+3 дауыс
121k көрілді

Әлемнің 7 кереметі жайлы ақпарат керек еді суреттерімен қоса!

7. Родос алыбы

Мүсінші Харестің қолынан шыққан күн құдайы Гелиостың алып мүсіні – Родос аралында салынған теңдесі жоқ ескерткіштердің бірі. Родос тұрғындары Гелиосқа айрықша табынған. Күн құ-дайы Гелиос аралды өз қолымен теңіз түбінен алып шыққан деген де аңыз бар. Бұл мүсіннің әлемнің жеті кереметтерінің бірі ретінде саналуы тегін болмаса керек. Аралдың кіре берісінде орналасқан биіктігі 35 метр болатын мүсін құрылысы 12 жылға созылған. Мүсін негізінен балшық пен металлдан жасалған. Ал жоғары жағы қоламен көмкерілген. Мұндай алып мүсінді тұрғызуға шамамен 13 тонна қола мен 8 тонна темір пайдаланылған көрінеді. Зор ескерткіштің кереметтігі соншалық, алып мүсіннің екі аяғының арасынан үлкен желкенді кемелер еркін өтетін болған. Бар-жоғы 56 жыл «өмір сүрген» мүсін б.з.д. 220 жылы аралда болған қатты жер сілкінісі кезінде қирап қалды. 977 жылы Родос аралын жаулап алған арабтар алып мүсіннің қирандыларын бір бай көпеске сатып жібереді.

6. Зевс мүсіні

Әлемнің жеті кереметтерінің бірі – Зевс мүсіні Олимпия қаласының орталық алаңындағы Зевс ғибадатханасында болған. Оны әйгілі грек мүсіншісі Фидий піл сүйегі мен алтынды қиыстырып жасаған. Мүсіннің биіктігі 17 метр. Кейіпкердің бір қолында жеңіс құдайы Никаның шағын мүсіні, ал екінші қолында алтын мен піл сүйегінен жасалған қасиет-ті қыран бейнеленген ұзын балдақ бар. Құдайлардың құдайы Зевстің отырған орын-тағының арқасы мен аяғы піл сүйегінен жасалған әр алуан өрнектермен әдіптеліп қана қоймай, онда Олимп құдайларының бейнелері алтынмен безендіріліп салын-ған екен. Балдақтың төменгі жағында әйгілі суретші Панэн шығармалары мен билеп жүрген Никалар бейнеленген. Еденге қара көк элевсин тастары төселген. Піл сүйегін құрғап кетуден сақтау үшін зәйтүн майы құйылған арнайы су алабы салыныпты. Мүсінді көру үшін Грекияның түкпір-түкпірінен халық таңның атысы, күннің батысы ағылып келіп жататын болған. Сол заман жазушыларының айтуына қарағанда, Зевс мүсінін көрген жан жарасынан жазы-лып, дертіне шипа табады деген сенім болған.

Зевс мүсіні ІV ғасыршамасында Константинопольдағы орталық ипподромға көшіріліп, үлкенбір өрт кезінде жойылып кеткен деген жорамалбар.

5. Семирамиданың аспалы бағы

Тигр және Евфрат жарыса аққан қосөзен аңғарын жайлаған Месопотамия өз қойнауында талай кереметті жасырды. Тарихы бай Шумер мен Аккад мәдениетінің керемет туындысы – Вавилон патшасы Навуходоносордың (б.з.д. 605-562) сүйікті жары Семирамидаға арнап салдыр-ған аспалы бағы. Оның тарихы былай еді: кәмелетке толған Навуходоносор патша алыстағы тау елі – Мидияның ханшасы Шамурматқа (грекше Семирамида) құда түсіп үйленеді. Сүйікті жарымен бірге Вавилон шаһарына оралады. Бірақ көркіне ақы-лы сай ассириялық ханша сол елге келгелі бір жадырап күлмейді, ешкіммен сыр
ашып сөйлеспейді. Жатса-тұр-са елін, жерін аңсайды. Көк шалғын желектері мен хош иісті райхан гүлдерін, кәусар бұлақ суларын сағынады. Ал Вавилон шаһарында аңызақ жел мен аптап ыстықтан өзге ештеңе жоқ. Күндіз де ыстық, түнде де ыстық. «Қайткенде сүйіктімнің бабын табам» деп көп ойланған патша «туған жерін көз алдына келтірем» деп, айрықша әсем бақ салуды бұйырады. Сөйтіп, патша сарайының кең ауласында кірпіштен әсем террасалар орнатылады. Кірпіш үстіне жанартаудың лавасын құйып, оның үстіне қорғасын плиталар қояды, оған қоса құнарлы май то-пырақ төгіледі. Құнарлы то-пыраққа әлемдегі бар әдемі жасыл желекті отырғызады. Мыңдаған құлдар күн сайын төменнен жоғарыға су айдап, жасанды тоғандарды толтырады. Бақшаның беті солтүстік батысқа қарайды, күнбатыстан соққан самал жел Семирамида ханшайымның жабырқаған көңілін жадыратады…

