1.Жылу берілу кезінде ішкі энергияның өзгеруінің өлшемін жылу мөлшері деп атайды.
2.Жану жылуы (Qжж) 7000 ккал/кг мөлшеріне сәйкес келетін отынның шартты төлнұсқасы; кез келген отынның жылу-техникалық құндылығы осы мөлшермен салыстырмалы түрде анықталады. Нақтылы отынды шартты отынға айналдыру үшін "отынның калориялық баламасы" (Бк) деген түсінік қолданылады, бұл шама нақтылы отынның жану жылуы көрсеткішін (Qжж) 7000 калорияға бөлгенге тең (Бк=Qжж/7000).
3.Меншікті булану жылуы деп сұйықтың бірлік массасын қайнау температурасында буға айналдыруға қажетті жылуды айтады.
4.с=300 000км/с=300000000м/с=3 * 108 м/с.
5.Линзаның негізгі сипаттамаларына оның фокустық қашықтығы мен фокустық қашықтығына кері шама-линзаның оптикалық күші деп аталады.
6.Линзалардың екі түрі бар;өзінен өткен жарықты жинағыш және шашыратқыш.
ІІ
7. Q=A*I*<sup>2</sup>*R*t
8.Q=q*m
9.Q=r*m
10.Кулон заңы
Қозғалмайтын екі нүктелік заря вакуумде зарядтардың көбейтіндісіне тура пропорционал және олардың арақашықтығының квадратына кері пропорционал күшпен әрекеттеседі.
11.С = Q/U.
12.U=A/q
13.p=RS/l
14.A=qu
15.Г=h/H
Ғалымдар туралы мәлімет
17. Майкл Фа́радей (22 қыркүйек 1791 — 25 тамыз 1867) — ағылшын физигі, химик және физико-химик.
1821 жылы ол магниттiң токтағы өткiзгiш бойымен айналатынын және токтағы өткiзгiштiң магнит бойымен айналатынын бақылап, электр қозғағыштың алғашқы моделiн жасады. 1831 жылы барлық тұрақты және айнымалы ток генераторларының жұмысы негiзделген – электромагниттiк индукцияны ашты.1833 жылдан Корольдiк институттың химиядан Фуллерлiк профессоры болып 1862 жылға дейiн iстедi. Фарадейдiң жарияланған лекциялары кең таралды. Үлкен тәжiрибелiк деректерге сүйенiп, Фарадей ол кезде белгiлi электр “түрлерi", “жануардың", “магниттiк", термоэлектрлiк, гальваникалық электрлiк және басқалардың өрнекттелетiнiн дәлелдедi. Электр тогының тұздардың, қышқылдардың және басқаларының қоспаларынан өтуi оны электр тогының табиғатын ашуға итермеледi. Зерттеу нәтижесiнде 1833 жылы электролиз (Фарадей) заңын ашты. 1845 жылы Фарадей жарықтың поляризация жазықтығының магнит өрiсiнде айналу құбылысын (Фарадей эффектiсiн) байқады. Сол жылы диамагнетизмдi ашты, ал 1845 жылы – парамагнетизмдi ашты. Ол бiрнеше ұғымдарды енгiздi – қозғалғыштық (1827ж.), катод, анод, иондар, электролиз, электродтар (1834ж.); вольтметрдi ойлап тапты (1833ж.). 1830 жылдары өрiс ұғымын ұсынды, 1845 жылы алғаш рет “электромагниттiк өрiс" терминiн пайдаланды, ал 1852 жылы өрiс концепциясының формуласын жазды.
18.Исаак Ньютон, Корольдік қоғамның мүшесі (Үлгі:PronEng; 1643 жылғы қаңтардың 4-і — 1727 наурыздың 31-і (жаңа стиль бойынша) — ағылшын физигі, математигі, астрономы, табиғи философы, алхимигі және теологы.
Денелердің Орталық күш әсерінен қозғалу траекториясы конустық қима болатынын, оған себеп барлық планеталар мен кометалардың Күнге, ал планета серіктерінің өз планеталарына ара қашықтықтың квадратына кері пропорционал күшпен тартылуы екенін дәлелдеп, бүкіләлемдік тартылыс заңын тұжырымдады. Физикада Ньютон қызған денелердің суыну заңын, ақ жарықтың монохромат сәулелерге жіктелуін, сфералық мөлдір денелердің түйіскен нүктесінің айналасында интерференц. сақиналардың пайда болатынын, т.б. ашты. Ол – термометрді ойлап шығарған алғашқы ғалымдардың бірі.Астрономияны телескоптық бақылау мен математикаға сүйенетін жаңа ғылыми сатыға көтерді. Өзі жасаған екі айналы телескоп арқылы (1668) аспан құбылыстарын тікелей бақылады. Аспан денелерінің қозғалыс теориясын жасап, аспан механикасының негізін салды.
Өлшем бірлігін ата;
19.Температура бірлігі - градус (°C)
20.Жұмыстың өлшем бірлігі-ампер