Бала кезіңізде нені шындық деп ойлап едіңіздер?

+3 дауыс
1.4k қаралым
Мысалы мен балалар анасының кіндігінен туады деп ойлағанмын))
телевизорға видео калай келетініне басым жетпейтін))))
машынаның поворотниктері, бұрылу керек болған кезде, өздігінен қосылады деп  ойлағанмын)))
• Санаты: Жалпы сұрақ | 1.4k қаралым

21 жауап

+9 дауыс
Жақсы жауап
Есек аттың күйеуі дегенге сенетін едім.) Қазір, соны есіме түсірсем күлемін...
Қараңғыда жүрме, бүжи жеп қояды дегені ше? Соған да сенгенмін...
Үлкеен, семіз адамдардың кішкентай кезімде адамдарды жейді деп ойлайтынмын...
Ужас киноларды көрсем, шын өмірде де кездеседі деп ойлайтынмын...
Кішкентайымда мамамның қайда баратын сұрай беретін едім, сосын укол салдыруға кетіп бара жатырмын дегенге кәдімгідей сеніп қалатын едім..
Әжемнің аспаннан шекер жауған, оны біз қапқа салып жинап алғанбыз дегеніне сенетін едім.)
Миым жетпеген басым құстарды тауықтардың балапаны деп ойлайтын едім.)
Қадір түнінде, Қыдыр ата келіп, барлық тілектеріңді қабыл қылады дегенге сенетін едім, ...әлі де сенудемін...
Түннің бір уақытында ұшып жүрген ақ киімдегілерді періште дегеніне сенетін едім...
Құрма жемісінің дәнегінде орналасқан пішіні қасыққа ұқсаған кішкене ақ өзекшені Аллаһтың қасығы дегенге сенетін едім
Жалпы мен сондай сенгіш қыз едім...
Әжең әзілшіл екен)))))
+8 дауыс
- Әлемдегі  Барлық - барлық иттердің қабаған екенін және әлемдегі барлық - барлық мысықтың себепсіз тырналай беретінін  шындық көретінмін. (Біреу жолатқысы келмеді ...)
- Аяз Ата)
- Сенікі -  "кіндік" болса, Менікі  - "Орамжапырақ" болатын.
- НЛО -ға сенетінмін.  "Құрылысымды зерттеумен айналысады ..анау-мынау")
- Жараны жеуге болатынын да;
- Тағы есіме түсірсем, айта жатармын.
+4 дауыс
Мен үй үлкенi болғандықтан әженiң баласымы3 деймiз.ҮНЕМI мен әже сен менi қалай тудың десем:әжем-мен сенi "АХ"ДЕГенiмде аузымнан туғам дитiн соған сенетiн едiк)))
+5 дауыс
*Мен үйдің кенжесі болғандықтан, мама,папа АҚ дегенде аузымнан түскен қызым дейтін.Мен соған сенетінмін ,мен ауыздан түстім деп,аға апаларым сені құсып жатырғанда туған деп күлетін)))
Сосын нулевой  класс оқығанымда,Аяз атаны алғаш көргенімде,соған сенгем)
Сосын тағы аспандағы жұлдыздарды ракета деп ойлайтынмын))
Тағы, адам өлгенде,аспанға ұшып кетеді дегенде сендім... нағашы апам қайтқанда, маған мама аспанға ұшып кетті,енді келмейді,келе алмайды деп айттығой(