Вавилонның құлдырауынан кейін сутасқыны бүкіл елді шайып кетеді. Кейіннен 1898 жылы Роберт Кольдевейдің қазба жұмыстарының нәти-жесінде аспалы бақтың қал-дықтары Ирактағы Хилла қа-ласынан табылады.

4. Александрия маягы

Фарос аралының шығысындағы Египеттің эллиндік орталығы Александрия қаласының маңында орналасқан. Қала атын әлемге танытқан Фарос маягы біздің заманы-мыздың III ғасырында салынды. Тұтастай мәрмәр тастан қашалған, асқан шеберлікпен қаланған маяктың биіктігі – 150 метр. Сол заманда бұдан биік құрылыс жоқ еді. Бүкіл грек әлеміндегі мұндай үлкен көлемдегі құрылыстың авторы – Книдтен шыққан Сострат. Мәрмәрдан соғыл-ған құрылыстың бір қабырға-сына ол: «Книдтен шыққан Дексифананың ұлы Сострат, бұл құрылысты теңізшілерді құтқарушы құдайларға арнадым», – деп ойып жазған. Оның үстіне саз балшықтың жұқа қабатымен патша Птоломей Состердің жорық жырынан үзінді келтірген. Уақыт өте келе сылағы түсіп қалған соң, ұлы инженердің аты белгілі болады. Маяк құрылысын салу кезінде Александрия ғалымдары ойлап тапқан құрылғылар пайдаланылған. 120 метрлік үш қабатты мұ-нараның төменгі қабаты төрт қырдан тұрады. Бұл төртеуі төрт бағытқа – батысқа, шығысқа, солтүстікке және оңтүстікке қараған. Екінші қабаттың сегіз қыры сегіз жақтан соққан жел бағыты-на ыңғайластырылған. Үшінші қабатта биіктігі жеті метр Посейдон мүсіні мен күмбез арасын жалғаған шырақ тұр. Металл айналардың күрделі жүйесі шамның шырағын ұлғайтып, жарқырата түседі. Бұл теңіз кеңістігін бақылауға мүмкіндік берді. Бұл ғажайып құрылыс ХIV ғасырға дейін сақталып келген.

