маған мынаны аударып бересіздер ме ағылышын тілі не өтініш!!!

0 дауыс
443 қаралым
Какудың болжамы бойынша, 2030-жылы ғаламторға шығу мүмкіндігі бар линзалардың жаңа түрі шығады-мыс. Мұндай құралдың жобасымен Вашингтон университетінің профессоры Парвиз Бабак айналысып жатқан көрінеді. Бұл линза тек көзі нашар көретін адамдарға ғана емес, сонымен қатар, виртуалды әлемді өз көзімен көрем деушілерге де арналған. Яғни, ол адамның дауысы мен сөйлеп тұрған тілін анықтап, соған байланысты жауап қайтарады екен. Демек, өзге елдің тілін үйренбей-ақ, саяхаттай беруіңізге болады. Сонымен қатар, Энтони Атала алдағы уақыттарда адам организміне қажетті мұрын, құлақ, қан тамырлары, сияқты «бөлшектер» жаңа биотехнологияның көмегімен лабораториялық жағдайда өсірілетінін айтады.

2070-жылға қарай, ғалымдар құрып кеткен жануарларды қайта тірілтуді жүзеге асыратындарын айтып отыр. «Advanced Cell Technology» қызметкері Роберт Ланз: «Техникалық және теоретикалық жағынан қарағанда бәрі мүмкін. Тек, басты мәселе  сол ғылыммен айналысу мүмкін бе деген сұрақтың туындауы» - деп түсіндіреді. Ғалымдар ұзақ өмір сүрудің әдістерін де ойлап қойған.

Ең қызығы, 2100 жылы «бағдарламалық материяның» жаңа технологиясы пайда болады екен. Яғни, электрлі байланыс арқылы кез-келген заттың пішінін алатын микрочиптер қолданысқа енеді.

Массачусетс технологиялық университетінің профессоры Родни Брукс «роботтардың дәуірі» туады деп сенеді. Ол «Дарвиннің теориясы жұмысын толық тоқтатып, биология мен кибернетика ілімнен шығады» деген пікірде.
Әуелде адамдар ұшақ, автомобиль деген техникаға үрке қарап еді, солар бүгінгі күні ең қажетті көлік құралына айналды. Ал, жоғарыда айтылғандар жүзеге асып жаста, қатты таңырқаудың қажеті жоқ шығар.
Мектеп

Сіздің жауабыңыз

Спамға қарсы тексеру:
Үшке үшті қоссаң қанша болады?
Модерациядан өтпес үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
127,678 сұрақ
322,184 жауап
153,247 пікір
72,701 қолданушы