Ой айта берсең көп ... бала кезімізде бәрін,бәрін шын көрдікко)))))))))))
Мен түс деген не екенде білмедім... ол кәдімді қызыл,жасыл түстер шығар деп ойлағам...шынында адамдар ұйықтағанда...қызыл,жасыл түстер көреді деп))))))))))))))))))))))))))))))))ойй осының бәрін қазіргі балаларға айтсаң,сенбейді ғой...іштен бәрін біліп шыққандай...)*
хехехеех))) АҚ дегенде аузыннан түскен қыз)))
Қазіргі балаларға компьютерге дейін жақсы біледі, бір нәрсені көрсетсен тез ұғып алады, 9 ай іштен бәріп туылғандай)))
хех))
ияяя,қазіргілердің білмейтіні жоқ...
+4 дауыс
мен кішкентай кезімде ужас киноларды өмірде шын болады деп ойладым.
мультфильмдердегі кішкене фея қыздарға сенетінмін.
+5 дауыс
Мен кішкене кезімде кинода біз оларды, олар бізді көреді деп ойлайтынмын. Қой құрысын әдемі болып жүрейін, жаман кейіпкер болмайын деп тырысып жүретінмін)) айна алдынан шықпай, шынымен мені олар көріп, тамашалап жүргендей-ақ. Қалды ғой бәрі)))  
Одан кейін көлеңкені су екен деп ешқашан баспайтынмын. Үйге кірер алдын көтеріп кіргізіп, көтеріп шығарушы еді. Болмаса жылаймын.)))
Ақшаның аспаннан жауатынына сенетінмін.
Әжеміз "бисмилләһ" деп айтуды үйретіп қойғандықтан, дәл жанымда ылғи періште еріп жүретініне сенетінмін)))  <s>әлі күнге сенемін</s>
Мультфильмнің телевизордан қалай көрсететініне әсте миым жетпейтін. Оның бәрін сол телевизордың ішіне салып қойған деп ойлаушы едім. Содан үйдегі ескі телезивизорды шұқылап, ақтарып тастағаным бар))))
Інімнің перзентханада ауысып кеткеніне сенетінмін, ағамды мусордан тауып алғанына да))) ал өзім бір үйдің жалғыз қызы екем деп)))
Тағыда айтайын ба?)))))))
Сенің жазбаңнан кейін балалығым болмаған сияқтандым)  _ _ _ТАҒЫ АЙТШЫ..өтініш)
Иə, сүтіп ашсам мультиктердің бəрін бірден көріп алам деп па
+4 дауыс
-Аспанда өзімен өзі ұшып кетіп бара жатқан қарға төбеңнен өтіп кетсе, бітті ертең "2"аламын дейтінге;
-"Сабақ оқымайтын балаларды тышқаны бар бөлмеге қамап қоямын!"- деп айтатын апайға;*)
-Ата-анам әкемнің інісі мен әйелі деп келгем, соған көөп жылайтынмын; *)
- Аяз ата мен гномдарға; -сенетiнмiн *))
)))))) ия ,бізде қарға төбеңнен өтіп кетсе, бітті ертең "2"аламын дейтінге сендік қой) есіме түссе күлкім келеді)))))))))) жолдын қақ ортасына отырып алатын едік.... қарға,қарға кетіп бара жатыр,отыр,отырындар деп айқайлап))))))))))))))
+5 дауыс
Аяз атаға  сенетінмін.