3. Артемида ғибадатханасы

Ғибадатхана гректердің аңшылық құдайы болған.
Артемида құрметіне б.з.д. VII-VI ғасырларда Эфес жерінде салынған. Херсифрон атты сәулетші ғибадатхананы сол кездегі құрылыс әдістерінің бірі – ионика ордерінің стилімен тұрғыз-ған болатын. Құрылыстың сәтті шыққаны соншалық, Грекияның түкпір-түкпірінде осы ғибадатханаға стиль жағынан ұқсас құрылыстар да салына бастады. Алайда Артемида ғибадатханасының ғұмыры ұзаққа бармады. Біздің заманымызға дейінгі 356 жылдың 21 шілдесінде атаққа шөлдеген есер Герострат деген біреу түн ішінде ұрланып келіп, сәулетті сарайды өртеп жібереді. Аңыздар желісі бойынша, Ескендір Зұлқарнайын дәл осы ғибадатхана жалын құ-шағына оранған түні өмірге келеді. 25 жылдан кейін Ес-кендір патша ғибадатхананы қайта тұрғызуға әмір береді. Сәулетші Дейнократтың басқаруымен салынған жаңа құрылыс алғашқы ғибадатхананың жобасын сақтаған-мен, одан сәл биіктеу болатын. Ғибадатхананың ауданы 110х55 метр, құрылысты қоршап тұрған бағаналардың биіктігі (барлығы 127) 18 метр болған. Артемида сарайы мәрмәр тастармен әшекей-ленген. Әйгілі грек шеберлері құрылысқа белсенді түрде ат салысқан: бағаналарды безендіру жұмысымен Скопас айналысса, ғибадатхана ішіндегі картиналар Апеллес суретшінің қолынан шыққан. Қаладан қасиетті орынға қарай арнайы порт салынған. Бұл ғибадатхананың да ғұ-мыры ұзаққа барған жоқ. III ғасырда, дәлірек айтсақ, 263 жылы Кіші Азияға басып кірген гот тайпалары ғибадатхананы қиратып кетеді. 1869 жылы ағылшын археологы Дж.Т.Вуд жүргізген қазба жұмыстары кезінде ғибадатхана болған жерден тірек тақталар мен сарайға әкелінген біраз нәрселер табылған.

2. Галикарнас кесенесі

Кіші Азиядағы шағын қалалардың бірі Галикарнастың әкімі патша Карий Мавсол б.з.д. 351 жылы дүние салады. Патша мұрагерлері жер-жерлерден әйгілі құрылысшы, қолөнершілерді шақыртып, патшаның зиратын тұрғызады. Кесене салу ісінде шығыстың құрылыс стилі (көп қырлы пирамидалар) мен гректің ионикалық стилі байланыстырылған. Кесене екі қабаттан тұрады, биіктігі 40-45 метр. Ол тек биіктігімен емес, грек еліне белгілі Скопас, Леохар, Бриансид, Тимофей секілді әйгілі мүсіншілердің қолынан шыққан әр алуан мүсіндер арқылы көркемделуімен де ерекшеленеді. Мавзолей шамамен алғанда 1800 жыл сақталып келді. Ағылшын археологы Ч.Т.Ньютонның айтуынша, ХV ғасырда крестшілер мавзолейді бұзып, оның құрылыс материалдарын Эгей теңізінде қасиетті Петр сарайын (қазіргі Түркияның Бодрум қаласы) салуға пайдаланған.

Мавсол патша мен оның әйелі Артемисаның табыттары, мүсіндері және басқа дүниелері қазір Лондондағы Британ мұражайымен Ыстамбұлдың археологиялық мұражайында сақтаулы.

1. Мысыр пирамидалары

Жеті кереметтің ең ежелгісі де, әрі біздің бүгінгі дәуірімізге жеткені де – осы Мысыр пирамидалары. Пирамидалар Нілдің солтүстік батыс жағалауындағы сансыз қабірлер мен ғибадат-ханалар тұрғызылған өлілер қаласының үстіне салынды. Пирамидалардың ең көнесі – 5000 жыл бұрын тұрғызылған Джосер пирамидасы. Сәулетшісі ежелгі Египетте дәрігерлік, фило-софиялық және ғылыми еңбектерімен танылған Имхотеп атты шебер еді. Джосер пирамидасы – көп сатылы құрылыс. Сансыз басқыштар арқылы аспанға өрлей береді. Мұның идеясы перғауындардың жердегі қарапайым халықтан биік, құдіретті екенін бар әлем-ге паш ету еді. Қаншама қажырлы еңбек пен адам өмірі жұмсалған бұл құрылыс Хеопс, Хефрен және Микрен пирамидаларымен жалғасын тапты.

Көлемі жағынан ең үлкен пирамида – Хеопс пирамидасы. Бүкіл жиған-тергеніне көзінің тірісінде Хеопс перғауын 20 жыл ішінде осы пирамиданы салдырды. Биіктігі 147 метр, әр қырының ұзындығы 232 метр бұл құрылысқа 2,5-3 тонналық 2 миллион 300 мың тас блоктары қолданылды.

