0 дауыс
134k көрілді
Кейінгі ықпалды сөздер деген не?
Сұрақтың жабылу себебі: жауабын таптым

1 жауап

+1 дауыс
КЕЙІНДІ ЫҚПАЛ
Сөз ішінде немесе сөздер аралығында кейінгі дыбыстың өзінен бұрынғы дыбысқа әсер етіп өзгертуін кейінді ықпал дейміз.
Сөздің соңғы дыбысы қатаң п, қ, к болып, жалғанатын қосымша дауыстыдан басталса, олар ұяң сыңарларына (п-б, к-г, қ-ғ болып) айналады, кейде п дыбысы у-ға айналады.
Мысалы:- күрек — күрегі, доп — добы, тарақ — тарағы, тап — таба, тауып — (тапып емес).
Кейінді ықпалдың жазуда ескерілмейтін түрі де бар:
а) Сөздің соңғы дыбысы н болса, жалғанатын қосымшалар қ, ғ, г, б, п дыбыстарынан басталғанда, н өзгеріп ң не м болып айтылады, бірақ жазғанда түбірі сақталады. Осылайша дауыссыздардың үндесуі біріккен сөздер мен сөз тіркестерінің арасыңца да болады.
Мысалы:
АЙТЫЛУЫ: Жанпейіс, Ермағанбет,
ЖАЗЫЛУЫ: Жампейіс, Ермағамбет,

ә) Түбірдің соңғы с, з дыбыстарының бірі ш дыбысының алдынан келсе, олар айтылуда ш дыбысы болып естіледі.
Мысалы:
АЙТЫЛУЫ: асшы, колхозшы
ЖАЗЫЛУЫ: ашшы, колхошшы

б) Түбірдің соңгы дыбысы з болып, одан кейін с, ж дыбыстарының бірі келсе, з дыбысы с дыбысына не ж дыбысына айналады.

Мысалы:
АЙТЫЛУЫ:тұз сал, жазса, бозжігіт
ЖАЗЫЛУЫ: түс сал, жасса, божжігіт
...