелсе, кінә адамдар арасындағы келіспеушілік кезіндегі, құқық саласында кім кіналы, кімдікі дұрысырақ, жауапкершілік кімде деген сұраққа жауап берсе керек.
+3 дауыс
Кінә-адамзат алдындағы айып.Ал Күнә-Алла алдындағы айыбын.
+2 дауыс
Екеуі екі түрлі мағына беретін сөздер.
Күнә дегеніміз кешірілмес іс жасау, қылмыс жасау, орысшалап айтсақ грех дейді ғой.  Ал кінә дегеніміз кінәлі дейді ғой, бірдеме бүлдірген, бірдеме істеп қойған, бір нәрсені дұрыс өндірмеген адамға айтылады. Мысалы: *Жап-жаңа, енді ғана сатып алынған компьютер бұзылды, оның себебі құрастырған компания кінәсінан болып отыр.* Ал күнәға мысал: *Адам өлтіру ол күнә.*
Және күнә - күнәхар, кінә - кінәлі деген сөздерді байланыстыруға болады.
Адам өлтіргенде қылмыстық іс қозғалса оны кіналы адам ретінде таниды.
Дұрыс қой кінә артады. Кінә дегеніміз айып тағу. Ал сонда адам өлтіріп қойсаң күнә емеспе??? Сізді мүлде түсінбедім сонда! Қарсылығыңызды мүлде түсінбедім.
Сіз заң жағынан мен адами болмыс жағынан сөйлеп тұрған тәріздіміз.
Айтпағым, былай да, алай да келеді, қарсылығым жоқ. Тек айтылу орны ситуацияға байланысты қысқасы.
127,680 сұрақ
322,223 жауап
153,247 пікір
72,704 қолданушы