Қазақ тілінен талдауға көмектесесіздерме?

+1 дауыс
8.6k қаралым
1.Тыныс белшілерін орналастырыңыз
Пәлі Абай аға сізде есеп білемін деп мақтанасыз ау
2.Сөйлем мүшесіне талдаңыз
Қаһарлы сөз қамал бұзар.
3.Жай сөйлем түрлеріне талдаңыз
Алыстан мұнар тау көрінеді.
4.Құрмаластың қай түрі екенін анықтап,әрбір жай сөйлемді сөйлем мүшесіне талдаңыз
Күн батты,тауды қара көлеңке басты.
5.Фонетикалық талдау жасаңыз
  Мектеп
6.Құрмаластың қай түрі екенін анықтап,жай сөйлемді жай сөйлемнің түріне талдаңыз
Мезгіл кешкіріп кетті,амалсыз қонуға тура келді.
7.Керекті тыныс белгісін қойып,құрмаластың қай түрі екенін анықтаңыз
  Опасыз адам жел сияқты алдыңда құдық барда артыңнан итереді.
8.Фонетикалық талдау жасаңыз
   Жақсылық
Қазақ тілі

2 жауап

+1 дауыс
Жақсы жауап
М - дауыссыз, үнді..
Е - дауысты, езулік, ашық, жіңішке
К - дауыссыз, қатаң
Т - дауыссыз қатаң
Е - дауысты, езулік, ашық, жіңішке
П - дауыссыз, қатаң
.
Ж - дауыссыз, ұяң
А - дауысты, ашық, езулік, жуан
Қ - дауыссыз, қатаң
С - дауыссыз, қатаң
Ы - дауысты, езулік, қысаң, жуан
Л - дауыссыз, үнді
Ы - дауысты, езулік, қысаң, жуан
Қ - дауыссыз, қатаң
.
7. Керекті тыныс белгісін қойып,құрмаластың қай түрі екенін анықтаңыз
 Опасыз адам жел сияқты алдыңда,  құдық барда артыңнан итереді.
6.Құрмаластың қай түрі екенін анықтап,жай сөйлемді жай сөйлемнің түріне талдаңыз
 Мезгіл кешкіріп кетті,амалсыз қонуға тура келді. (Мезгіл кешкіріп кетті, сондықтан амалсыз қонуға тура келді. ) Себеп -салдар салалас...
Мезгіл кешкіріп кетті - жай сөйлемнің жалаң түрі..
Амалсыз қонуға тура келді - "бізге" деген сөз жасырын тұр, бастауышы жоқ болған соң, жақсыз сөйлем болып табылады..
4.Құрмаластың қай түрі екенін анықтап,әрбір жай сөйлемді сөйлем мүшесіне талдаңыз
 Күн батты, тауды қара көлеңке басты. . - (Күн батты да, тауды қара көлеңке басты) - құрмалас салаластың ыңғайластық мәндегі түрі..
Күн батты - жай сөйлемнің жалаң түрі, (бастауыш және баяндауыштан құралған)
тауды қара көлеңке басты. - жай сөйлемнің жайылма түрі, себебі толықтауыш, анықтауыш, бастауыш, баяндауыш қатысқан...(сөйлем мүшесін ретімен жаздым)
3.Жай сөйлем түрлеріне талдаңыз
 Алыстан мұнар тау көрінеді. - бұл сөйлемде жай сөйлемнің жайылма түрі, себебі пысықтауыш, анықтауыш, бастауыш, баяндауыш қатысқан--ретімен жаздым бірінші сөз пысықтауыш, екінші сөз анықтауыш.....
2.Сөйлем мүшесіне талдаңыз
 Қаһарлы сөз қамал бұзар.
Қаһарлы - анықтауыш, йерелептеп сызамыз...
Сөз - бастауыш, астын бір сызықпен сызамыз..
Қамал - толықтауыш, себебі -ды деген табыс септігінің жалғауы жасырын тұр, астып үзік үзік сызықпен сызамыз...
Бұзар - баяндауыш, астын екі сызықпен сызамыз..
1.Тыныс белшілерін орналастырыңыз
 Пәлі, Абай аға, сізде есеп білемін деп мақтанасыз-ау!
Көп-көп рахмет Жасико!
+1 дауыс
1,Пәлі, Абай аға, сізде есеп білемін деп мақтанасыз- ау.
2,қаһарлы - анықтауыш,сөз-бастауыш,, қамал- толықтауыш, бұзар-баяндауыш.
4,салалас.Күн-бастауыш, батты-баяндауыш,, тауды-толықтауыш,қара-анықтауыш, көлеңке-бастауыш,басты-баяндауыш.
5.м-дауыссыз, қатаң
   е- дауысты,жіңішке,ашық , езулік,
   к-дауыссыз, қатаң
   т-дауыссыз, қатаң
   п-дауыссыз, ұяң
127,725 сұрақ
322,321 жауап
153,195 пікір
72,721 қолданушы