Қазір жеміс-жидек болсын,азық-түлік болсын,киім-кешек болсын қытайдың өнімдерін,тауарларын пайдаланбайтын адамдар жоқтың қасы.Ол тауарлардың қаншалықты зияны бар екенін тексеріп жатқаны бір Аллаға ғана аян. Біздің теңге құмар қызметшілеріміз оларды мұқият тексереді дегенге сену өте қиын.Бірақ жемістерінде түрлі пестициттердің тиісті мөлшерден анағұрлым артық екені дәмінен ақ көзге ұрып тұрады.Сырты жылтыраған алмасын жесең қағаз шайнағандай боласың.Қазір аяғы қақсамайтын Қазақстандақ азамат таппайсыз,ал қазақстанда шұлық шығаратын фабрика жоқтың қасы,киетініміз қытайдық шұлықтары.Аурудың одан емес екендігіне кім кепілдік береді.Асқазаны ауырмайтын,қан қысымы көтерілмейтін қазақ жоқ,қытайдың тамағынан емес екендігіне кім кепілдік береді.Әлі әзір оған бас қатырар басшылар жоқ,Қазіргі күн тәртібіндегі мәселе айналамыздағы алыс-жақын мемлекеттермені экономикалық,сауда-саттық қарым қатынасты өрбіту.Бұл мемлекетіміз үшін өте кажетті шаралар.Соны пайдаланған пысықайлар сапасыз өнімдерді заңсыз жолмен кіргізуді тоқтатпайды.Сондықтан да тұтынушылар,демек өзіміз талғам,талаптарымызды,қырағылығымызды ұшқырландыруымыз керек. 20 жыл деген көп уақыт емес,әлі ақ бәрі орнына келеді.Бірақ соғыс құрбандықсыз болмайтыны сияқты,бұл жерде де зиян шегетіндер болуы даусыз.Сондықтан да Аппатағалам:-" сақтанғанды сақтаймын"- деген,өздеріңіз сақ болыңыздар дегім келеді.