18 жастан асқан сон барып тапсыруға рақсат.
Ол үшін тек жеке куәлігіңізді апарсаңыз болғаны.
Қыз балаларға кеңес бермеген болар едім... Болашақ анасыз ғой, сіздің ағзаңыз өзі-ақ қан тазалап тұрады.
Және ең бастысы, қан тапсыру үшін сіздің гемоглобиніңіз жоғары болы керек, әйтпегенде сізден қан алмайды.
Қан тапсырған күні сабаққа/жұмысқа бармауыңызға құқылысыз, ол туралы заңда да жазылған.
Ақша жағы тапсырған мөлшеріңізге байланысты, плазма тапсырсаңыз 350 тг көлемінде аласыз + тәтті шай, печенье)))
Тұрақты донор болсаңыз айлық та беріледі, ол енді әжептәуір ақша болады.
Менің білгендерім осы, мен жаз - күз айларында тапсырып тұрамын, ал көктемде ағза әлсіреп жүргенде одан бетер әлсіретуге болмас...
Шым қаладан болсаңыз онда жыл бұрын үлкен ЧП болған, сондықтан қазір қатаң тәртіпте.