6 жауап

+5 дауыс
 
Жақсы жауап

1. Мысыр пирамидалары

Жеті кереметтің ең ежелгісі де, әрі біздің бүгінгі дәуірімізге жеткені де – осы Мысыр пирамидалары. Пирамидалар Нілдің солтүстік батыс жағалауындағы сансыз қабірлер мен ғибадат-ханалар тұрғызылған өлілер қаласының үстіне салынды. Пирамидалардың ең көнесі – 5000 жыл бұрын тұрғызылған Джосер пирамидасы. Сәулетшісі ежелгі Египетте дәрігерлік, фило-софиялық және ғылыми еңбектерімен танылған Имхотеп атты шебер еді. Джосер пирамидасы – көп сатылы құрылыс. Сансыз басқыштар арқылы аспанға өрлей береді. Мұның идеясы перғауындардың жердегі қарапайым халықтан биік, құдіретті екенін бар әлем-ге паш ету еді. Қаншама қажырлы еңбек пен адам өмірі жұмсалған бұл құрылыс Хеопс, Хефрен және Микрен пирамидаларымен жалғасын тапты.

Көлеміжағынанеңүлкенпирамида – Хеопспирамидасы. Бүкіл жиған-тергеніне көзінің тірісінде Хеопс перғауын 20 жыл ішінде осы пирамиданы салдырды. Биіктігі 147 метр, әр қырының ұзындығы 232 метр бұл құрылысқа 2,5-3 тонналық 2 миллион 300 мың тас блоктары қолданылды.

2. Галикарнас кесенесі

Кіші Азиядағы шағын қалалардың бірі Галикарнастың әкімі патша Карий Мавсол б.з.д. 351 жылы дүние салады. Патша мұрагерле-рі жер-жерлерден әйгілі құ-рылысшы, қолөнершілерді шақыртып, патшаның зиратын тұрғызады. Кесене салу ісінде шығыстың құрылыс стилі (көп қырлы пирамидалар) мен гректің ионикалық стилі байланыстырылған. Кесене екі қабаттан тұрады, биіктігі 40-45 метр. Ол тек биіктігімен емес, грек еліне белгілі Скопас, Леохар, Бриансид, Тимофей секілді әйгілі мүсіншілердің қолынан шыққан әр алуан мүсіндер арқылы көркемделуімен де ерекшеленеді. Мавзолей шамамен алғанда 1800 жыл сақталып келді. Ағылшын археологы Ч.Т.Ньютонның айтуынша, ХV ғасырда крестшілер мавзолейді бұзып, оның құрылыс материалдарын Эгей теңізінде қасиетті Петр сарайын (қазіргі Түр-кияның Бодрум қаласы) са-луға пайдаланған.

Мавсо лпатша мен оның әйелі Артемисаның табыттары, мүсіндері және басқа дүниелері қазір Лондондағы Британ мұражайымен Ыстамбұлдың археологиялық мұражайында сақтаулы.

