0 дауыс
546 көрілді

10 жауап

+3 дауыс
Мектеп бітіргеннен кейін тұрмысқа шығуға ерте деп ойлаймын,оқуын оқып,жұмысын жасап жүргені өзіне жақсы.Егер күйеуге шығатын болса,ерте жастан босқа өмірін қор қыладығо.Шын жақсы көрседе,біраз жүре тұрғаны жақсы.Заман өзгергенбе не,түсінсем бұйырмасын!Ерте өміріңді тұрмыс құруға арнама,оданша 3-4 жылдай күтсін,егер оны жігіті күтпесе жақсы көрмейді дегені.25 жаста немесе 30 жаста шықсада асықпасын,өмір алда,шын ғашықтар түбі отау тігеді.Менің толық ойым осы,қате дейсізбе,дұрыс дейсізбе өз еркіңіз,менің ақыл-ойым емес жай ғана пікірім.
Ия, дұрыс 30жаста шықсын
қатырдың!)))))))))))))))))))))
мен бе?? неге?))))
0 дауыс
тұрмысқа шығуға асықпа дейіді ақылшылар. расында  асығудың қажеті жоқ, мүмкін саған өмірлік жар болатын адам емес шығар , жәй алдамшы сезімге беріліп, кішкене тұрып айырлысын кеткендер жеткілік. уйде сен ханшайымсын, айтқанынды, еркелігінді көтереді ата-анаң....... егер ол сол адамнын ішкі дүниесін білмесе , қателескені  болғаны. күнделікті сол жұмыс қайталана-қайталана  береді, тіпте жалығып кетердей боласын. бірақ адамның оз тандауы және пешенесіне жазылғаны бодады ,құрбына ұнап жүрген жігіт жақсы болар. ешкімнің айтқаның тындамай құрбын жүрегі не қалайды соны істесін, жүрек алдамайды(rock)
+1 дауыс
Күйеуге ерте шықпасын досыңызға айтыңыз. Жігіт ешқайда қашпайды. Одан мектебін бітіріп, ЖОО-на түсіп, жұмыс жасап, жағдайын жасап алса да үлгереді ғой.
0 дауыс
тұрмысқа шыққысы келсе шықсын себебі көптеген жамандықтың алдын алады
0 дауыс
айтқандарыныздын бари дурс сиздермен толык келисем бирак ата анасы ол кызды окытуга жагдайы келмейд ойткени анасы да акеси де жумыссыз 6 баласы бар жигити жигитинин ата анасы курбымды окытам дид курбым ойланыс устинде
Онда тұрмысқа шығуға болады...
Мен де солай ойлап жатқаным.....тек бір бірлерін суйсе болғаны.....өкініш деген болмасын....
0 дауыс
Мүмкіндік болса ерте үйлену керек, өйткені:
1. Отбасы деген махаббатың жалғасы болып табылады. Егер екі жұп кезінде үйленбесе, 10-12 жыл олардың арасында, алғашқы кездегідей махаббат сақталмайды.
2. Осындағы кеңесшілер айтқандай 30-жыл жалғыз өмір сүріп, соған үйреніп қалған адамдар, отбасы құрудан қорқады. Отбасылық өмірден алшақтағаны соншалық, үйлену дегеннен қашқақтайды.
3. Үйленген адамдар қиын-қыстау кездерін оңай қабылдайды. кез келген проблеманы бірлесіп шешкен оңай. Бірлесіп жұмыс атқаруды уйренеді. Қаржы міселесіне келсек те екі адам болып, ортақ бюджетке жұмыс істеген тиімді, жеңілірек болады.
4.Отбасы құрған адамдар өміршең болып келеді. Американдық психотерапевттер мен психологатр, үйленген адамдар арасында дипрессияға, жүрекқантамырлары ауруына ұшырау жағдайлары, бойдақ немесе айырылысқандарға қарағанда сирек кездеседі екен
5.Төсек қатынасы. Уйленеген адамда, бойдақтарға қарағанда, бұл мәселеде қиындықтар туығызбайды. Яғни аяқ асты бала көтеру, жеңіл жүрісті адамдар, т с с проблемалар азаяды.
6.Жас кездерінде үйленген адамдар елімізге де тиімді. Бала саны артады (30-ға келіп үйленіп қанша бала туа алады деп ойлайсыз?), үйленген адамда жауапкершілік, ұқыптылық қасиеттері дамиды.
7.8.9 деп жаза беруге болады. Қалай айтсақ та, мүмкіндік болса ерте үйленген дұрыс
+1 дауыс
Енді осы ережелерге табынамыз деп жұрттың бәрі үйлене берсе не болад? Олардың сонша жылғы оқуы,білімі не болад? Адам ең алдымен оқу арқылы ой-өрісін дамытып, айналаны жақсы тани білгені дұрыс. Оқуда да бізге адамдар арасындағы жақсы қатынасты,бала тәрбиелеуді де, талай-талай махаббат жырларын да оқып, үйреніп жатырмыз ғой. Бұларды отбасы құрмай тұрып, дайын болып барған дұрыс емес пе?Сонда ғана сен нағыз бақытты да,берік,шаңырағы биік отбасы құрып, ұрпақтарыңды осыған тәрбиелейсің. Сонда әлем гүлдейді!
Барлық дамыған елдерде оқу деген өмір бойы жалғасады. Үйленгесін оқуыңды таста, уйде отыр деп жатқан ешкім жоқ. Отбасындағы адамдар құқығы бірдей. жұмыс істесең де, оқу оқысаң да болады.
+1 дауыс
Менің ойымша мектеп бітіргеннен кейін тұрмысқа шығуға ерте деп ойлаймын. Оның алда атқаратын жұмысы көһп. Білім одан әрі жетілдіре түсу қажет. Ол ата-анасының үмітін ақтауы керек. Ата-анасына көмектесуі керек.
+1 дауыс
*Ерте...Ерте ! Шықпасын ерте.!
Мектеп бітіріп жатқан екен,оқуында оқып аяқтасын..
Оқуын тастап,ерте шығып кеткен қыздар өкініп жатыр емес пее...Өкініп қалмасын !*
+1 дауыс
қажеті жоқ сол қыздар неге жұмыс істеп ата-анасына көмектесуді ойламайды екен.Олардың алдындағы қарызын аз да болса өтеу керекқой.Бәрі керім боладыдеп ойлай ма екен ерте тұрмысқа шыққанда.Отырады ертен ата-анасының мойнына мініп жұмыс жасайын десе диплом жоқ.
...