Қазіргі кезде қазақтың қара домалақ қыздарының әңгімесіне, мінезіне қарасам олардан қазаққа тән еш нәрсені көре алмаймын. Тағыда бүгін осыған куәгер болдым. Оқыйға былай болды екі қыз көшеде келе жатып соқтығысып қалды екеуі де ауыздарына келгенін айтып саудаласып, ұрссып тұр, тіпті қырылуға дейін жетті. Бұндай оқыйғаларға көптеп кездестім, тіпті мені бір қыз көзімше боқтап кетті не айтарымды білмей қалған кезімде болды. Әрине барлық қыздар дей алмаймын көпке топырақ шашуға болмайды. Осылай бола берсе енді бір 10 жылда адамның ойына кіріп-шықпайтын әрекеттер жасауыда мүмкін. Мен негізі қазақ қыздарының жаман сөз айтуы былай тұрсын, қазақша сөйлесіп тұрып арасында "тема, ок, супер, плотно, пока,привет" деген басқа сөздiктерді қолданғанына қарсымын және бұл МЕН ҚАЗАҚПЫН деген әрбір қыз үшін ұят нәрсе. Қазақтың қарапайым жалпақ тілімен жеткізгені дұрыс секілді. Сіздің пікіріңіз...