+1 дауыс
11.9k көрілді
Жанар Айжанованың "Тобылғы сай" деген өлеңді тауып бере аласыздар ма?

2 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Тобылғы сай
Ауылым сен сұрасаң белсіз қайың-ай
Майысар қайың ағаш жел тұрғанда-ай.
Асылын қызды ауылдың не қылайын
Бұралып тал шыбықтай сен тұрғанда.

    Қайырмасы:
Ай! Жұлдызымсың
Нұрын шашқан-ай,
Әніңнен айналайын
Тобылғы сай.

Манаурап тау үстінен көрінеді-ай
Жүректен жыр толғайды көңіл кеші-ай.
Есіме сен түскенде беу қарағым-ай
Артады саған деген сағынышым.

    Қайырмасы:
мҮМКІН ОСЫ ӨЛЕҢ ШЫҒАР.
я осы өлең Бұл өлеңді қалай іздеуге болады интернеттен?
Бұл өлеңді мен google-ден іздедім, тобылғы сай деп жазыңыз сонда шыға келеді, 2шісін ашасыз сонда жазулы: Жанар Айжанова-тобылғы сай ойлан сұхбаты-kazakhsoft- осыны ашыңыз.suhbat.kazakhsoft.com  атты сайт, бірақ жүктеп ала алмайсыз
Белгісіз
+3 дауыс
Әннің сөзі:Мэлс Өзбековтікі - Тобылғы сай

Манаурап тау үстінен көрінсе ай,
Бір сезім тербетеді көңілді жай.
Ән кернеп, жас жанымды мазалайды,
Тартады мені өзіне Тобылғы сай.

А-ай, жұлдызымсың нұрын шашқан,
Әнімсің айналайын Тобылғы сай.

Сылдырап тау астынан ағады өзен,
Кеудемді кернеп менің барады өлең.
Ең алғаш бақыт таптым бір өзіңнен,
Құлағым сен дегенде қағады елең.

А-ай, жұлдызымсың нұрын шашқан,
Әнімсің айналайын Тобылғы сай.

Сайыңнан жұпар гүлін тергем талай,
Айғанмен қол ұстасып алтын арай,
Өзіңмен махаббатым шоқ боп жанған,
Айналдым, қуанышым - Тобылғы сай.

А-ай, жұлдызымсың нұрын шашқан,
Әнімсің айналайын Тобылғы сай.
рахмет көп көп !!!Жанар Айжанова мен Айжұлдыз  Ерболатқызының орындағаны керек ((
...