+1 дауыс
11.7k көрілді

6 жауап

+1 дауыс
*«Мешкей деген жақсы ат емес»* *деп қазақ текке айтпаған. Бірақ бір қызығы ма, әлде бір таңғаларлығы ма, құбылған заман адамдардың құндылықтарға деген көзқарасын да құбылтып жібереді екен. Солайша кешегі жаман бүгін жақсы, немесе керісінше боп шыға келеді.*
+1 дауыс
Өзі тойса да - көзі тоймайтын адам. яғни, тамақ жей беретін адамды айтады
+1 дауыс
мен "мешкей" деген сөзді көбіне үлкендерден еститінмін.Әңгіме арасында былай айтып қалатын:*"Сабағыңды жақсы оқы,бұрында біздің кезімізде тентек балдарды,сабақ оқымайтын балдарды мектепте "мешкей" дейтін.Бұл жақсы ат емес.Сондықтан мектепте   сабақты жақсы оқы,тентек болма.*,-деген сөздерді еститінмін.Соған қарағанда бұрынғы кездері мектепте  нашар балаларға айтылған сөз сияқты:
+1 дауыс
орысша айтқанда абжора деген сөз ғой.
+1 дауыс
қомағай, өзі тойса да көзі тоймас, ысырапшыл, семіз, ашқарын, ашқарақ дегендерге синонимдес...
+1 дауыс
Мешкей көп тамақ жейтін, тойымсыз, қанағатсыз, қолына түскенді жей беретіндер емес пе? Мешкей, мешін шошқа тойымсыз, алдарындағыны не екен демей жей беретін арам жануар емес пе? Сол сияқты көп тамақ жейтіндерді айтады-ау мешкей деп.
...