3. Артемида ғибадатханасы

Ғибадатхана гректердің аңшылық құдайы болған.  Артемида құрметіне б.з.д. VII-VI ғасырларда Эфесжерін де салынған. Херсифрон атты сәулетші ғибадат-хананы сол кездегі құрылыс әдістерінің бірі – ионика ордерінің стилімен тұрғыз-ған болатын. Құрылыстың сәтті шыққаны соншалық, Грекияның түкпір-түкпірінде осы ғибадатханаға стиль жағынан ұқсас құрылыстар да салына бастады. Алайда Артемида ғибадатханасының ғұмыры ұзаққа бармады. Біздің заманымызға дейінгі 356 жылдың 21 шілдесінде атаққа шөлдеген есер Герострат деген біреу түн ішінде ұрланып келіп, сәулетті сарайды өртеп жібереді. Аңыздар желісі бойынша, Ескендір Зұлқарнайын дәл осы ғибадатхана жалын құ-шағына оранған түні өмірге келеді. 25 жылдан кейін Ес-кендір патша ғибадатхананы қайта тұрғызуға әмір береді. Сәулетші Дейнократтың басқаруымен салынған жаңа құрылыс алғашқы ғибадат-хананың жобасын сақтаған-мен, одан сәл биіктеу болатын. Ғибадатхананың ауданы 110х55 метр, құрылысты қоршап тұрған бағаналардың биіктігі (барлығы 127) 18 метр болған. Артемида сарайы мәрмәр тастармен әшекей-ленген. Әйгілі грек шеберлері құрылысқа белсенді түрде ат салысқан: бағаналарды безендіру жұмысымен Скопас айналысса, ғибадатхана ішіндегі картиналар Апеллес суретшінің қолынан шыққан. Қаладан қасиетті орынға қа-рай арнайы порт салынған. Бұл ғибадатхананың да ғұ-мыры ұзаққа барған жоқ. III ғасырда, дәлірек айтсақ, 263 жылы Кіші Азияға басып кірген гот тайпалары ғибадатхананы қиратып кетеді. 1869 жылы ағылшын археологы Дж.Т.Вуд жүргізген қазба жұмыстары кезінде ғибадатхана болған жерден тірек тақталар мен сарайға әкелінген біраз нәрселер табылған.

4. Александрия маягы

+1 дауыс

Галикарнас мавзолейі.

5.    Родос алыбы.
Родостықтарға Поликраттың шабуылы өтіп кеткесін өздерінің желеп, жебеушісі ретінде Гелистің мүсінін салуға пәпу жасады. Родостықтар өздері тұрақ еткен арал осы құдайдың тілегімен теңіз түбінен көтерілді дейтін.
Мүсінді қоюды ??? шәкірті, мүсінші Хареске тапсырды. Хорес Гелистің тұрған қалпын бейнелеуді ұсынады. Сол қолынан сусып төгілген жамылғының бір ұшы жерге тиіп, оң қолын маңдайына тигізген қалпы  қиырға күн сала қарау керек болды. 36 метрлік зор мүсінге иығына деңгейлес темір арқалықпен бекітілген үлкен үш тас бағана негіз болады. Бағаналардың түбі  мүсіннің екі аяғы мен жамылғы арқылы тұғырға орнатылады., ал иық және белмен деңгейлес тұстары көлденең діңгектермен ұстатылады. Бағандар мен діңгектердің сырты темір қаңқамен қоршалып, оның сыртына қапталған қола жапырақ кигізілген болады. Алып мүсін айлақтың жағасында ақ мәрмәрмен өрілген жасанды төбемен бірге көтеріледі. Он екі жыл бойы мүсінді ешкім көре алмайды. Өйткені мүсіннің қаңқасына кезекті қола жапырағы кигізілгенде, шеберлерге ыңғайлы болу үшін төңірегіне үйілген топырақ биіктетіліп отырған. Кейін бос топырақ алынғанда ғана родоятықтар өздерінің желеп-жебеуші құдайын көріп басындағы нұр шашқан ??? сұқтана қарайды.
Жарқыраған құдай мүсіні  Родосқа келе жатқан жолаушының көзіне қиырдан шалынатын. Кешікпей-ақ ол жөнінде небір алып-қашпа сөз бүкіл көне дүниені кезіп кетеді. Алайда жарты ғасыр өткенде Родосты аса күшті жер сілкінісі алып шығады. Осыдан «балшық аяқты алып мүсін» деп келетін мәтел қалған.
Родостықтар алып мүсінді тұрғызбақ болады. Осынау игі ниетті жүзеге асыруға көршілерінің де тілеулес болғаны мәлім.. Мысыр патшасы жүздеген Мысыр таланттары мен шеберлерін жібереді. Бірақ ештеңе өнбейді.

Алып мүсін келім-кетімді кісілер қызықтайтын аралдағы ең басты белгі болып айлақ жағалауында жата береді. Бағы тойған алыпты біздің заманымыздың I ғасырында үлкен Плений келіп көрген. Мүсіннің бас бармағныа ілеуде біреудің ғана құшағы жететіндігі Пленийді қайран қалдырған.

