+3 дауыс
25.4k көрілді
Бірнәрсені ұға алар емеспін. Жалпы ер адаммен араласып, жүру деген оте керемет болғанымен оған ұнау да керексің, ол рұқсат сұрап ернімнен сүйетін, менің ешкіммен жүрмегенімнің, сүйіспегенімнің кесірінен. мен қашқақтай берем. онымен сүйісуден коркам, түрлі видеолар да көрдім, алайда, сүйісудің мақсаты не? жігіттер калай сүйгенді калайды, онын ерні мен тілін сорса болды ма?

4 жауап

+4 дауыс
 
Жақсы жауап
Сіздің 20 жасқа дейін жігітіңіздің болмауында екі себеп бар сияқты: сіз не шектен шыққан тәкаппарсыз, не бала махаббатыңызды әлі күнге сарыла күтудесіз. Қызға тән тәкаппарлықтың болғаны жақсы, «ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетпей». Бірақ, «тұмсығыңызды көкке шүйіріп», кей жігіттің ойын ұнатпай, кей жігіттің бойын ұнатпай жүргеніңізде, кәрі қыз атанып қалуыңыз әбден мүмкін. Әрі «ақбоз атты ханзада» тек ертегіде ғана өмір сүреді. Ал екінші жағдайға келсек, сіз күтіп жүрген жанмен түбінде бақытты болуға сеніміңіз болмаса, қателесіп жүрсіз. Ол жан өмірін өз арнасымен сүріп жүрген болар. Тіпті сізді ойлайды ма? Жауапсыз махаббат, көзсіз ғашықтық үшін өміріңізді құрбан етуге болмайды. Сағынып жүріп, күтіп жүріп, тағы да кәрі қыз атанып қалу қаупі бар. Жаныңызда демеу беріп жүретін, сіздің ішкі әлеміңізді сөзсіз ұғатын, сыйлайтын жігіттің кездесетініне сеніміміз мол. Құрбыларыңызбен қыдырыңыз, көңілді кештерге барыңыз, жастар көп шоғырланатын орындарды жиі аралаңыз. Қазір танысуға мүмкіндік өте көп. Сіздің жасыңыз  – нағыз алып-ұшқан көңіл-күйдің жасы. Сондықтан жігітпен қатынас құрудан қорықпаңыз.

Сүйісу қыз бен жігіттің арасында романтиканы толықтыра түсетінін есептемегенде, адам ағзасына тигізетін пайдасы да көп.

Сүйісу – стресске төтеп беруші құрал. Дәрігерлер сүйісу процесі соңы түрлі  ауруларға алып келетін ашу-ыза негізінің асқынып кетуін баяулататынын, миға көп көлемде эндорфиндер бөлетінін дәлелдеп отыр.

Сүйісу кезінде тісіңізді кариестен қорғайтын және эмалін қатайтатын калций мен фосфорға бай сілекей бөлінеді.

Сүйіскенде бөлінетін сілекей құрамында жараның жазылуын жылдамдататын антибиотик бар екені дәлелденді. Аңдар денесіне түскен жараны жалау арқылы емдегені сияқты, сүйіскендегі сілекей құрамындағы зат та тез әсер етеді.

Сүйіскенде беттің 38 бұлшықетіне күш түседі, бет терісінің қан айналымы жақсарып, әжім баяу түседі.

Сүйісу кезінде адам орта есеппен 9 калория тастайды. Бұл орта есеп қана.

Ықылық атып, тоқтамай жатса, сүйісу арқылы тоқтатуға болады.

Сүйісу кезінде қан тамырлары кеңейіп, қысым кішкене көтеріліп, жүрек тез соғады (минутына әйелдерде – 108 соғысқа дейін, ерлерде – 110 соғысқа дейін), адам минуты 60 рет тыныс алады. Бұлардың бәрі организмдегі қан айналымды жақсартып, қосымша оттегі алуға көмектеседі.

Ерін мен ерін түйіскенде жыныстық гормондар іске қосылады.

Амина, көктем келеді, құлпырыңыз, бір сарынды күндеріңізге жаңа леп беріңіз!
+4 дауыс
Кез келген нәрсе күндердің күнінде алғаш болады ғой, адам туылғанда өкпесі ашылып алғаш рет ауа жұтатын сияяқты.  Студент медбикенің алғашқы инъекция жасап, кейін ол оны мың рет, тіпті одан да көп жасауы мүмкін...
Бұныда сол сияқты деп ойлаңыз, алғаш рет дұрыс болмауы мүмкін, оны жігітіңіз де түсінер, кейін осы сұрағыңызды күліп еске аласыз))
+7 дауыс
Осы сұрақты қойып, кейін өзің өкінерсің, ұяларсың!
"Қызға қырық үйден тию" дегенді ұмытып бара жатырмыз...Қыз басыңмен осыны түсінбесең, білмедім....
Мүмкін солай шығар,Бирақ бұл саит айналаңдағылардан да сұрай алмайтын кейбір сұрақтарды ғаламтордағы достарымыздан сұрап білуімізге жасалган мүмкіндік емес пе?Сүйісе алмаса онда кыздын барынан айналайық!
Сіз жаңадан келген қолданушы болсаңыз, алдымен САЙТ ЕРЕЖЕСІН оқып алмадыңыз ба?
Бұл сайтқа өзіңізбен жасты достарыңыз кіріп жүреді дейсіз бе, кейбір ата-апаларымыз осы сұрақты оқыса, не болмақ? Сіздің ойыңызша қыз деген сүйісуді 5-ке білу керек деп ойлайсыз ба, хы ақымақтық, біле білсеңіз көп сүйісетін қыздар өзінің атына жақсы ат  әкелмейді
Сіз дұрыс түсінбедіңіз.Сүйісуді білмейтін қыздан айналайық дегім келген.Қазіргі заманда бір емес бірнеше жігітпен жүріп суйісудің түр-түрін оқытып жіберетін қыздар да бар емес пе?
Сүйісудің түр түрін оқытып жіберетін сіздің айналаңыздағы қыздар шығар, көптің атынан жауап бермей-ақ қойыңыз!
kurmetti kopshilik, barinizden keshirim suraymin. jasim 22-de. osi kezge dein jigitpen jurmegem, endi kelisim bergenimde osindai suraktar mazaladi. at salisip jauap bergenderinizge rahmet kop-kop.
+1 дауыс
Бәрі де болады ғой, жігітің қарсы болмаса болды.:)
Негізі инициативаны жігітің өзі қолына алуы керек қой, қыз бала суйісе алмаса ұят ештеңе жоқ. уайымдамай оқуыңды оқи бер

Ұқсас сұрақтар

...