Достар марш екпінмен сапта айтылатын ән керек еді!

0 дауыс
1.1k қаралым
Егер болса сөзі мен әнін салып жібересіздер ме?Өте қажет еді!
• Санаты: Жалпы ән туралы

1 жауап

0 дауыс
Жақсы жауап
Атамекен әні сапта айтуға жақсы секілдіғой,Жасыл жайлау, түкті кілем, көк кілем,
 Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.
 Маңдайымнан сипап өткен самалды
 Қазағымның алақаны деп білем.

Қайырмасы:
 Қайда жүрсем атамекен,
 Көкейіңде жатады екен.
 Күннің өзі қимай оны
 Ұясына батады екен.

 Жасыл жайлау, түкті кілем, көк кілем,
 Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.
 Күннің нұрын, айдың аппақ сәулесін
 Қазағымның махаббаты деп білем.

Қайырмасы:

 Жасыл жайлау, түкті кілем, көк кілем,
 Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.
 Асқар тауын аспаныммен астасқан,
 Қазағымның мәртебесі деп білем.

Қайырмасы

Ұқсас сұрақтар

127,804 сұрақ
322,402 жауап
153,153 пікір
72,838 қолданушы