Жер құшып жатқан алып мүсінді тот басып аңызға айналады. Көз көргендердің әңгімесіне қарағанда оның үлкендігі тіптен зор болатын. Рим әдебиетіндегі аңыз бойынша, ол алғашқы да  айлақ  үстінен асқақтай көтеріліп  тұрғанда  үлкендігі  соншалық, қалаға  келетін кемелер оның екі аяғының  ортасынан өтеді екен дейді.
14
977 жылы ақшаға  мұқтаж болған араб билеушісі бір көпеске сатқанға дейін қақ бөлінген алып мүсін Родос аралында 1000 жыл жатады. Ал, көпес мүсінді қайта  балқыту үшін бірнеше бөлікке бөліп, таза қоланың өзін 900 түйемен әкетеді.  Родос алыбы.
15

6. Александрия маягі

Александр Македонский есімімен байланысып жатқан кереметтердің бірі – Александрия маягі. Александрияның ірге тасы біздің жыл санауымызға дейінгі 332 жылы Ракотис деп аталатын Мысыр қалашығының орнына қаланып, Нілдің атырауына жайыла салынған.

Александрия  аймағы дүние жүзіндегі ең бір халқы сапырылысқан, іскерлері көп мекен болғандықтан да қолайсыздау еді. Нілдің жойқын лай ағындыларынан пайда болатын құм қайрақ пен тас шөгінділерінің ортасынан жол тапқыш шебер лоцмандарға ұдайы зәру болатын. Ақыры теңіз жолының қауіпсіздігі үшін Александрия кірер ауыздағы Фарус аралынан маяк салуға шешім қабылданады. Біздің жыл санауымызға дейінгі 285 жылы арал мен құрлықтың арасына бөген салынады да архитектор Сострат Книдский іске кіріседі. Құрылыс жұмысы бар – жоғы 5 жылға созылады. Себебі: Александрия сол кезде дүние жүзіндегі ең озық техникалық орталық әрі ең бай қала болатын. Құрылысшыларға көмек көрсету үшін қыруар флот пен тас қопарушылар және мусейн академиясының жетістіктерін пайдаланады. Маяк биіктігі 120 метрлік, 3 қабатты мұнара секілденіп салынады. Оның шаршы іргесінің әр қабырғасы 30 метрден болады. Мұнараның 60 метрлік алғашқы қабаты тас-тақталардан қаланады. Одан әрі 40 метрлік 8 қырлы мұнараның әр қыры колонналармен бекітіліп, сырты мәрмәрмен қапталады. Үшінші қабатының мұнарасы колонналармен шеңбер жасай көтеріледі де, оның үстінде мәңгілік от лаулап, аса күрделі айналар жүйесі сәуле шашып тұрған. Бұл жүйе күмбезде жанған оттың жарығын күшейтіп, ол от 60 км жерден көрінетін болған.

Маяктың ғажаптығы соншалық, осындай құдіретті салғанда бір кездері ұмыт болмау деген ой шектелгенде, Сострат Книдскийдің өзі тәуекелге бел буып, Птолемейдің жарлығын аттаған. Сөйтіп Маяктың іргесіне «Книдтен шыққан Декстифонның ұлы Сострат теңізшілер үшін желеп-жебеуші құдайға арнады» - деп қашап жазады. Бұл жазудың үсті сылақпен жабылады да, сылақ үстіне Птолемей, Сотердің есімі ойып жазылады. Бұл қулықты істегенде Сострат сылақтың түсуіне өмірім жетеді-ау деп үміттенбеген, патша қаһарына ұшырармын-ау деп ойламаған. Состраттың жазуын Рим саяхатшылары көрген. Ол кезде маяк бүтін қалпында болатын, Рим империясы құлаған соң маяк та  төңірегіне жарық шашуын тоқтатты. Мұнан кейін 100 жылда әбден тозығы жетіп, үстіңгі мұнарасы құлайды, ал төменгі 16 қабатының қабырғалары ұзақ уақыт тұрып, XIV ғасырдағы жер сілкінісінің құрбаны болады. Көне маяктың қалдықтары кейін түрік бекінісін салуға пайдаланылады.

