"Құз басындағы аңшының зары немесе ғасыр айырығындағы сырласу" кітабы

+1 дауыс
10.4k қаралым
Сәлеметсіздер ме кітап сүйер қауым! Шыңғыс Айтматов пен Мұхтар Шахановтың "Құз басындағы аңшының зары немесе ғасыр айырығындағы сырласу" деген кітабын оқығандарыңыз бар ма? Осы кітап жайында білгендеріңізді жазып, егер мүмкін болса осы кітапты оқи  алатын сайттың сілтемесін жіберсеңіздер. Алдын ала алғысымды білдіремін!
• Санаты: Кітап, Әдебиет | 10.4k қаралым

2 жауап

+1 дауыс
Жақсы жауап
Қырғыз бен қазақтан шыққан жан достардың сырласуы негізінде дүниеге келген рухани-философиялық кітап. Тоғыз түрлі шығармаға өзіндік пікірлерін білдіре отырып қаншама мəселелермен,адамзат баласын мазалаған небір ойларды бүкпесіз айтып,дəлелдер келтірген. Тарих толқынындағы жылнамалар мен шежірелерді қазіргі заман тынысымен салыстыра отырып жазған. Көтерілген мəселелер сан қилы болғанымен,бəрінің адамзат үшін алатын маңызы зор. КСРО-ның халық әртісі Махмуд Салмбаевтың "мұндай шығарма тудыру рухани-философиялық кеңістікте еркін қанат қаққан шебер қаламгердің ғана қолынан келсе,екіншіден,бұған қырғыз,қазақ халықтарының ғасырлар бойғы бауырмастығына терең тамыр жіберген. Екі дара тұлғаның бір-біріне деген мөлдір достығы екені даусыз" деген пікірмен еріксіз келісіп,тілге тиек етесің.

Тұрғанбек Бибіфатима

Жақсы жауап таңдалды
0 дауыс
Ғасырлар тоғысындағы әңгіме… Жалпы, астындағы аты кісінісе Аллаға тәубәсін айтып, «сен тимесең мен тимейтін» момын халықпыз ғой. Тұла бойымыз тұнып тұрған — толеранттылық! Барға — қанағат, жоққа — мезірет айтып отыратын ата — бабаларымыз, апа-әжелеріміз қолындағы бар нәрсесін өз балаларына қимай, қашан келетіні бір құдайға мәлім құдайы қонағына сақтап отыратыны — соның бір дәлелі. Ал мен оқыған "Құз басындағы аңшының зары" кітабы — екі бөлек әлемнің, яғни қазақтың қайсар ақыны — Мұхтар Шаханов пен қырғыз ағайынның ардақтысы, бүкіл әлем бас иген Шыңғыс Айтматовтың диалогынан тұрады. Оқуға кеңес беремін! Халқымыздың өткен өміріндегі көлеңке тұстарды әшкерелеп, тарихи оқиғаларға да анализ жасап отырады қос наркескен. Сол арқылы әңгімеден әңгіме өрбітіп, туған халықтарының күйін күйіттейді. Сәттілік достар! Оқып жатсаңыздар ойларыңызбен бөлісе отырарсыздар!

өңдеді

Ұқсас сұрақтар

127,938 сұрақ
322,808 жауап
153,161 пікір
72,926 қолданушы