+4 дауыс
953 көрілді
Менің сіздерден кеңес сұрап отырған себебім басым әбден қатып кетті отбасы болғанымызға 8 жыл болды, жағдайымыз өте жақсы, жұмысымыз да тұрақты бірақ, осыдан 4 жыл бұрын менің жолдасым меның жақын туысыма сөз салыпты, оны 1 жыл бұрын естідім, әпкем қарсы болып ұрсыпты, араларында ештеңе болмаған бірақ мен осы жағдайды естігелі бері өзімді өте бақытсыз сезінемін, ал жолдасым болса ағынан жарылып кешірім сұрады, ештеңе болмағанын айтып ақталады. Мәселе ештеңе болмағанында емес СЕЗІМ мен МАХАББАТТА емеспе? Ажырасып кетейін десем балаларымды ойлаймын, үндемей жүре берейін десем жолдасымнан көңілім қалды оның үстіне әпкемді көрген сайын есіме сол жағдай түсіп жүрегім одан сайын ауырады. Психолог маманнан өтінерім маған  дұрыс кеңес беруіңізді сұраймын.

6 жауап

+5 дауыс
 
Жақсы жауап
Негізі сізге қиын екен! Алдымен сұрап алмадыңыз ба Күйеуіңіздің сізге неге олай істегенін?  Мүмкін сізді сынаған да болар?! Мүмкін отау құрғандарыңызға екі ойлы болып осындай қадамға барған да болар..Біз білмейміз ғой, неліктен ондай әрекетке барғанын...Қазір, міне 8 жылдан асып түсіпті, сол жарыңыздың сезімі әлі де әпкеңізге ауып жүр деп ойлайсыз ба? Мүмкін емес, араларыңызда балаларыңыз бар екен, ажырасып балаларыңызды жетім өсірмексіз ба? Тым болмағанда, балаларыңыздың көз қуанышы болуы үшін, шыдаңыз, өзіңізді өзіңіз жеңуге тырысыңыз, өмір болған соң, адамның  "басы ауырып, балтыры сыздайтын" кездері болады. Жарыңызды кешіріңіз...; Алғашқы күндерден бір-бірінің қателіктерін кешіріп үйренбесе, ол нашар әдетке айналып кетуі мүмкін ғой, Мұндай нашар әдет\привычка ертең ұрпағыңыздың бойына жұғып кетуі де мүмкін. Негізі бір ескеретін ңәрсе, жарыңыздың қателігі ары қарай қайталанбағаны емес пе? Ал сол қателікті күн сайын жасап, күн сайын кешірім сұрай берсе өз құнын\қадірін жоғалтады. Қайталана берген қателік санасыздықты арсыздықты білдіреді. Ал ең дұрысы түсіністік пен бірін бірі қолдау арқылы қателіктердің алдын алу, кешірім сұрайтындай жағдайға жеткізбеу.
Жарыңызға да түсіністікпен қараңыз, жұмыста, тұрмыста әлдебір қиыншылықтарға ұшырап қалғаннан, жаны қиналғаннан, қыспаққа түскеннен, немесе сізден рухани моралбдық қолдау көрмегеннен осындай әрекетке бой алдырған болар...
Сондықтан да сізге кеңесім:Өмірлік қосағыңызға әрдайым тірек болып, қысылғанда ақыл беріп, қиындықты бірге көтеріп, дертіне шипа болуға тырысып, ойына оптимизм орнықтырып, көңіліне медеу, жанына жалау бола білсеңіз..Қолыңыздың күшімен де қолдау көрсете білсеңіз, сізге деген көңілі басқаға аумас пе еді?!
Жақсы жазыпсыз
Шын көңілмен жазған пікіріңізге алғыс айтамын! Сұрақтарыңызға жауап жазуға тырысайын. Неге олай істедің десем ол 3  жыл бұрын өтіп кетті ( мен бұл жағдайды 3 жылдан кейін естіп отырмын) мен өзім де ұмытып қалдым 1 минуттық әлсіздік шығар дейді, оның үстіне мен сөз салдым ол қарсы болды іс осымен бітті дейді . Менің кешіре алмай жүргенім басқа танымайтын адам болса маған кешіруге жеңілірек болармеді, меның жақын әпкем болып тұр ғой өмір бойы ол әпкемді көрген сайын есіме түсетіні жүрегіме батады...
Есіңізге түскенде не өзгереді дейсіз, ең бастысы сол кезде артық әркетке бармағаныңыз емес пе? Тем более 3 жыл өтіп кеткен  екен, сол ескі жараны қаза берсеңіз не болатынын білесіз бе? Есіңізге алып тұрғаныңыз жақсы ғой, бірақ ұшықтырмасаңыз болыпты да!!!
+2 дауыс
Айтқанга оңай істегенге қиын нәрсе ұмыту оңайға түспес сізге.
Мені түсінгеніңізге үлкен РАХМЕТ!!!
+4 дауыс
Төрт жыл өтіп кеткен оқиға ескі жара ғой,түрткілей берудің қажеті болмас. Осы уақытқа дейін шыдап келіп бұрқ ете қалуыңның басқа себебі болмаса ұмытқаның дұрыс шығар.
Әпкемді көрген сайын есіме сол жағдай түсіп жүрегім одан сайын ауырады себебі сол шығар.
+2 дауыс
Төзе біліңіз өзіңізді сүйетіндей етіңіз ең болмаса өз балаларыңыздың игілігі ұшін солай етіңіз/бірақ 1 рет барған қадамға 2рет бармауына кім кепіл/
бірақ 1 рет барған қадамға 2рет бармауына кім кепіл/- менің де ойымды осы сұрақ мазалайды...
Сынаңыз,ойланыңыз егерде сізді сүймесе сонша жалынып отбасын сақтап қалмас та еді ғой,әрі баларыңыз бар екен,қайта бақытты болуға тырысыңыз,мүмкіндік беріңіз
+3 дауыс
Кеше ғана болған шаруа емес кой. Кезінде ажыраспай, екеуіңізді "бірдеңе" ұстап қалған екен, енді шын көңіліңізбен кешіріп көріңіз. Адам баласы болғасын қателеседі. Бұл күнәні Алланың өзі кешіре алады,  біз кешіре алмайтындай, одан артық емес шығармыз.

P.S. "Әлсіз - кек алады, Әлді - кешіреді ал Бақытты адам - ұмытады"
"Әлсіз - кек алады, Әлді - кешіреді ал Бақытты адам - ұмытады" жақсы айтылған екен. РАХМЕТ!!!
0 дауыс
Әлемде тек Адам ата ғана Хауа Ананың көзіне шөп салмаған, себебі одан өзге әйел заты болмапты...
-
...