Александрия маягінің қайта салынған үлгісіне Нью-Йорктегі көкпен таласқан Эмпайр Стейтс Билдинг аздап ұқсайды. Маяк жағалауды бағдарлауға арналған мұнара шам: жол сілтеп, бағыт нұсқап тұрған жарық «маяк» деп аталады.

Александрия маягі

17

7. Олимпиадағы Зевс мүсіні

Олимпиадағы Зевс мүсіні – Еуропа құрлығындағы әлемнің жалғыз ғана кереметі. Зевстің Олимпиаға тікелей қатынасы болған. Бұл өңірдің әрбәр тұрғыны дәл осы жерде билікті балаларынан қызғанып, оларды тірілей жұтқысы келген қанішер Кронды туған ұлы Зевстің жеңгенін жақсы білетін. Әр халықтың қиял-ғажайып ертегілерінде мейірбан жанның ұшарасатыны сияқты, нәресте Зевске де бір қамқор тап болып аман қалады. Кронның әйелі Фея күйеуінің алдына Зевс деп, тас кесекті қойғанда Крон сол тасты жұтып жіберген. Сірә, Крон өз балаларын бітеудей жұтса керек.

Кейін Зевс ер жетіп, әкесін жеңгенде бұрынғы тірідй жұтылған бауырларының бәрін қайтадана құстырады. Сонда Зевс деп жұтқан ораулы тас та шыққан дейді.

Олимпия ойындары ішінара осы оқиға құрметіне өткізіліп, Зевске құрбандық шалынатын болған. Олимпиядаға ең басты ғибадатхана болатын. ФидийАфиныда туып -өскен. Б.з.б.. 500 жыл туылып,430 жылы ұайтыс болады. Ұлы ойшыл, ұлы суретші Фидий өнерде грек философиялық даналығының, грек рухының ең жоғары орнының мүддегері болды. Автор өзі жасаған бейнелерде адам мүмкіндігінен тыс ұлылықты бейнелей алған . Сондай ғаламат бейне, олимпия адамына арналған Зевстің 14 метрлік мүсіні пілдің сүйегі мен алтыннан жасалған. Бұл мүсін «Әлемнің жеті ғажабының» бірі саналған. Материалы синкретті (құранды) осынау мүсінді жасау үшін Фидий бірнеше жыл Олимпияда болады.

Зевс мүсіні тұрған ғибадатхананың  биіктігі 64 метр, ені 28 метр болса, бөлме ішінің биіктігі 20 метрге жуық. Залдың төрінде тақта отырған Зевстің басы төбеге жетіп тұрған. Кеуде жағы жалаңаш отырған Зевс ағаштан қашалған. Желеп-жебеушінің денесі әдемі қызғылт түсті піл сүйегімен қапталып, киімі алтын жапырақпен апталған. Бір қолында жеңіс құдай – Никаның алтын мүсіні, келесі қолымен биік аса таяққа сүйеніп отыр. Ендігі қалғаны – піл сүйегінен қашаған бедерлі суреттері бар құдайлардың алтын мүсіні орнатылған. Зевстің орындығын сипаттау ғана. Тақтың бүйірлерін Фидийдің туысы әрі көмекшісі  суретші Панэн дезендірген.

Кейін Византия императорлары мүсінді аса мұқияттылықпен Константинопольге алдыртады. Олар християн болғанымен, Зевске қол көтеруге ешқайсысының  батылы жетпейді. Аладйда, християн діні уағыздаушылардың қалауы бойынша пұтқа 18 табынушылардың бәсекелестерін күнәға тартып, жолдан тайған императорларды жазалап отырған ғой. Біздің заманымыздың V ғасырында император Феодосий II сарайы өртенеді. Сонда алып мүсінді от шалып, Фидийдің мұрасынан күйген сүйектер мен алтын балқымасы ғана қалады.

Әлемнің жетінші кереметі осылай құрылған.

