Құмырсқалар улкен тасты әкеліп, илеуін жаңбырдан қорғауы мүмкін емес пе?

0 дауыс
2.4k қаралым
Бүгін біздің қалада жаңбыр сіркіреп жауып тұрды. Мен мектептен үйге келе жатырмын жерге қарап, бір кезде қаз-қатар тынымсыз жүрген шамамен 200-300дей құмырсқаларға көзім түсті. Естуім бойынша құмырсқалар дауыл, құйын, қатты нөсер кезінде осылай беймазалық танытады екен. Сосын мен аяғымды ақырын басып иелуіне бардым.Илеуінің аузында үлкен тас жатыр екен. Менің ойыма бірден кішкентай балалар әдейі істеп қойған шығар, құмырсқаларды өлтіргісі келген шығар деген ой келді.Сосын үлкен тасты алып тастадымда, илеулеріне жол аштым. Әрі қарай уйге кете бердім.Енді уйге келсем, мынадай ой маза бермей қойды.Әлгі тасты құмырсқалар әдейі қойып қойған шығар алдын ала нөсер, дауылды сезіп.Ал, мен ол тасты алып тастадым ендігіде ол илеу суға толып қопарылған да шығар.Енді мен 200дей құмырсқаның өліміне себепкер болдым ба? әлде құмырсқа улкен тасты  әкеліп, илеуін жаңбырдан қорғауы мүмкін емес пе?
түсінікті етіп жаздым деп ойлаймын.Әлі ойымнан шықпай отыр...
Табиғат

2 жауап

0 дауыс
тым үлкен тас болса, оны құмырсқалар әкелуі екіталай) Қорықпай ақ қой))
жоқ тым үлкен емес кішкентай асықтай тас.
болған іс болды, керек болса тағы біреуін алып келе салады олар))
0 дауыс
жалпы, құмырсқалар тынымсыз болып келеді..Мүмкін, шыныменде көмектескен шығарсың!
127,680 сұрақ
322,222 жауап
153,247 пікір
72,704 қолданушы