0 дауыс
575 көрілді

4 жауап

0 дауыс
Гүлнәр Бораш


Гүлнәр Бораш (Смағулова) (5.9.1958. Алматы қаласы) – телережиссер. Алматы театр көркемөнер институтын бітірген (1990). Еңбек жолын Қазақ теледидарының насихат және үгіт хабарлары Бас редакциясында әкімшіліктен бастаған. Кейін Қазақ теледидарында, "Алатау" арнасында режиссер ассистенті, режиссер (1978-85), "Хабар" агенттігінде режиссер (1986-98), "Қазақстан" телеарнасында бас режиссер (1999-2006), "Век" шығарм. бірлестігінде шеф-режиссер (2008). 2009 жылдан бастап "Хабар" агенттігінде режиссер болып істейді.

Телеэкранда"Аламан Айтыс", тікелей эфир арқылы саяси пікірталастар, "Дала-думан", телемарафон, "Сандық", "Қымызхана", "Шамшырақ" бағдарламаларын эфирге шығарды. "Бірінші" деректі бейнефильмінің және республиканы мекендейтін ұлттар мен ұлыстар жайлы "Қазақстан" фильмінің режиссері. "Алтын жұлдыз" конкурсының иегері. Қазақстан Журналистер Одағының лауреаты. "Күміс жаршы" Құрмет белгісімен, дипломдармен марапатталған.
0 дауыс
Ғафиз Есімов, опера әншісі, театр режиссері, Қазақстанның халық әртісі, Құрманғазы атындағы ұлттық консерваторияның профессоры
0 дауыс
Темір (Тимур)Нұрыахытұлы Бекмамбт (ағылш. Temir Nuruakhituli Bekmambet; маусымның 25,1961, Атырау қаласы,Қазақстан) – шығу тегі қазақ, клипмейкер , продюсер, кинорежиссер.

Биография

25 маусымда Атырау қаласы қаласында дүниеге келген . Әкесі Нұрыахыт Бекмамбет — "Атырауэнэрго" - дағы басшы жұмысшы.

C.M.Киров атындағы №17 орта мектебін бітірді. Мәскеулік Энергетика Иститутында оқыды, бірақ оқуын бітірмеді. Кейін Ташкент қаласына қоныс аударды.

Еңбек жолын 1986 жылы “Перед большой дорогой на войну” телефильмінде қоюшы- суретші болудан бастаған.1987 жылы А.Островский атындағы Ташкент театр-көркемөнер институтын бітірген. Ол кезде оның мамандығы "театр және кино суреткері "болды. Сонда ол Виктор Вержбицкиймен танысты. Ақырында ол оның тұрақты, үздіксіз актерi болды.

Ашғабадта армияда қызмет етті. "Ильхом" театрында және "Өзбекфильм" киностудиясында суретші болып қызмет істеді. 1978 жылы 17 жасында ол Мәскеуге қоныс аударып бейнебаяндар түсірумен айналысты.

Киномансабы

1989 жылы "Кредит Москва" -банкіне жарнамалық сюжетін даярлады.1989-1990жж “Даттана” франциялық компаниясымен “Арал теңізі” көркем фильмнің жобасында қызмет атқарды. 1994 жылы Сорренто кинофестивалінде әділқазылардың арнайы жүлдесі мен арнайы киносыншылардың Кинотаврдегі арнайы сыйлығын иеленген “Пешаварский вальс” толықметражды фильмі сценарийінің авторы және режисері болды. 1994 жылы Карловы Вары Халықаралық кинофестивалінде ең үздік режиссерлік жұмыс пен актерлік құрамның жүлдесіне ие болды.Менатеп банкінің жарнамалық бейнебаяндарының авторы. 1994 жылы Михаил Лесиный, "Видео Интернешнл" компаниясының жетекшісі арқылы Сергей Родинов, "Империал" банкінің президентімен танысады.1992-1997 жылдар аралығында Cергей Родиновтың тапсырысы бойынша 20 жарнамалық ролик түсірді және түсірген жарнама роликтері кейін оны аудиторияға кеңінен танымал етті. 2002 жылы Сэлдом”, “Пепси” банкілері туралы жарнамалар түсірген. “Риал рекордс” компаниясы тапсырысы бойынша Юлия Чичеринамен бірлесіп 3 музыкалық “Ту-лу-ла”, “Жара”, “Дорога” клиптерін түсірді. “Жара” клипі Ресей кино академиясының арнайы жүлдесіне ие болып, “MTV Music Awards-2000” номинациясына ұсынылды. РТР телеканалының тапсырысы бойынша сегіз сериялық теледидарлық көркем "Наши 90-e" атты фильмін түсірді. Роджер Корман студиясы үшін "Гладиатрикс" фильмін түсүруге шақырылды. Түсіруі Ресейде басқарылды, фильм 2001 жылы экрандарда жарық көрді.

