Мен бір жанға шынайы ғашық болдым, басында мен оған жәй ғана қызығушылықпен қарадым..Кейіннен мен сол жанға шын ғашық болып қалдым...Мен бұл сезімді тоқтатқым келді, бірақ ол жанның менімен жай ғана дос болып жүрейік деген сөздері мені қатты қинады, ия дос болып жүрдік, әлі де солай жүріп келеміз, бірақ ол жанның мені үнемі қасынан көргісі келетінін ішімнен сезіп жүремін, ол мені сағынатынын да сеземін, бірақ жай ғана доспыз...Сол жай ғана дос, өзінің сүйе алатынын айта алмас, әрине...Өзгелер айта алса да, мен айта алмадым...Бірақ осыным дұрыс па? Әлде ол үшін мен екінші адам (запасной) болып қалдым ба деп ызаланамын...сезімдер адамды небір ойға әкеледі екен...Мен оны үнемі көргім келеді, құшағыма қысқым-ақ келеді, осыншама жарты жыл өтсе де, тіпті әскерден жігіті келсе де, оның маған деген сезімінің суымағанына таң қаламын...мүмкін ол да мені сүйетін шығар..бірақ, ол сезіміне берік жан...менімен бірге бола алмайтыны айтқан...бірақ неге мені үміттендіре береді...неге мені қуып жібермейді...неге мені қинайды? Неге?