+1 дауыс
700 көрілді
"Драмматургия туралы жалпы түсінік" керек еді.лекция түрінде жазып келу керек маған ертеңгіге.

2 жауап

+4 дауыс
 
Жақсы жауап
Драмматургия сөзі гректің «драмма»- әрекет деген сөзінен шыққан. Драмма, эпос-лирика сияқты көркем әдебиет түрі.Ал драмматургия бұл әрекетті сипаттау деген сөз.Ол көрерменге арналған қойылымды жүзеге асыруға арналған шығарма.Көрерменге арналған әрекеттердің классикалық үлгілері Феспид, Сафокл, Еврепидтен басталып, Мольер, Шекспир, Островский, Ауэзов шығамаларынан жалғасын табады.Драмматург жазған шығарманы актерлер сахнада шығарған.Өнердің дамуына байланысты драмматургиялық өзгеріске ұшырап отырады. Бірақ драмматургияға тән заңдылықтар қатаң сақталған.1.Ол жанр тазалығын сақтау, жанр ерекшелігіне драматургиялық элементтерді бағындыру. Мысалы: трагедия,комедия,мелодрамма, водевиль, фарс барлық жанрлар басты идеяға бағынған әрекеттер тізбегінің тұтастығын, қарама-қайшылықтың сақталуын, кейіпкерлер арасындағы әрекеттердің айқындығын және сол сияқты заңдылықтардың сақталуын талап етеді. Драмматургияның бұл белгілері халықтық мерекелер, салт-дәстүрлерден бастау алады.Кез-келген дәстүрлік әрекет рәсім, той, реттелген амалдардан тұрады. Онда да кейіпкерлер тағайындалып, олар өз ролдерін ойнайды.Драмматургиялық композицияның құрылымы келесіден тұрады: бастау,байланыс,даму,шарықтау шегі, шешім табу және т.б. бұның барлығы халықтық мейрамдарда, рәсімдерде қатаң сақталған.Мысалы: қыз ұзату, ұл үйлендіру-бұнда құда сайланады, той жасалынады.Аталған құдалар, құдалықтар өз рөлдерін ойнайды.Олар қарапайым мінездерін өзгертіп, айтылатын сөзін реттеп, киіміне дейін лайықтап образға кіреді. Драмматургиялық қарама-қайшылық құдалардың келісіп-келіспеуінен, бір-бірін сынауынан байқалады.Олардың өзара келісіп, мәмілеге келуі шарықтау шақ болып табылады, яғни барша жұрттың күткен сәті.Содан басқа мемлекет, шағын ұжымдар өткізетін той-мерекелік, салт-дәстүрлік әрекеттер, оның ішінде презентация, наурыз тойы, мерейтойлар, және т.б. драмматургиясы да осы заңдылықтарға бағынады.
Бүкіларалық қойылымдар драмматургиясының классикалық драмматургиядан өзгешелік көруге болады.Ол өзгешеліктер сыртқы сипаттамаларын байланысты.Яғни, орындаушылар, қойылым орны, кейбір көркемдеу құралдары.Бүкіларалық қойылымдарға жататындар: концерт,байқау,ойындар,театрландырылған қойылымдар,рәсім мерекелердің нақтылы және бейнеленген композициялық негізі болып табылады.Ол арнайы сценарий бойынша іске асырылады. Сценарий элементтері:
1.Сахналық көркем бейне-ол кейіпкер,қиялдағы бейне,безендіру элементі.
2.Көркем мағыналы блок.Сценарийдегі әрекеттер бірнеше маңызды әрекеттерден құрастырылған: 1) әрекеттерге сипаттама беру және жүргізушінің болуы.
2) сценарийге енетін материалдарды басты идеяға бағындыру, оларды монтаж арқылы байланыстырып, идеяны жеткізу.Сценарийден басқа тақырыпқа байланысты басты ұғым монолог (грекше моно-бір, логос-сөз) яғни бір адамның сөзі.Той мерекелік салт-дәстүрлік әрекеттерде бүкіларалық қойылымдарда нақты кейіпкердің, жүргізушінің жеке сөзі, яғни монологы болады.
0 дауыс
осыдан қарап көріңізші
http://kk.wikipedia.org/wiki/Драматургия
...