Жұмыртқаның пайдасы
Мұндағы пайдалы зат-жұмыртқа белогының аминқышқылдық жиынтығы. Ол адам ағзасының жоғарғы қажеттілігін қамтамасыз ете алады. Жұмыртқа әсіресе, өсіп келе жатқан жас балалар үшін аса бағалы тағамдық өнім болып саналады. Оның сары уызында жоғары сапалы белокпен бірге май мен фосфатидтердің, темір, жеңіл сіңірілетін кальций, фосфор, А және Д дәрумендері тәрізді құнды заттардың көп мөлшері бар. Жұмыртқада холестериннің салыстыра алғанда едәуір мөлшері болғанымен, оны ұлғайған адамдардың тамағынан мүлдем алып тастауға болмайды. Оларға аптасына 1-2 шала пісірілген жұмыртқаны, аздап уылдырықты жеп тұрғаны жөн.
Қабығы аршылған жұмыр-тқаның орташа химиялық құрамы: 73,6 пайыз судан, 12,8 пайыз белоктан, майлардан, углеводтардан, минералдық заттардан (кальций, фосфор, т.б.) тұрады. Және де жұмыртқаның құрамында тіршілік үшін өте маңызды аминқышқылдарының бүкіл жиынтығы бар. Жұмыртқаның аса құнды бөлігі – сары уызы. Ол майларға, белоктарға, углеводтар мен минералды заттарға, дәрумендерге (А, В, Д, Е, т.б.) бай.
Жұмыртқа – диеталық тағам. Оның шикі, шала және қатты етіп қабығымен бірге пісірілген сары уызы жақсы қорытылып, жеңіл сіңеді. Шикі белок нашар қорытылады, ағзаға сіңуі де қиынырақ