0 дауыс
29.5k көрілді
Назым деген есім қандай мағына береді?

11 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Назым - қазақтың ер жүрек батыр қыздарының бірі. Қабанбай батыр мен оның жары, қазақтың батыр қызы Гаухардан туған. Әкесімен бірге XVIII ғасырда қазақ-жоңғар соғысына қатысып, Отанын қорғаған. Назым қыз есімі жұртқа аңыз болып тараған, деп жазады massaget.kz. XVIII ғасырдың ортасына қарай (1745 ж.) жоңғар қонтайшысы Қалдан Серен өліп, жоңғарлардың өз ішінде тақ таласы басталады. Осы жағдайды ұтымды пайдаланған Абылай Түркістан мен Сыр бойындағы қалаларды азат етуді алдына мақсат етіп қояды. Абылай сол жорықтардың бірінде қазақ әскерлерін үш топқа бөледі. Оның бірінші тобын Қанжығалы Бөгенбай басқарады. Ол Созақ бекінісіне барып бекінуге тиіс болады. Екінші қолды Жәнібек батыр басқарады. Ол Сырдарияның төменгі сағасына қарай бет түзейді. Үшінші негізгі қолды Абылайдың өзі басқарады. Жоңғарлар тарапынан Қалдан Сереннің ортаншы ұлы, тақ мұрагері болған Цевен Доржы шығады. Ол өзінің ауыр қолымен Абылай әскерлерінен бұрын келіп, бекініп алады. Абылай Жаңақорғанды алуды Қабанбайға тапсырады. Зеңбірек оларға қарсы оқ жаудырып, жүздеген сарбаз қырылады. Амалсыз Абылайдың қолы кейін шегінеді. Қандай әрекет жасарын білмей абдырап тұрғанда, қазақ жасақтарының оң жақ тұсынан Цевен Доржы тұрған төбеге қарай басында үкілі кәмшат бөркі бар, ақ боз атты бір қыз бала «Қабанбай! Қабанбай!» деп ұран тастап, суырылып шығады. Қыздың қолында не найза, не сойылы жоқ, бар болғаны қамшы ғана. Мұны көрген қалың қол шыдай алмай лап қойып, «Абылай! Ақ жол! Қабанбай! Абылай!» деп айқайлап, зеңбірекшілердің түйесін таптап өтеді. Цевен Доржының қолын талқандап, жеңіспен оралған Абылай манағы қалмақтарға қарсы шауып, жеңіске жол салған қызды іздестіреді. Бұл Қабанбай батыр мен оның зайыбы, қазақтың батыр қызы Гаухардан туған жас Назым екен. Бүлдіршіндей қыздың осыншама ерлігіне дән риза болған Абылай беліндегі сом алтыннан соғылған белбеуін шешіп, қызға сыйлапты. Абылайдың жоңғарларды толық талқандауына жол салған жеңісі сол Назымның атымен байланысты болған.

Менин де атым Назым
0 дауыс
Ерке қызым деген  мағынаны білдіретін шығар!
0 дауыс
Назым аспанда ең биікке қалықтап ұшатын бүркіттің түрі.Сол бүркіт сияқты тек биіктен көрініп,атақ-абыройы асқақтай берсін деген сөзді білдіреді.Менің де атым Назым.
0 дауыс
Назым деген ат ерке деген мағынаны білдіреді.Менің атымда Назым.
0 дауыс
НАЗЫМ– кісі есімдері туралы ғылым бойынша бұл есім иврит тілінен тараған. Сондай-ақ оның латын тілінен шыққаны туралы да болжамдар бар. Оның мағынасы «сүйікті», «етене жақын» дегенді білдіреді екен. Тарихта бұл есімнің даңқты және ықпалды әйел адамдарға қойылғаны белгілі. Ономастикалық зерттеулерде Назым есімдері «сәби әділ, турашыл болсын деген ниеттен туған» деп жазылады.
0 дауыс
Менин алтын кызымнын аты НАЗЫМ!Жаным акылды текти кыз болып оседи деген ниетпен атасы койды.
0 дауыс
16Назым деген есім сүйікті деген мағынаны білдіреді.Меніңде атым Назым
0 дауыс

Назым  ерке назды болсын деген мағынада қойылатын есім

0 дауыс

Назым           Тым  жуасblush    Білген  Жасырады   Достары   санаулы

0 дауыс
Назым♥— өте қырсық қыз,үйіндегі ең ерке қыз,олар өте сүйкімді , махабатқа адал, бөтен ортамен тез араласып кетте алмайды, көп сөйлемейді,  өте ақылды , оған прияма бас кетеді ғой
0 дауыс
Назым деген есім араб тілінен аударғанда "сатылмайтын" дегенді білдіреді.Және назды болсын, сұлу болсын депті.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
+2 дауыс
3 жауап
...