Картина немесе ТВ қарасам жан-жағынан айналып қарайтынмын.Типо ар жағы көрінемекен деп.

Шаңсорғышқа жақындамайтынмын жұтып қоятын секілді еді.
+4 дауыс
Бұрынғы кинолар ақ-қара форматта болғасын, бұрын адамдар солай көретін деп ойлағанмын)))(черно-белый)
менде-де сондай болатын тұғын.
Мен де кішкентайымда соғыс туралы кинолардағыдай черно-белый  болады адамдар, солай көреді олар деп ойлайтынмын))
+2 дауыс
Аяз-Атаға сенетінмін:D
+3 дауыс
Неше түрлі ырымдарға сенетінмін    қазір   ондай ересек адамдарды да кездестіресің.        Қылшық жұтып қойсаң жүрегіңе оралып қалат,  сосын қыл тамақ болады екен деп  қылшықтардан фобия болатын.   Сосын  тырнақ ішіңе кетіп қалса ішіңде өсіп қарныңды тесіп шығат деген қорқыныш болатын.  Және   қыз бен жігіт үйленгесін ғана бала болат деп есептейтінмін. Махаббаттан бала шығат деп.      Бірақ бірнәрсеге  барына күдіктенетінмін )
+2 дауыс
мен аспанда найзағай ойнаса Құдай светті тайақпен ұрып сол жарқылдап жатыр деп ойлайтынмын:D
+3 дауыс
Қуыршақ тіріліп кететін деп ойлайтынмын. Және телевизордың әйнегін алып тастағанда адамдарды бері қарай алуға болады деп ойладым.Кеше қарай далада кетіп бара жатқанда жердегі құттай тесіктерді шұңқыр деп  секіріп өтетінмін. Үлкен кісілерді мамаларының ішінен солай шығады деп ойлап жүретін едім. Сосын сол үлкен адамдарды құттай бала болған жоқ деп, қара-ала(черно-белый) фотоларға қарап, сол кезде дала сондай түсті болған деп ойлайтын едім.
Жаңбыр жауып жатқанда оны бақаның дәреті(сідік) деп ойлайтын едім
вахааха екен..))
мен баяғыда адамдарды қазір қалай жүрген болса солай туылған деп есептеуші едім...әжелер кішкентай болып қалған ғой, ал оның балалары дәәу...ваще түсінбейтін едім, қалай қалай туылған өзі, ішін жарып алған бааа деееп, қалай өліп қалмаған...
уахахахаххахаха)
+1 дауыс
Бір нәрсенің , заттың астынан өтуге болмайды, бойың өспей қалады дегенге сенгенмін.
0 дауыс
жаңбыр жауғанда Құдай түкіреді деп ойлайтын едім))
0 дауыс
Ал мен алтын балыққа сенетін едім. Қашан соған 3 тілек айтам деп журетін едім. Және теледидардың артын ашып, ішіне кірсем барі мені көреді деп ойлайтын едім. Аспаннан жауған бұршақ денеге тисе жарылып кетесің дегенге сенетінмін. т.б өте сенгіш едім...
бұдан былай қазақша әріппен жазып үйрен.
0 дауыс
Мен кішкентай кезімде шың аяз ата келеді деп армандағам)))))))))))))))))))))))))))))))))
Мен үлкен қарны шыққан кісілер 2 қарбыз 1 әңгелек жұтып қойған деп ойлайтынмын
0 дауыс
Уйдин кенжеси болгандыктан, папа менин кызым,озим туып алгам дейтин,калай дегенде ах дегенде аузымнан тустин деп айтатын, мен сонда ойлайтынмын мен папанын аузынан тустим, ал калган балдар мамасынын ишинен шыгады деп)))))тунде жыласан шашын туседи дегенге де сенетинмин)))
0 дауыс
- Мен теледидардың экранын сындырсам, ішіндегі адамдар бері қарай шығады деп ойлайтынмын;
- Үйдегіледің: "Сен папаңның аузынан түсіп қалғансың" дегеніне сенетінмін;
- Ажемді сиқыршы деп ойлайтынмын)
- "Қадір түнінде" мама-папам: "Қадір ата келді, саған сабағын жақсы оқысын деп жатыр, күнделігінді тексеріп сені мақтап жатыр" дегендеріне мәз болатын едім <a target="_blank" href="http://smayliki.ru/smilie-876451815.html"><img src="image ></a>
0 дауыс
Аяз атаның барына сенгем  жыл сайын күтіп жүретінмін
0 дауыс
телеви белыйзордың арты ұзындау төртбұрыш еді, муьтфильмдердің бəрі осы жерде тұрад деп ойлайтынмын, арт жағына барып тұрып ішін ашып көргім келіп тұратын; Айдана айтқандай аспанда дəл сенің тура үстіңнен құс өтіп кетсе жолың болмайд деп, отырың отырың деп отырып қалатын едік; Адамдар өлсе аспанға ұшып кетед, өлгендердің бəрі сол жерде аппақ көйлек киіп, аппақ қанаты бар періштелермен бірге өмір сүред деп елестететінмін; Черный белый киноға қарап сол кезде адамдар солай көрген əрі айнала сондай болған деп Үйдің қасында 2этаждай үлкеен заводтың ішінде үлкендігі заводпен бірдей горилла бар дегенге, үнемі қасынан өткенде тезірек өтіп кетейікші дитін едім

Ұқсас сұрақтар

+10 дауыс
37 жауап
127,937 сұрақ
322,812 жауап
153,169 пікір
72,931 қолданушы