Олимпиядағы Зевс мүсіні

19

IV. Сабақты қорытып, аяқтау.

Қазақ жері. Мыңдаған жылдар бұрын да қазіргі қазақ жерінде гүлденген қалалар, әсем сарайлар б

0 дауыс

Әлемнің жеті кереметі - біздің заманымызға дейін 3 ғасырда Ескендір Зұлқарнайн Кіші Азия, Орта Азия, Мысыр, Оңтүстік Үндістан территорияларын жаулап алып, ұлыимперия құрғаннан кейін, саяхатшыларды қызықтыру үшін осы өңірлердегі 7 орыннан таңдаған сәулет өнері ескерткіштері.

Әлемнің жеті кереметі

Олар:

Мысыр пирамидалары — ежелгі Мысыр перғауындарының өзіндік үлгідегі мазарлары, біздің заманымыздан бұрын 28 ғасырда салынған.
Бабылдың аспалы бағы, біздің заманымыздан бұрын 6 ғасырда Вавилония әмірі кіші әйеліне арнап жасаткан.Бақ ерекше тәсілмен аспалы текпішекті сәкі-алаңшалар үстіне салынған.
Эфестегі Артемида ғимараты, кезінде әлемдегі ең үлкен ғибадатхана болған. Біздің заманымыздан бұрын 4 ғасырда соғыс алапатынан қираған.
Олимпиадағы Зевстің мүсіні, біздің заманымыздан бұрын 5 ғасырда көне грек мүсіншісі Фидий алтын мен пілсүйегінен жасаған.
Галикарнастағы Мавсол патшаның табытханасы, біздің заманымыздан бұрын 4 ғасырда салынған.
Жерорта теңізінің Родос аралындағы күн кұдайы Гелиостың мүсіні, биіктігі 45 м. біздің заманымыздан бұрын 285 жылы жасалған, біздің заманымыздан бұрын 224 жылы жер сілкінісі кезінде қираған.
Александрия шамшырағы біздің заманымыздан бұрын 3 ғасырда жасалған, мұнарасының биіктігі 160 м

+1 дауыс

Олар:

Мысыр пирамидалары — ежелгі Мысыр перғауындарының өзіндік үлгідегі мазарлары, біздің заманымыздан бұрын 28 ғасырда салынған.
Бабылдың аспалы бағы, біздің заманымыздан бұрын 6 ғасырда Вавилония әмірі кіші әйеліне арнап жасаткан.Бақ ерекше тәсілмен аспалы текпішекті сәкі-алаңшалар үстіне салынған.
Эфестегі Артемида ғимараты, кезінде әлемдегі ең үлкен ғибадатхана болған. Біздің заманымыздан бұрын 4 ғасырда соғыс алапатынан қираған.
Олимпиадағы Зевстің мүсіні, біздің заманымыздан бұрын 5 ғасырда көне грек мүсіншісі Фидий алтын мен пілсүйегінен жасаған.
Галикарнастағы Мавсол патшаның табытханасы, біздің заманымыздан бұрын 4 ғасырда салынған.
Жерорта теңізінің Родос аралындағы күн кұдайы Гелиостың мүсіні, биіктігі 45 м. біздің заманымыздан бұрын 285 жылы жасалған, біздің заманымыздан бұрын 224 жылы жер сілкінісі кезінде қираған.
Александрия шамшырағы біздің заманымыздан бұрын 3 ғасырда жасалған, мұнарасының биіктігі 160 м.

Бұл алғашқы "Әлемнің жеті кереметіне", "Екінші 7 керемет", "Табиғаттың өзіндегі 7 керемет", "Қиял-ғажайып 7 керемет", т.б. "кереметтер" қосылып келеді.

0 дауыс
Оразеваа Алия

Мысыр пирамидалары,Бабылдың аспалы бағы,Артемедия ғимараты, Зевістің мүсүні ,Галикарнастағы Масвол патшаның табытханасы,Александрия шамшырағы.

Без комент.
0 дауыс
№1 Мысыр пирамидалары                                                                             №2 Зевс мүсіні                                                                                                 №3 Атемида ғибадатханасы                                                                            №4 Родос алабы                                                                                               №5 Галикарнас кесенесі                                                                                  №6 Александрия маягы                                                                                   №7 Вавилоның аспалы бағы
...