0 дауыс
652 көрілді
Менің дос қызым бар, ол қыздан менің жасым үлкендігі бар, ол мені ағасындай көреді негізі... Жақсы араласамыз, арамызда құпия жоқ десек те болады, кездесіп тұратын едік... Енді кездескенде кәдімгі достар секілді ойнап-күліп, әңгімелесіп қайтамыз, кейде айтылатын әңгіме де қалмайды, сонда жәй бірге музыка тыңдап, видео көріп отырамыз, қысқасы қызық болмай кетеді кейде....
Кездесуге ылғи да мен шақыратынмын, соңғы кездері мүлдем сиреп кетті кездесу...
Енді ол мені шақыруды бастады, баста намекать етіп айтып жүрді, мен сезсем де өтірік тақытыпты ауыстырып әкетіп жүрдім, енді нагло айтты кеше, "ертең практикадан шыққан сон хабарласам деген адаммын ғой, сол хабарласқаным жоқ... Неге екенін өзім де білмеймін...
Мен оған ғашықпын, бірақ жәй дос болып кездесе бергім келмейді...
Қыздаааар, сіздерде осындай жағдай болғанда дос жігітіңізбен кездескенінде не қалайсыздар? Әңгіме айтып қайтарсыздар ал, бірақ менде оған айтатын әңгімем жоқ... Өмірім бір қалыпты, өзгеріс жоқ... Өзім жалыққандаймын құр кездесуден, енді оны да жалықтырмау үшін не істесем болады?
Бүгін хабарласқаным жоқ, хабарласпайтын да шығармын, басқа шаруаларым да бар... Кешкісін агентке кірсе тағы да айтары сөзсіз... Ертең суббота, уақыт жетерлік...  
Мені дұрыс түсініңіздер...
-

3 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Мен сізге қызды қарату туралы жазып едім, ұнатпадыңыз, көңіліңізден шықпады...ендеше мынаны көріңізші, өзіңізге көмектесер....
-Ақылсыз адамдар сәттілікке сенеді, ақылдылар өзіне сенеді.  А.Даниэль-Брюне
-Адам өз күшіне толық сенгенде ғана нәтижеге жете алады. Л.Фейербах
-Адамның ерік-жігері басымызға жазылған тағдырды да өзгерте алады. Ж.Кокто
-Өзіңді біреуге сыйлы еткің келсе, алдымен өз-өзіңді сыйлай біл. Грасиан-и-Моралес
-Өзін құрметтейтін адам өзгеге де құрметті болады. Л.Вовенарг
-Өзің туралы не ойлайтын болсаң, сол айтқаның келеді. Өзіңді жігерсіз, жасық деп есептесең, сол айтқаның айнадай келеді. Ел аузынан
-Өзіңізді өзгеден төмен деп есептер болсаңыз, өз атыңызды қара тізімге өзіңіз енгізіңіз. В.Зеланд
-Өзіңіздің төл табиғатыңызға өзіңіз сүйсініп, махаббатпен қабылдар болсаңыз, өзгелердің сізбен келіспеуге шарасы болмайды. В.Зеланд
-Өзіңізге бойыңыздағы жақсы қасиеттерді көрсетіңіз. Өзіңізді қалай көргіңіз келсе, жаратылысыңызды дәл солай қабылдай біліңіз. Сонда өзгелер де сізді дәл солай қабылдайтын болады. В.Зеланд
-Өзіңізге деген құрметсіздіктің тигізетін зияны, өзімшілдіктен келетін зияннан да асып түседі. М.Монтень
-Адамға ең керегі - өзіне деген сенімділік пен жігер. Жасықтық адамды құлдыратқан үстіне құлдырата түседі. Н.Рерих
-Жердің әр түкпіріндегі әр адам немен айналысып жүргендігіне қарамастан, планетамыздың тарихына әсер етіп жүр. Пауло Коэльо
-Сен бұл әлемде ет пен сүйектен құралған түкке тұрғысыз дене боларсың. Бірақ кейбіреуге бүкіл әлемнен де қымбат адам екендігіңді ұмытпа. Г.Маркес
-Сіздің қолыңыздан бәрі келеді. Тек бұл туралы сізге ешкім айтып үлгермеген ғой. В.Зеланд
-Өзінен көп үміт күтетін адам ғана жақсы нәтижеге қол жеткізеді. В.Гумбольдт
-Өзіңізге деген сенімсіздік - сәтсіздіктердің негізгі себепшісі. К.Боуви
-Құдай оған сенгендерден гөрі өзіне сенгендерге көбірек жәрдемші болады. Г.Матюшов
-Өзіңе сенші. Сол кезде өмірді қалай сүру керек екендігін бірден ұғасың. И.В.Гёте
-Сізден ешкім үміт күтпесе де, өз-өзіне сене білген адам - ер. Х. Маккей
-Өзіне сенбеген адам өзгеге де сенбейді. Ф. Ларошфуко
-Сізді кері тартып, төмендететін адамдармен бір жүруден сақтаныңыз. Өзіне сене білген адам ғана ұлы істерге баратындығын ұмытпыңыз. Марк Твен
Осы көмектеспесе білмедім, басқа да қолданушылардың жауабын күтіңіз..
Рап-рахмееет)) Жап-Жасико)) Іздегенім де осы еді))))хех)
+1 дауыс
Маған осылай дос болып жүру ұнайды. Бірақ ғашық болсаң оған өз сезіміңді білдір да.Мен ондайға мән бермеймін. Әрі дос,әрі махаббат жақсы емес пе? Оның да солай ойлайтыны сөзсіз.Егер ол сенімен уақытын керемет өткізіп,көңілді әңгімелер айтып жүрсе,оған сенімен кездесу ұнайтын болса, онда оның да сені ұнатпауы мүмкін емес. Ол да мүмкін сені жақсы көретін шығар! Егер арақатынасыңызды одан да жақсарта,құлпырта түскің келсе,оған өз сезіміңді білдір! Ал,Сәттілік!!!:o
Ай рахмеееет!
Барлығы сіз айтқанда оңай болсайш...
Жанагы жауабын керемет екен !  маган сол жазуды менiм агентегi логинiме жiбершi отiнiш !
Белгісіз
0 дауыс
Көркем оқып, явно жақтырмай жатыр. Бастысы бақытыңды ұшырып алма. Ойлан. Идеал, идеал деп жүріп махаббаттың күлін уыстап қалдым.
Көркем өзіміз ғой)) ол түсінер
...