Бұл өмір жақсы мен жаманнан, ақ пен қарадан, қуаныш пен қайғыдан, сәттілік пен сәтсіздіктен, қуаныш пен қайғыдан тұрады. Бұл өмірдің заңы, басқалай болуы мүмкін емес. Өмір бірге сынақ ретінде берілген, әрине сәтсіздіктер болды өмірімде, оның барлығын өткінші деп қабылдап, алдағы уақытта барлық нәрсенің жақсы болатынына сендім. Түннен кейін міндетті түрде күннің шығатыны секілді, менің де сәтсіздіктерімнің бір күні аяқталатына сендім. "Құдай қиындықты көтеретін адамға ғана береді" деген сөзді жадымнан шығармадым. Барлық нәрсеге қанағат етіп, Алланың осы көрсеткен күніне шүкіршілік етейік. Өмірімізде кездескен кедергілерді сабырмен, үмітпен, сеніммен жеңуге болатынын бір сәт ойланып көрейік.