+1 дауыс
16.2k көрілді
Адам жұмыртқаны жегенде жұмыртқаның қандай пайдасы бар және қандай зияны бар?

7 жауап

+3 дауыс
Жұмыртқаның құрамында ақуыз (белок) көп мөлшерде болады...
Жұмыртқаны шектен тыс пайдалану сүйекті ақауларына алып келеді...
Дауысқа, шашқа, тiптi бүкiл ағзаға пайдасы зор деген сенiммен жұмыртқаны шикiдей сiмiретiндердiң ендi бұдан былай ол әдеттен арылғандары дұрыс. Себебi дүниежүзiлiк медицина бүгiнде пiспеген жұмыртқаның пайдасынан гөрi зияны көптiгiн анықтап отыр. Бiрiншiден, жұмыртқаның дауысқа пайдасы бары ғылыми дәлелденбеген. Екiншiден, кез келген шикi аста кездесетiн секiлдi жұмыртқада да көптеген аурудың қоздырғыш вирустары жүредi. Солардың ең бiрiншiсi – құс тұмауы. Көпшiлiгiмiз қолданар алдында жұмыртқаның сыртын жууды бiлмеймiз де. Ал барлық вирус сол сыртқы қабыршығында болады екен. Сонымен қатар сальмонеллез атты адам ағзасына аса қауiптi инфекция шикi жұмыртқада жиi ұшырасады. Жұмыртқаны пiсiрiп жегеннiң өзiнде де оның белгiлi бiр мөлшерiнен артығы ағзаға зиян дейдi дәрiгерлер. Гарвард әскери-медициналық мектебiнiң мамандары аптасына алты жұмыртқадан артық жеген адамдардың өмiр сүру ұзақтығы 23 пайызға қысқаратынын анықтапты. Әсiресе, жас шамасы 40-тан асқандар, қант диабетiмен ауыратындар мен жүрек, бауыр ауруы бар адамдардың жұмыртқаны аса сақтықпен жегендерi жөн.
0 дауыс
Әсiресе, жас шамасы 40-тан асқандар, қант диабетiмен ауыратындар мен жүрек, бауыр ауруы бар адамдардың жұмыртқаны аса сақтықпен жегендерi жөн.
0 дауыс
Жұмыртқада белок көп. Ол адамға энергия береді. Жұмыртқа қамыр аухатты жегенмен тең. Сондықтан болаар әдетте 1-2 жұмыртқа жеген соң адамдардың  тойып қалатыны
0 дауыс
Жұмыртқаның пайдасы

Мұндағы пайдалы зат-жұмыртқа белогының аминқышқылдық жиынтығы. Ол адам ағзасының жоғарғы қажеттілігін қамтамасыз ете алады. Жұмыртқа әсіресе, өсіп келе жатқан жас балалар үшін аса бағалы тағамдық өнім болып саналады. Оның сары уызында жоғары сапалы белокпен бірге май мен фосфатидтердің, темір, жеңіл сіңірілетін кальций, фосфор, А және Д дәрумендері тәрізді құнды заттардың көп мөлшері бар. Жұмыртқада холестериннің салыстыра алғанда едәуір мөлшері болғанымен, оны ұлғайған адамдардың тамағынан мүлдем алып тастауға болмайды. Оларға аптасына 1-2 шала пісірілген жұмыртқаны, аздап уылдырықты жеп тұрғаны жөн.
 Қабығы аршылған жұмыр-тқаның орташа химиялық құрамы: 73,6 пайыз судан, 12,8 пайыз белоктан, майлардан, углеводтардан, минералдық заттардан (кальций, фосфор, т.б.) тұрады. Және де жұмыртқаның құрамында тіршілік үшін өте маңызды аминқышқылдарының бүкіл жиынтығы бар. Жұмыртқаның аса құнды бөлігі – сары уызы. Ол майларға, белоктарға, углеводтар мен минералды заттарға, дәрумендерге (А, В, Д, Е, т.б.) бай.
 Жұмыртқа – диеталық тағам. Оның шикі, шала және қатты етіп қабығымен бірге пісірілген сары уызы жақсы қорытылып, жеңіл сіңеді. Шикі белок нашар қорытылады, ағзаға сіңуі де қиынырақ
0 дауыс
Қайырлы тун!  жумыртканын кабыгын усактап талкандап  балаларга беруге бола ма? кальций кооп болад деп естип едим
0 дауыс
Шикi жумыртканы ишип тренеровка жасасан .ол протеин сиякты комектесеме ?
0 дауыс
Жумыртканын кабыгын калай пайдаланады
...