Мына жауаптардың бәріне қарсы уәж айтамын.
Таза жаңбыр мен қар суында ешқандай минералдық қоспалдар болмайды. Олар минералдын жүз процент тазартылған. Таза жаңбыр суымен шашыңызды жуып болған соң шайсаңыз шашыңыз жібектей жұмсарып шыға келеді. Ол ол ма, тіпті жуыныңыз деп кеңес беремін, теіңіз жас сәбидің терісіндей жұмсарады. Байқап көріңіз. Тек ескеретін жәйт жаңбыр суын дәкеден өткізіп, тазартып алыңыз. Қазіргі таңда қалалар мен далаларда көптеген заводтар мен фирмалар жұмыс жасайды. Сондай-ақ, олар ауаға зианды қалдықтар шығарып, түтін бұрқыратады. Ал ол зианды заттар ауа арқылы бұлттарға жайылып, ол бізге жаңбыр боп құйылады. Сондықтан да жаңбыр мен қар суы ішуге жарамсыз болып табылады.
Негізінде жаңбыр суы адам ағзасына өте пайдалы сусын. Айдалада, ауасы таза аймақтарда өмір сүретін адамдар жаңбыр суын пайдаланады. Оған жуынып қана қоймай ішеді де, тағам пісіреді. Олар біздерге қарағанда алдеқайда жас, денсаулықтары мықты келеді.
Жаңбыр суы шашыңызды өсіріп қана қоймай шашыңызға нәр, өң береді. Тек жаңбыр суын қайнатып 4-5 қабат дәкеден өткізіп барып пайдалануыңызды ескеремін.
Далада кенет жаңбыр астында қалып кетсеңіз шашыңыздың аздан болса да ұзаратынын байқамап па едіңіз? Ал шашыңыз кепкен соң жібектей жұмсарып қалатынын ше?