2004-2005 жылдары оны атаққа шығарған Сергей Лукьяненконың "Ночной дозор" және "Дневной дозор" аттас романы бойынша түсірілген фантастикалық фильмдерінің режисері әрі тең авторы. 2005 жылы Голивудқа шақырылған болатын.[4]

Эльдар Рязановтың рұқсат етуімен бірнеше ұрпақтың сүйікті киносына айналып үлгерген "Ирония судьбы" фильмінің де жалғасын түсіріп, бұл картина Ресей кинобизнесіндегі долларлық табыс табу рекордын түбегейлі жаңартты.

2006 жылы Жерар Депардье түскен ұялы телефон операторына арналған екі жарнамалық роликтің режисері.

2008 жылы әлемдік прокатқа "Особо опасен" фильмі шыққан алғашқы аптада 80 миллион доллар жинап үлгерген, әйгілі Анджелина Джолидің қатысуымен Голливудта түсірген фильмінен кейін, Темір Бекмамбетов Астанада өткен 5-ші халықаралық "Еуразия" кинофестивалының құрметті қонағы болды.

ЗАО "Империал фильм", киностудия "ТАББАК" және Базелевс Продакшн компаниясының ұйымдастырушысы және бас директоры.
0 дауыс
Талағат Теменов 1954 жылы  23 қарашада  Алматы  облысы,  Шелек  ауданындағы  Малыбай  ауылында  мұғалімдер  отбасында  дүниеге  келген.          1972 - 1976 жылдар  аралығында  Құрманғазы  атындағы  Алматы  мем-лекеттік  консерваториясының  театр  факультетінің  кино  және  театр  арти-сі  бөлімінде  оқып,  актерлық  мамандығын  алған  соң,  1976-1980 жылдары  Талдықорған  облыстық  драма  театрында  жұмыс  істеді.  Шығармашылық  ізденіс,  кино  өнеріне  құштарлық  оны  «Қазақфильм»  киностудиясына  алып  келді.  Онда  режиссердің  көмекшісі  және  сценарист  болып  қызмет  етті.  1982 - 1986 жылдар  аралығында  Мәскеудегі  Сценаристер  мен  режиссерлердің  жоғарғы  курсында  Сергей  Соловьевтің  шеберханасында  білім  алды.  1988 жылы  «Мосфильмде»  «Адамдар  арасындағы  бөлтірік»  фильмін  түсірді.  Ол  түсірген  «Қызғыш  құс»,  «Махаббат  бекеті»,  «Қаза-дан  кейінгі  жаза»  фильмдері  әлденеше халықаралық  кинофестивальдерде  жүлделерге  ие  болды.

Талғат  Теменов:  1994 - 2000  жылдар  аралығында  Т. Жүргенов  атындағы  Театр  және  кино  институтының  ( қазіргі Өнер Академиясы ) ректоры  және  2000 - 2003 жылдары  «Қазақфильм»  киностудиясының  көркемдік  жетекшісі  қызметтерін  атқарған.

Ол:

- 1986 жылдан  Қазақстан  Ленин  Комсомолы  сыйлығының  лауреаты;

- 1993 жылдан  Қазақстан  Республикасының  еңбек  сіңірген  қайраткері;

- 1998 жылдан  Қазақстан  Республикасының  халық  артисі.

- 2005 жылы  ҚР-ның  «Құрмет»  орденін  иеленген.

- 2006 жылы  «Алтын  адам»  атанған.

Т. Теменовтің  соңғы  кезде  жазған  «Көгілдір  такси»,  «Алма  бағы», «Мулен Ружға  шақыру»  пьесалары  республика  театрларының  біразында  қойылып,  көрерменін  көзайым  етіп  келеді.

Ал,  оның  актер  ретінде  сахнада  сомдаған  Қалдан  Серен ( Т. Қалилаханов ,,Алтын бесік,, ), Жантай  ( Ш. Айтматов ,,Жәмилә,, ), Хайдарбек  ( Қ. Мұхамеджанов ,,Өзіме де сол керек,, ), Хлестаков  ( Н. Гоголь ,,Ревизор,, ) сияқты  образдары  кезінде  қазақ  сахна  өнерінің  өресін  биіктеткен  бейнелер  болды.

Талғаттың  диплом  жұмысы  ретінде  түсірген  ,,Торо,,  ( Киев, ,,Жастық-86,, кинофестивалі ), ,,Адамдар  арасындағы  бөлтірік,,  ( Германияда өткен халықаралық фестиваль, 1999 жыл ) бірден  бірнеше  жүлделерді  иеленді.

Қазақ  кино  өнері  үшін  белесті  кезең  болып  табылатын  ,,Көшпенділер,,  фильмінің  көркемдік  поэтикалық  болмысындағы  мерей-мәртебені  өсірер  көріністер,  сөз  жоқ,  ең  алдымен  Т. Теменовтің  табандылығы  мен  дарынының  жемісі...

Т. Теменов  2005 жылдың  25 тамызынан  бері,  Ғ. Мүсірепов  атындағы  Қазақ  мемлекеттік  академиялық  балалар  мен  жасөспірімдер  театрының  Көркемдік  жетекшісі  және  директоры  қызметін  атқарып  келеді.
Суреті ғаламторда толып жатыр
-
...