+1 дауыс
11.8k көрілді
Әр адам бір-бір ерекше жаратылыс иесі. Әр адамның өзіне тән ерекшелігі мен қасиеті бар. Соның бәрін ұштастырып өмірден өз орнымды қалай таба алмақпын деп ойланасыз ба?
Өмір сізге несімен қызық,несімен шыжық?
(Мүмкіндігінше толық жауап күтемін,бос сөздермен көбейтудің қажеті шамалы)

3 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Өмір бір кең арна секілді. Сол өзенде бәріміз шашырап жүргендейміз, ал өмірден өз орнымызды тапқанда сол өзеннен бөлек бір арна болып ағатын секілдіміз. Менің өзіме солай көрінеді. Өмірде өз орнымды тапқаным жоқ. Тек табарыма сенемін. Жақсылықтың боларына сенемін.
Барлық адам бақытты болу үшін жаратылған. Бәрінің де бақытты боларына сенемін.
Өмірім сенімімен қызықты. Жалғыз емес екенімді сезінуіммен қызықты. Әр бір таңның арайлар атарымен қызықты. Кей кезде сол бақыттың өзін сезіне алмай қалатын кездерім де аз емес.
*Бәріңіздіңде айтқандарыңыз маған қатты ұнады.Рахмет барынша толық әрі ашық айтқандарыңызға. Сіздің сенім туралы айтқаныңыз маған ерекше әсер етті. Әрқайсысыз ертеңгі күніміздің жақсы болатынына сеніп өмір сүрейік.*
0 дауыс
Алхамдуллях. Қандай орта болмасын әр тұлға өзінше бір орны болады. Мысалы отбасыңда сенің белгілі бір орның бар. біреуге қызмен тетсең (ата-ана, әже ата, көке т.б.) ал біреулерді жұмсап отырасың. Дәл солай қоғамдада, өмірдеде өз орны болады. Бірақ кейбір адамдар өз орның таппай, яғни сыйластық болмай көптеген қателікке ұщырап жатады. Қазіргі заманда өз орныңды табу үшің ақылды, көзі ашық, оқыған болу керек. Қандай жағдай болмасын біліммен жеңе аласың
+1 дауыс
Байқап отырм, "Орын табу" сөз тіркесін әркім әрқалай түсінеді екен...hәкім Абай айтқандай  "орын таппай баптанудың" қажеті шамалы.Түсінігімше:
 *Өмірде орныңды табу ~*
1) қоғамның мызғымас мүшесі болу; (Ол мүшелікке жалғызсырағандар / ішімдікке салынғандар /т.с.с. кірмейді-мысс ..)
2) Мақсатыңның болуы; "Мақсатсыз адам - Ормансыз бұлбұл" деуші ме еді)) _ _ Мақсатсыздық мәнсіз өмір сүруге жетелемек.
3) Жай ғана тіршілігіңмен айналысу. . . Жеңе білу, жеңіле білу, барлық эмоционалды күйді кешу, махаббат пен ғадауатты сезіну, не үшін дүниеге келгеніңді түсіну, парызыңды ұмытпау, "неге арналсаң соны істеу", қуану-жұбану, әрекет ету мен  қимылдау. . . <font color="green">МАҒЫНАЛЫ ӨМІР СҮРУ!</font>
<br>
Өмірдің қызығы мен шыжығы да осы өмір жолында пайда болатын ең.... ең..... дейтін сәттер. Саналы іс-әрекетіңе қарай ..........нәтиже.мезет.орындалған арман.шекті еңбегіңнің жемісі.
ИНш`Аллах, есім дұрыс (..деген үміттемін),  жаным бар, тәнім бар, он екі мүшем сау ....Ендігі күндері, айлары, жылдары өмірімді мәнді етпекпін. Сіздерге де соны тілеймін. Бес күндік дүниені неге 101 %-ға өткізбеске ?!! Аа??!!
<br>
...тағы айтарым, езулеріңізден күлкі кетпесін.Alik)
 -------------------------------
...