Арманыңдағы жігітке жолықтырар 16 қадам?

0 дауыс
420 қаралым
Арманыңдағы жігітке жолықтырар 16 қадам ?
• Санаты: Жалпы сұрақ

2 жауап

+1 дауыс
*1. Өз-өзіңді алдама*
 Сонымен сен жақсы жігітті кездестіргің келеді. Мұны мойындаудан қашпа. Махаббатыңды іздеу – қиын іс, бірақ қай уақытта да оны бастау керек. Егер сен өз-өзіңе бақытыңды тапқың келетініңді мойындасаң, бұл сенің жолың болмайтын қыз немесе жігіттердің саған жоламайтынын білдірмейді. Бұл сенің ер жетіп, ақыл тоқтатқан тәжірибелі екеніңді білдіреді.

*2. Басқаларды да алдама.*
 Айналаңдағылармен сөйлескенде өзіңнің тәуелсіз және өз-өзіңе жетіклікті екеніңді сызып айтпа. Саған ешкім де керек емес сияқты түрді көрсетпе. Достарыңмен өзіңе лайық жігітті іздестірудемін деп ой бөліс. Оларға өз орталарынан саған лайық деген жігітті іздестіріп көрулерін сұра. Ал сосын қонаққа шақырып, тосын кездесу ұйымдастыруға да болады.

*3. Өз өміріңе талдау жаса*
 Өзіңнің бақытты болуың үшін не керегін және өз жігітіңе өміріңнің қанша бөлігін сыйлайтыныңды білмейінше – оны табу қиынға соғады. Мынадай бір тәсіл қолданып көр. Бір қағаз алып шеңбер сыз да, көз мөлшерімен бірнеше секторларға бөл. Бір сектор сенің өміріңде карьераның алатын өлшеміне сай келу керек, келесісі – жігітіңе арнаған өлшемнің орны, үшіншісі – қызығушылықтарыңа, сосын хобби секторын белгіле, достарыңа арналған сектор, және тағы да басқа өзіңнің қалауың бойынша бөлімдер. Бұл жай ғана диаграмма өзіңе басқа көзбен қарауға көмектесіп, артықшылықтарыңды көрсетеді.

*4. Өзіңе қандай жігіт керек екенін шамала*
 Саған керек жігітте ең бастысы қандай қасиеттер болу керек, қандай қасиеттерін сен көтере аласың, ал қандай жаман қасиетіне шыдай алмайсың, соны шешіп ал. Егер идеалыңды еш суреттей алмай жатсаң, бір қағаз алып үш графаға бөл. Өзіңе таныс қасиеттерді алып, тізімге сәйкесінше ретімен жаз. Басыңда әруақытта осы қасиеттерге ие адамның бейнесі жүрсін. Сонымен қатар, бұл қатып қалған тізім емес екенін ұмытпа, жағдайға байланысты өзгерістер енгізіп отыруыңа да болады.

*5. Стереотиптерден құтыл*
 Бірнеше этаптардан кейін “әдемі және бай” деген міндетті түрде “ақкөңіл, сені шексіз сүйетін және сенімді” болып шықпайтынын түсінесің. Мүмкін, сені шексіз бақытты ететін жігіт олигархтан гөрі есепшіге ұқсайтын шығар. Егер бұрынырақта аздап “шашы түскендер” сен үшін сұмдық нәрсе болса, бертін келе бұл процесс ерте ме, кеш пе көптеген еркектерді қамтитынын түсін. Өзіңнің сары немесе жұқа ерінді жігіттерге деген жеккөргіштігіңмен күресу үшін адамның сыртқы келбеті бойынша қандайына “жоқ” деп айта алатыныңды шешіп ал. Сондай бір жігіттің келбетін салып көр. Енді осы бір адам сені көлік апатынан құтқарып қалғанын немесе саған миллион раушан гүл сыйлағанын елестетіп көр. Сары жігіттерден бірінші “адамды” көруге тырыс, содан кейін ғана келбеті екенін ұмытпа.
[*толығырақ..massaget.kz/*][1]


  [1]: http://massaget.kz/bastangy/psihologiya/500
Белгісіз
+2 дауыс
[Арманыңдағы жігітке жолықтырар 16 қадам][1]


  [1]: http://www.massaget.kz/bastangy/psihologiya/500
127,804 сұрақ
322,402 жауап
153,153 пікір
72,838 қолданушы